Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Мұсаходжаева Айман

Тоқтар Әубәкіров

Байтоқанова Алтынай

Римова Бекен

Бұқар жырау

Виктор Наумович Пуриц

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ

Рымбаева Роза

Асқаров Асанбай Асқарұлы

Соловьева Айгүл Сағадибекқызы

Жұмабаев Мағжан

Статьи.

ТҰРАН ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТҮЛЕГІ

ТҰРАН ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТҮЛЕГІ

Қазыналы Қаратаудың күңгейінен өріс алып, батысқа қарай созыла түскен кең жазира жазық дала бар. Бұл дала ежелгі Ұлы Жібек жолы жүріп өткен, шартараптан ағылған керуен жолдары түйіскен, тоғыз жол торабы тоғысқан ғасырлар тарихының қазынасы- қасиетті Төрткүл өңірі. Қаратау сілемдерінен бастау алған Нұра өзенінің бойында Табиғат-Жаратушы шеберлікпен жасаған киелі Қарабас жотасы, Жеті төбе заман тарихына, Шыңғысханның шапқыншылығына, Ақсақ Темірдің жорығына, Жоңғарлардың салған сойқанына куә болып, алыстан мұнартады.

Осы өңірде аты аңызға айналған, қазақ елін әлемге танытқан ғұлама ғалым, ғылым әлеміндегі жапырағы жайқалған бәйтерек Әл-Фараби туып өскен.

Әл-Фарабидің салған  сара жолын жалғастырушы, Қазақстандағы тарих ғылымдарының шырағданы, көрнекті ғалым, қоғам, мемлекет және партия қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаев қасиетті Төрткүлдің киелі  топырағында 1921 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында дүниеге келді.

Бұл кезең кеңес үкіметі жаңа орнап, қылышынан қан тамып тұрған уақыт болатын. Жаңа өкімет,әсіресе, қазақ ауылдарына, оның бұрыннан қалыптасып қалған күнделікті өміріне тура келмегені белгілі. Момын шаруа жайын баққан қазақтар арсын-гүрсін билікке көндіге алмай   азапты күндерді бастарынан кешіруге тура келді.

Сондай қазақы отбасының бірі - Төрткүл өңірін қоныс еткен менің атам Төлепбайдың әулеті болатын, - дейді Бәйдібек аға. Елде барлық шаруалардың тіршілігі күйреп, елді ашаршылық жайлады. Соған қарамастан мен білім меңгеруге құштар болдым. Сосын Ташкентте тұратын апайларым Қанткүл мен Аманкүлдің қолдарында тұрып оқыдым.

Бәйдібек аға 1936 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің жұмысшы факультетіне түсіп оқиды. Бірақ бұл оқу орны жабылып қап, Ташкент педагогикалық училищесіне ауысып, оны 1939 жылы бітірп шығады да Шаян (қазіргі Бәйдібек) ауданына келіп мұғалім болып орналасады.Сол жылы Қызыл армия қатарына шақырылуына байланысты ұзақ істей алмапты. Содан 1945 жылдың қазан айына дейін армия қатарында жүріп, Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысады. Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік,Кавказ, Карель майдандарының құрамында ерлік жолдарымен жүріп өтеді. Сан ерліктер көрсетіп, бірнеше жауынгерлік наградаларға ие болады. Екі рет ауыр жараланса да, майдан шебін тастамай, жаудың жеңілуіне өз үлесін қосты.

Әскер қатарынан босатылған соң, Бәйдібек  аға үзіліп қалған оқуын жалғастырады. Әрі Ташкент қаласындағы №4 кәсіптік білім беретін училищеде алғашқы кезде мұғалім, кейін директордың орынбасары болып істейді.

Майдангер аға Бәйдібек 1947 жылы Өзбекстан компартиясы жанындағы партия мектебіне оқуға түсіп, оны және онымен қабат Низами  атындағы институтта оқып, екуін де үздік бітіреді. Сөйтіп, бойында өте жоғары қабілетін көпке таныта білген Бәйдібек ағаны Өзбекстан КП комитеті өз аппаратына қызметке алады. Осында Бәйдібек аға насихат және үгіт бөлімінің орынбасары сияқты лауазымды қызметтерді он бір жылдан астам абыроймен мінсіз атқарады.

Осындай жауапты қызметтерді атқара жүріп, ғылыммен айналысады. Сөйтіп, Өзбекстан КП ОК жанындағы партия мектебінде кандидаттық, ал 1967 жылы КОКПОК-ның ұйымдық партиялық жұмыс бөлімінің жауапты қызметкері болып жүргенде докторлық диссертациясын қорғайды.

Бәйдібек аға 1973 жылы Қазақстанға ауысып, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін 1975 жылға дейін атқарып, 1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланды.

1981 жылы оған профессор ғылыми атағы берілді. Сол жылы КСРО Ғылым академиясының (қазіргі Ресей Ғылым академиясының) корреспондент-мүшесі, 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті болып сайланды. 1978 жылы оның ұсынысымен Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында Қазақстанның тарихнамасы құрылып, оған өзі басшылық жасады. Сосын 1982-1984 жылдар аралығында институттың өзін басқарды. 1985 жылдан Қазақстан КПОК жанындағы партия институтының директоры болды.

Бәйдібек аға - қандай қызметте істемесін еңбек пен ғылымды ұштастыра жүргізген үлкен жүректі, ғұлама ғалым.  Әрі ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін қоғамдық жұмыстармен тамаша  үйлестіре білетін кадр. Санамалап отырсаңыз, республикалық жоғары деңгейде ол мүше болмаған қоғамдық жұмыс аз сияқты. Қазақстанның «Білім» қоғамын он бес жыл басқарыпты.

Бәйдібек аға Қазақстанда тарих ғылымының дамуы мен жас ғалымдарды  дайындауда көп жұмыс атқарды. Оның жетекшілігімен ғылым докторы, оннан астам ғылым кандидаттары дайындалды. Әрі өзі халықаралық конференцияларға қатысып баяндамалар жасады. Делегатциялар құрамдарына еніп, бірнеше рет шет елдерде  болды. 200-ден аса ғылыми еңбектер жазды. Орта Азиялық мемлекеттері : Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан және Түркіменстан халықтарының тарихы туралы 10 монографиясы бар. Бес томдық «Қазақ КСР тарихы. Көне дәуірден бүгінге дейін» деген көлемді еңбектің авторы.

Академик Б.Төлепбаев пен К.Төлепбаеваның  «Д.А. Қонаев - көрнекті мемлекет және саяси қайраткер» деген еңбектерінде Д.А.Қонаевтың еңбектерін мұрағаттар арқылы терең зерттеп, қолда бар деректерді талдап, Қонаев басқарған 50 жыл барысында Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік жағдайында болған үлкен өзгерістерді айқын көрсеткен. Бұл Д.А.Қонаевтың  елге сіңірген еңбегін алғаш көрсете алған еңбек болып табылатыны сөзсіз. «Нағыз тарихшы,-дейді ол,-өзінің зерттеулері мен тарихи мәліметтер мен құбылыстарды түсіндіргенде ең алдымен  мұрағат мәліметтері мен сыннан өткен деректерге жүгінуі тиіс.  Біріншіден,  шынайы фактілерге, екіншіден, қазіргі саясат пен саясатшылардың қысымына қарамастан тек шындықты жазу және айтуы қажет» деп атап көрсетеді. Айтса айтқандай, өмірінің көбісін тарихи зерттеумен  өткізіп келе жатқан ғалым өз пікірінен ауытқып көрген емес. Ғылыми тұжырымдары дәлдігімен кімді болса да таңғалдыра алады.

Ағаның соғыста көрсеткен ерліктері мен бейбіт еңбекте атқарған ерен еңбектері мемлекет тарапынан әр кез жоғары бағасын алуда. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», екі рет Ұлы Отан соғысының I-дәрежелі ордендерімен, РСФСР, Өзбекстан Жоғарғы Кеңестерінің грамоталарымен марапатталған. 1962 жылы Бәйдібек ағаға «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілген. 1979 жылы Бүкілодақтық «Білім» қоғамының Вавилов атындағы естелік медалімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының үлкен алтын медалімен марапатталды.

Қазір Бәйдібек аға тарихи тақырыптарға үнемі лекциялар оқудан жалығып көрген емес. Ағаның балалары мен немерелері де оның жолымен жүріп, ғылыммен айналысуда. Яғни, оның балалары мен немерелері өз жолын жалғастыруда.

Қысқасы, Төрткүл топырағынан түлеп ұшқан, қарапайым отбасынан шыққан Бәйдібек аға- қазір бүкіл қазақ баласының бетке ұстар тұлғаларының бірі. Бар өмірін ғылым жолына арнаған ғалым. Осыншама жас жасап, халқының игілігіне осыншама еңбек сіңірген тұлғаны қалай ардақтасақ та орынды. Өйткені, Бәйдібек аға мұндай мадақ пен марапатқа лайық, өскелең ұрпаққа үлгі тұтып отырсақ орынды. Ұлағатты тірлік болары сөзсіз.

КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, тарих ғылымдарының докторы, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаев тоқсанға таянған шағында 2011 жылы 16 маусым күні дүниеден озды.

Қазақстан ғылымы, оның ішінде тарих ғылымы орыны толмас қазаға ұшырады.

17 маусым күні сағат 10.00-де ҚР Ғылым академиясының ғимаратында марқұммен қоштасу сәті басталысымен көрнекті ғалымдар, жоғары оқу орындарының, ғылыми институттардың басшылары мен қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғындарының ағымы бір сәтке толастаған жоқ.

Қаралы митингіні Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, академик Мұрат Жұрынұлы Жұрынов ашып, сөз сөйледі.

Қаралы митингіде белгілі ғалымдар К.Нәрібаев, М.Асылбеков, Х.Әбжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ғалым К.Бурханов және ағайын-туыстары атынан Оңтүстік Қазақстан облысының Д.А.Қонаев атындағы қоғамдық қорының президенті А.Ойшиев сөз сөйледі.

Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаевтың отан алдындағы ерен еңбегі мен жарқын бейнесі халқымыздың мәңгі есінде сақталады

Бәйдібек ағаға.

Жазылған жылнаманың беттерінде,

Орныққан жібек жолы өткелінде.

Төрткүлде дүние есігін ашты сәби,

Қазыналы Қаратау бөктерінде.

Заңы бар жазылмаған даламыздың,

Төрінен орын алған санамыздың.

Елінің біртуары болса екен деп,

Қойды есімін Бәйдібек бабамыздың.

Байқатты бала жастан зеректігін,

Ұғынды терең білім керектігін.

Беттеді Ташкентке оқу іздеп,

Демеу етіп табиғи өжеттігін.

Оқуын бастады алғаш «рабфактан»

Қуаныш, бақыт бар ма мұнан асқан.

Оқуды еңбек пенен ұштастырды,

Алатын жәрдем жоқ қой. басқа жақтан

Қалды артта балалық шақ, бала ұғым,

Меңгерді ұстаз болу мамандығын.

Алынды көп ұзамай армияға,

Қорғауға ел-жұртының амандығын.

Еліме ораламын деген шақта,

Оранды Отан-ана жалынды отқа.

Тұтанып соғыс өрті тұтқиылдан,

Мінуге тура келді «ереуіл» атқа.

Қирата қала, ауылды салып бүлік,

Ентеледі жау алға, ішке кіріп.

Ата жаумен айқасқан Бәйдекең,

Аттанды «тачанканы» ерттеп мініп.

Мәскеуді өрт шарпыған сол бір тұста,

Шайқасты «бронды пойыз» қорғаныста.

Кездесу Антонина бойжеткенмен,

Әрі ыстық, әрі ұмтылмас,  болды қысқа.

«Мен сендік» деген сөзі Тоняның,

Мазалап жүрді ағаның әр кез ойын.

Майданнан қайтар жолда , отау құрып,

Тойлады кішігірім неке тойын.

Қажымай қуалады білім жолын,

Еңбекпен ұштастыра, тауып орын.

Бітіріп институт, партмектебін,

Қолына алды үздік дипломын.

Еңбекте, еңбек етті топтан озып,

Көп көрген қиындықтың орны толып.

Сайланды член-коор боп Орталықтан,

Атақты үш ғалымның бірі болып.

Атанып тарих ғылым «шырағданы»

Дарын ғой екі жүз еңбек шығарғаны.

Бір төбе «Центральный» комитетте,

Он үш жыл қызмет етіп тұра алғаны.

Бір қалыпта нанымы, сенімі де,

Қаны қас көтерме сөз көпірікке.

Ұстанған жолын әділ, адалдықтың,

Жаны қас алаяқтық, өтірікке.

«Жақсы менен ғалымның» аты өлмейді...»

Қастерлемей еңбегі өтелмейді.

Дүниеге бір-ақ келер ғұламаны,

Биікке елім неге көтермейді.

Мәдіхан Омарұлы

Пікірлер

.22.08.11 14:20

Маган макала унады, елимизде осындай ардакты тулгалар кобейе берсин

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: