Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , <a >xanax online</a>  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
<a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
<a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a>  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Әбілқайыр хан

Абылай хан

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Утин Мекеш Жұмабекұлы

Ғабжалилов Хайролла Мағауияұлы

Өмірзақова Әмина

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Римова Бекен

Қабышұлы Ғаббас

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұл

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Статьи.

Талант

Сол бір әннен

Мен ғажап күйді ұғындым,

Ұмыттым да күйбеңін қилы күннің.

Қайталанбас әрлі әуен, асыл әуен –

“Бұлбұлы” Бибігүлдің!

Бибігүл – ән!

Оятқанда ол бұралып тымық таңды,

Кеуделерде көз ілген үміт жанды.

Нұр дидары – жүректе,

Құлақтарда

Сазды әуен тұрып қалды.

Мектепте оқып жүрген кезімде біздің үйде “Родина” деп аталатын радиоқабыл­дағыш болып еді. Оны қаладан ағам әкел­ген. Үлкен жәшік. Өзі әдемі, кәдімгі сан­дық секілді. Кеңес одағының түкпір-түк­пірінен хабар тыңдаймыз. Әсіресе сол кездегі Қазақ елінің астанасы Алматыдан берілетін хабарларды тыңдағанда радиоқа­былдағыштың дауысын қаттырақ шығарып қоямын. Онда жиі-жиі ән-күйлер беріледі. Астанадан ғана емес, тіпті облыс орталы­ғынан жырақта жатқан біздің шағын ауылда бұл ғажайып “сандықша” сол за­ман­ның үлкен жаңалығындай еді. Мұндай радиоқабылдағыш тек біздің үйде ғана болғаны ауылдағы құрбы-құрдастарымның алдында менің беделімді едәуір көтеріп тастады. Көрші үйлердің балалары кешке қарай жасқана басып біздің босағадан аттап, радио тыңдау үшін қатарласа оты­рады. Ән тыңдаймыз. Көптеген әншілер­дің арасында ерекше сыңғырлаған үн естілсе, ана жақта, қазан-ошақ маңында, жүрген анам:

– Мынау Бибігүл ғой, дауысын қаттырақ шығаршы, – дейтін.

Кейін, ұмытпасам, “Қазақстан әйел­дері” журналынан бір керемет әдемі фото­сурет көрдім. Екі жас әйел аласа шағын үстелдің жанында бір-біріне күлімсірей қарап, шай не кофе ішіп отыр. Екеуі де сұлу. Мен жас күнімнен сұлулықты жақсы көремін. “Суретші Гүлфайруз Исмайы­лова, әнші Бибігүл Төлегенова” деген жазуды оқыдым. Оқыдым да, сол суретті қиып алып, өзімнің фотоальбомымның бір бетіне әдемілеп тұрып желімдеп қойдым. Анам жақсы көретін, күмістей сыңғыр­лаған үні естіле қалса, жасөспірім біздер де тамсанып тыңдайтын әнші Бибігүлмен осылай “таныстым”.

Өнер адамдарының, ақын-жазушылар­дың басқа жұрттан ерекшелігі – оларды теледидардан көріп, естіп жүрген адамдар кә­дім­гідей жақын көріп, іш тартып өзім­сінеді. Менің өзім де кішкентай күнімде анамның қойнында жатып, неше түрлі ертегі, дастандарды тыңдап өскенмін. Олардың ішінде Мұхаммед пайғамбар туралы әңгімелер болатын. Анамның әңгі­мелері арқылы пайғамбарымызды жақсы көріп кеткенім сондай, оны тіпті біздің туысымыз, осы Манаш ауылының кісісі деп қабылдайтынмын.

Бибігүлдің әндерін радиодан, теледи­дардан естіген сайын альбомымдағы фотосуретіне сүйсіне қарап қоятынмын және оны да біздің ауылдан шыққан атақты әнші деп іштей мақтанатынмын.

Бертін келе “Бибігүл-ән” деген арнау-топтама жырымды да өзімен танысып дидарласпай тұрып жазғанмын.

Кейін Алматыда өтіп жататын әдебиет, өнер жайлы жиындарда көріп, кездесіп, жай сәлемдесіп жүрдік. Бибігүл туралы жазылған мақалалар көзіме түссе, жібер­мей оқимын.

Еркеғали ағамыз еліміздің Мәдениет министрі болып жүргенде мені қабыл­дауы­на шақырды. Биліктілердің алдына баруды жақтырмайтын әдетім бар. Себебі, бірдеңе сұрай келді деген пиғылмен бе, әйтеуір бірқатары тұмсығын көтеріп, орақ­тың жүзіндей жұқалтаң журналдың ре­дакторы маған менсінбей, мүсіркеп қара­ғандары жыныма тиеді. Ераға менің өлең­дерімді оқитынын айтып, өте жылы қабылдады.

– Қытайда біздің бауырларымыз көп қой, білетін шығарсың? – деді министр ағамыз.

– Естуім бар. Бірақ барып көрген емеспін.

– Біз Құрманғазы атындағы ұлт аспап­тар оркестрін Үрімші жаққа жолсапарға жібергелі отырмыз. Бір аптаға. Сен де барып қайтсайшы, ол жақтың ақын-жазу­шыға деген ықылас-ынтасы тіпті бөлек. Сенің өлеңдеріңді жатқа соғатын оқырман бауыр­ларыңның көп екенін білемін. Бибігүл екеуіңді делегацияға қосып отырмын.

Министрлердің, хатшылардың көбі қабылдауына сұрана қалсаң, көмекшілері мен қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыздар ұзын арқау, кең тұсаумен “жиналыста, үкіметте” немесе анда кетті, мында кетті деп шығарып салатын заманда Еркеғали ағамыздың мына ұсынысы қайран қалдыр­ды. Билік тұғырында отырған мәр­тебелі басшылар тарапынан осымен екінші рет мұндай жаймашуақ мінез көріп отырмын. Осыдан екі-үш жыл бұрын Министрлер кеңесіне төраға болып келген Нұрсұлтан Назар­баев қабылдауына мен сұран­бай-ақ, өзі шақыртып, өнер, әдебиет жайлы, ұлт жайлы әңгімелесіп еді.

Сонымен Бибігүл әншімен сапарлас болудың, жақын танысып-білісудің реті осылай басталған болатын.

Қарапайым жұртшылық ел алдында кө­рініп жүрген атышулы әнші, биші, бол­маса, ақын-жазушыларды рахат өмір сүріп жүр, қайғы-қасірет, мұң-мұқтажы жоқ деп ойлайды. Биік шыңның басына жету қандай қиын болса, өнердің шырқау шыңы­на жетудің жолы да сондай шытыр­­ман екенін жұрттың бәрі біле бермейді.

Бибігүл де ә дегеннен “Қазақтың бұлбұлы” атанған жоқ.

…Семей аймағында Абыралы деген атақты аудан болған. Халқымыздың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын талай азамат­­тарды өмірге әкеліп, ар-намыс, кісітану секілді қасиеттерді бойларына сіңірген Абыралының киелі топырағы аждаһаның аузына түскен ақбөкендей атом бомбысы­ның от-жалынына өртеніп тынды. Қозы Көрпеш-Баян сұлу дастанын жырлаған Жанақ ақын, күйлерін тыңдасаң, жүрегің кеудеңе сыймай, алқымыңа тығылатын атақты Тәттімбет, Еуропа төрінде “Ағаш аяқты” аспандатқан әнші Әміре, талғамы терең, көптің қолпашына қол соға бермей­тін, қандай ортада да тек әділін айтатын ғалым Рымғали… Міне, осындай жампоз­дарды туғызған топырақта Бибігүлдің әкесі Ахмет те дүние есігін ашып, сол кездегі ғылым мен мәдениеттің ошағы Семейде білім алған. Кейін Алматыдағы екі жыл­дық курсты бітіріп, елге оралғанда музыка мектебінде оқымаса да, скрипкада ойнай­тын өнері бар, өзі жарқылдаған әзілқой, әрі сұлу жігіттің жанары Майнұр атты татар қызына түсті де, көзден таса қылса, қолды болып кететіндей көрінді. Өзі әнші екен. Жүректері жарасып, шаңырақ көтерді.

Ол кезде Семейде татарлар, казакорыс­тар көп. Зерек Ахмет татар, орыс тілдерін жетік меңгеріп алды. Тұңғыш перзенттері Бибінұрдың, одан кейінгі Бибігүлдің тіл­дері орысша шықты. Кешкілік Ахмет пен Майнұрдың отауын орыс, татар, қазақ ән­дері­­нің әуені кернеп, көршілер қызыға тың­­дайтын. Ахмет скрипка тартып, Май­нұр ән салады. Өнер десе ішкен астарын жер­ге қоятын ата-ана қыздарын да жас­тайынан ойынға емес, өнерге баулыды. Әкесі сүй­кімді қызы Бибігүлді шағын орын­­дықтың үстіне тұрғызып, ән салғызатын.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дегендей, Бибігүлдің әнге деген ықылас-ынтасы осылайша сәби шағынан оянып еді.

Оқыған ойлы азамат Ахмет Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауда­нына партия комитетінің екінші хатшысы етіп жіберілді. Ол жылдары біреулердің пікірімен, жаламен адам тағдыры шешіліп, “халық жауы” деген айдармен құрбан бол­ғандар ұлттың қаймақтары еді. Солардың бірі жазықсыздан жазықсыз жалғыз оқтан жан тапсырған Ахмет Тілукенов болатын. Халық жауының бала-шағасына дейін кеңес өкіметінің дұшпаны деген идеология Ахметтің ұрпақтарын фамилиясын өзгертіп, Төлегенов болуға мәжбүр етті.

Осы оқиғаның бәрі бүлдіршін Бибі­гүлдің ой-санасын ерте есейтті, шиеттей бала-шағаны асырап-сақтау Майнұр анаға оңайға түспеді. Ананың бейнетті тірлігін көрген Бибігүл Семей ет комбинатының консервілеу цехына жұмысшы болып кірді. Болашақ әншінің еңбек өмірбаяны да, үлкен өнерге жолдамасы да осы жерден бастау алған.

Ол жылдары көркемөнер үйірмелеріне үлкен мән берілетін. Жұмысшы, мұғалім, дәрігер, малшы секілді әртүрлі салада еңбек ететін өнерлі жастар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысатын. Семей қаласының комсомол комитеті ұйым­­­дастырған осындай бір шарада Семей ет комбинатының жұмыс­шы­сы Бибігүл Төле­генова да алғаш әншілік өнерін көр­сет­кен. Онда да өз еркімен емес, цех бас­шылары мен комсомол ұйымы жетек­ші­лерінің қоярда қоймай айтқан үгіттерінен кейін.

Сол жолы жас әнші “Ой, туманы мои, растуманы” әнін айтып, жоғары бағаға ие болды, облыстық жастар ұйымының мақтау грамотасын алды және сол кеште Бибігүлдің болашақ өнер жолына аспан­нан түскен сәуледей бір оқиға болды. Ол жер аударылып Семей қаласында тұрып жатқан атақты жазушы Галина Серебря­кованың сахна сыртына келіп, Бибігүлмен танысуы еді. Музыкалық білімі жоқ жас қыздың табиғи дарынын бірден байқаған жазушы оған көмектесетінін, дауысты дұрыс деңгейде қалыптастыру үшін ақыл-кеңес беретінін бір­ден айтты. Галина Се­ребрякова өзінің кейін жазған “Өзгелер мен өзім жайлы” деген кіта­бын­да Бибігүлді алғаш тың­даған сәтін былай баяндайды:

“1931 жылы Лондонның “Альберт-Холл” сарайында атақты Галли Курчи ханымның қайта­лан­бас дауысын тың­дап едім. Енді, міне, шығандағы Семейде ән сабағын оқыма­ған қыз баланың үні­нен сол бір бақбақ­тың үкісіндей үл­пілдеген мөлдір де нәзік ноталарды ес­тідім. Ол Бибігүлдің үні еді”. Бүгінде Би­бігүл ерекше бір қимастық сезіммен еске алып:

– Галина Ио­сифовна: “Бибі­гүл, саған консерва­тория­да оқу керек”, — дегенде, ол сөздің мән-мағынасын тү­сін­беген мен: “Мен онсызда кон­серві цехында жұмыс іс­теймін, — деп оты­рып алғам, — деп әңгімелейді.

Ақыры Алматыда өткен рес­­­публика­лық өнер олимпиа­дасында Латиф Ха­ми­дидің “Қазақ вальсі” мен Иоганн Штраустың “Весенние голоса” атты шығармаларын орындап, халықтың да, қазылар алқа­сы­ның да жоғары бағасын алды. Мұқан Төлебаев бастаған қазы­лар алқасының Латиф Хамиди, Күләш Байсейітова, На­деж­да Куклина секілді мүшелерінің жол­дама­сымен Бибігүл Құрманғазы атын­дағы Алматы мемлекеттік консерватория­сына қабылданды. Елден келген жас қызға музыканың әліппесінен бастап оқу оңайға түспеді. Бірақ Бибігүлдің бақытына қарай Надежда Николаевна Самышина секілді өте білімді ұстаз тап болды. Студенттік сахна­лар­да, Қазақ радиосы арқылы көрініп үлгер­ген Бибігүл Төлегенованың есімі ән ұғатын қауымның сүйіктісіне айнала бастады.

Биіктерге мұзбалақ қыран барған,

Қыран өтер құздарда сыналды арман.

Оған жетсең, сен мүлде жырақтайсың

Төмендегі бәсеке, ұрандардан.

Биіктерге талпынсам, таңданба, адам,

Ерлік деген – сөз емес жалған, жалаң.

Ерлік деген – кеуде ашып желге суық,

Қанатсыздар шарлаған жерде туып

Қанаттылар мекенін армандаған.

Қажытады құздардың мың кеселі,

Қамалайды тұман да, түн де сені.

Нәзік денең талықси талпынғанда,

Самғау бұйырмағандар күндеседі…

Қазақ сахнасында қатар келе жатқан ән әлемінің сардары Ермек Серкебаев: “Консерваторияның екінші курсында оқып жүрген Бибігүл Қазақ радиосының солисі болуға шақырылды. Бұл 1950 жыл болатын. Содан бері оның ғажайып дауы­сы өзінің тазалығымен, нәзіктігімен мил­лион­дарды тамсандырып келеді. Бибігүл – өте еңбекқор адам. Қарапайым. Ашық-жарқын. Адамгершілігі мол”, – деп ағы­нан жарыла сөйледі.

Жалпы, талант деген құдірет әйел затына қонса, ол оған әрі бақыт, әрі қасірет. Бақыт болатын себебі, талантты әйел өзінің өнерімен, шығармасымен, еңбегімен елді сүйсіндіреді, халықтың сүйіктісіне айналады. Жұрттың ықыласы оған рухани қуат береді, қуаныш, қанағат сезімдеріне бөлейді.

Бірақ талантты әйелдің қасіреті де жетерлік болады. Еркектің қабырғасынан жаралған әйел затын қандай дарынды, қандай ғұлама болса да, екінші сатыға қойып, көңіл қалмас, көйлек жыртпас, әйтеуір жетім қыздың жасауындай сый-сияпат көрсеткен болатыны қай дәуірдің де көсемдеріне тән екені тарихтан мәлім. Оның үстіне өнер мен әдебиет айнала­сында қызғаныштың қызыл иті ішін тыр­най­тындар, өзгенің құдай берген талантын көре алмаушылар қанша?! Мәскеуде оқы­ған әншілердің Семейдің ет комби­натының консервілеу цехынан келген Бибігүлге “колхоздың әншісі” деп ат қойып, жанынан өткенде сәлемдесуге жарамайтындары ше?

Алайда Бибігүлдің атақ-даңқы консер­ваторияның бесінші курсында жүргенде-ақ Кеңес одағы деп аталатын кең байтақ мемлекеттің қай өңірінде болмасын белгілі болып еді. Балтық жағалауына сапарында Латвияның атышулы әншісі Эльфрида Пакуль: “Әншіні “бұлбұл” деп атау жаңа­лық емес. Ал, жап-жас Бибігүл Тө­легенова – шын мәніндегі бұлбұл. Ол қандай әнді – ария ма, халық әні ме – орындаса да, деміңді ішіңе тартып тың­дайсың. Бибігүл қазақтың халық әндерін шырқаған кезде, Қазақстанға сапар шегіп оның шетсіз-шексіз даласын көргендей, төбеңде шырыл­даған қарлы­ғаш­­тардың әнін есті­гендей ғажайып күй кешесің”, – деп “Советская культура” газетіне жазыпты.

Бұл өнерге қадам басқан жас әншіге берілген үлкен баға еді. Шынында да, сол жылы Бибігүл Ленинград қаласында ән өнері туралы өтетін конференцияға шақырылды. Ұстазы Надежда Николаевна Самышина бірге баратын болды.

Ленинград консерваториясының кіші залы лық толды. Бибігүл сахна сыртында тұрып сығалап еді, алдыңғы қатарда В.Борсова, И.Козловский, А.Гольден­вей­зер сынды ән өнерінің саңлақтары отыр екен. Бұларды көргенде Бибігүлдің есі шығып, тізесі дірілдеп қоя берді. Соның арасында:

– Моцарт. “Аллилуйя”. Орындайтын Бибігүл Төлегенова. Қазақстан, – деп хабар­лаған кешті жүргізушінің дауысы естілді. Бибігүл сахнаның орта жерінде тұрған рояльдің жанына әрең жетті. Қалай орындағаны есінде жоқ. Әйтеуір залды кернеген қол шапалақтау құлағына келді. Шымылдықтың сыртында тұрған ұстазы көзіне жас алып: “Биба, бар, бар! Сахнаға шық – сені шақырып жатыр ғой!” – дейді.

Халқың туған анаңдай сынар, барлай,

Сенім тусын жаныңда тұман қалмай.

Туған елдің мейірім, сенімінсіз

Таланттар да қанатсыз қырандардай.

Аялаған болсақ та шашақ тағып,

Кейде еркіне жүйрікті босатпадық.

Құлагердің қанаты кімге медеу –

Шабар болса мәстекке қосақталып.

“Гауһартас” әнін Бибігүлдің орын­дауында тыңдағанда айдың нұры төгілген даланың мақпал түнін, қарақошқыл сайларды, сүт сәулеге малынған қырат­тар­ды, ерке бұлақтың сыңғырлаған күл­кісін елес­тетесің. “Гауһартастың” образы әнді шырқап тұрған Бибігүлдің бейнесімен аста­сып кетеді. Бибігүлдің халық әніне өзіндік бояу беретін құдіреті бар” – деп жазады Кеңес одағының халық әртісі, Қазақстан Мем­лекеттік сый­лығының лауреаты, халқы­мыз­­дың дана қыздарының бірі Ғазиза Жұбанова.

Бибігүлдің репертуарындағы Л.Хами­дидің “Қазақ вальсі”, Е.Брусиловскийдің “Бұлбұл”, “Қараторғай”, “Гауһартас”, “Алқоңыр” және ондаған халық әндері қай елдің сахнасында шырқаса да, тыңдарманын толқытып, сүйкімді әуенге қызықтырады. Қазақ әндері ғана емес, Д.Вердидің “Риго­летто” операсынан Джильданың, Д.Пуч­чи­нидің “Чио-Чио-Сан” операсынан Бат­терфляй ханымның арияларын, С.Тули­ков­­тың “Қуаныш вальсін”, Н.Римский-Корсаковтың “Шы­­ғыс романсын” бұрын­ғы Кеңес елінің кеңістігінде ғана емес, әлем мемлекет­терінің мәдениет сарай­ларын­да шырқады.

Бір нәзік әнге деген жанында үміт,

Алыстан ағыстардай ағылды жұрт.

Монреаль аспанында Бибігүл-ән

Самғады сұлу үнге табындырып.

Бұлбұл ән шарықтады, аспандады,

Елестеп Алатаудың асқарлары

Тағдыры туған жерден жырақтатқан

Жандардың жанарынан жас парлады.

Ғазиза Жұбанованың “Еңлік-Кебегін­дегі” Еңліктің, Еркеғали Рахмадиевтің “Ал­­­­­па­мысындағы” Гүлбаршынның, Евге­ний Бру­си­ловскийдің “Қыз Жібе­гіндегі” Жібектің образдары Бибігүл Төлегено­ва­ның опера театрының тари­хындағы үлкен жетістігі еді.

Бибігүл кино өнерінде де өзіндік із қал­дырды. Шәкен ағамыз оны өзінің “Тақиялы періште”, “Найзатас”, “Ән қа­наты”, “Ән ша­қырады”, “Біздің сүйікті дәрі­­­гер” фильм­деріне шақырды. Сондай-ақ, ол Шәкен Аймановтың “Дала қызы” фильмінде бас кейіпкерлердің бірі болып ойнады.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова сахна­ларда әнші болғанмен, үйінде ардақты ана, сүйікті әже. Әрине, ән сала жүріп үш баланы тәрбиелеу оған оңай болған жоқ. Бұл ретте Майнұр анамыздың еңбегі, жан жылуы, жиен немерелеріне деген махаб­баты ерекше болғанын, олай болмағанда Бибігүлдің ылғи сахна төрінен көрініп жүруі екіталай екенін айтуды парыз сана­дым. Адам баласында анадан артық жана­шыр, жақын болу мүмкін емес. Тек әкесі­нің қаны, анасының сүтімен Алла тағала берген өнерден басқа сүйеніші жоқ Бибі­гүл­дің қазақтың Бибігүлі дәрежесіне жетуі­не әуелі анасы Майнұр, сосын өнерін баға­­лап, аспанға көтере қадірлеген халқы ғана.

Таланттыны туады халық қана,

Таланттармен халқы да алып, дана,

шырқатады көгінде, аялайды

және тастай алады “тамұққа да”.

Мейірім төкпесе ел Ай нұрындай,

сенің дарын, атағың, айбының жай.

Талант деген – тым сирек құбылыс бұл

Табиғаттың беретін байлығындай.

Абыройға ұмтылар жас, кәрі де,

Бәрі өткінші – тағың ба, бақ, сәнің бе –

Күні ертең-ақ мезгілмен көміледі.

Ал, таланттың жол-жөні басқа мүлде.

Иә, бәрі уақытпен шаңға бөгер,

Тек талантты өшірмес арман-өнер.

Бірақ өркен жаймайды, өсе алмайды

Асылдарын аялай алмаған ел.

Әйел затының өнерімен, шығарма­шылығымен аты шыға бастаса, кейбіреу­лердің “бұл кімнің көңілдесі” немесе “қай дөкейдің қарындасы” деп бірі бірінен сұрап, қуанудың орнына күрсініп, қол соғудың орнына көре алмай күңкілдесетіні бар емес пе?! Осының бәрін Бибігүл де басынан кешірген.

Биіктерге мұзбалақ қыран барған,

Қыран өтер құздарда сыналды арман.

Оған жетсең, сен мүлде жырақтайсың

Төмендегі бәсеке, ұрандардан.

Биіктерге талпынсам, таңданба, адам,

Ерлік деген – сөз емес жалған, жалаң.

Ерлік деген – кеуде ашып желге суық,

Қанатсыздар шарлаған жерде туып

Қанаттылар мекенін армандаған.

Қажытады құздардың мың кеселі,

Қамалайды тұман да, түн де сені.

Нәзік деген талықси талпынғанда,

Самғау бұйырмағандар күндеседі.

Бірақ қай жерге барса да, мұның әнімен сусындап қанаттанған қарапайым халықтың бұған деген махаббаты Бибігүлге күш-қуат беріп, өнер биігіне шырқай беруіне мүмкіндік туғызды.

Бибігүлдің талантын біздің еліміз өз деңгейінде бағалай білді. Кеңестер одағы­ның халық әртісі, Кеңестер одағының және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық­­тарының лауреаты, Құрманғазы атындағы консер­ваторияның профессоры. Кеңестер одағы­ның Социалистік Еңбек Ері атағын ең соңғы рет алған да – Бибігүл Төле­генова.

Бибігүл Ахметқызы қаншама биік мәртебеге, атақ-даңққа бөленсе де, мінез-құлқы, болмысы бір қалыпта: қарапайым, кішіпейіл, әділеттілік пен адалдықтың жанашыры, біреудің ыңғайына жығыла кетіп, өз қағидатынан тайғанамай келеді. Қарапайымдылығы сол – халық кез келген ортада қолқа салып, өтініш жасаса, Бибігүл қостайтын пианино, ансамбль, оркестрдің жоқтығына қарамай, бәлсініп-бәлденбей, ортаға шығып ән салып береді.

Қазақстанның әр аймағында Бибігүл­ден дәріс алған шәкірттері де жетерлік. Әр өңірге барған сайын олардың жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін сұрап біліп, пәтері жоқтарға облыс басшыларына беделін салып өтініш айтып, үй алып береді. Әркім қара басының, бала-шағасының қамынан аса алмай жүрген заманда бұл да – сиректерде ғана қалған қасиет.

Өзінің жолын қуып, соңынан ерген перзенті Мариямгүлдің қазасы Бибігүл Ахметқызының қабырғасын қайыстыр­ғанын бүкіл еліміз біледі, халқымыздың кәрі-жасы мұңайып бірге қайғырды да.

Сом алтынның сынығынан жаралған Бибігүл еңкейсе де, жығылмады. Жыласа да, жарқын да жақсы жолынан жаңыл­мады. Бұл да ақыл-парасаттың, Алла тағаланың бергенінің бәрін қанағат еткен шүкіршіліктің белгісі, кез келген жанда бола бермейтін қасиет.

Қазақ халқының бұлбұл қызы Бибігүл Төлегенова сексен жасқа толып отыр. Бі­рақ “сексен” деген аты болмаса, өзі әлі жас, әдемі, ақылды, ұрпаққа үлгі-өнеге болар күйінде. Әнінде де, дауысында да өз­геріс, мұқалу деген атымен жоқ. Сол баяғы жайдары, жарқын, жанарынан мейірім төгіліп, жан жүрегіңді дірілдетеді. Бибігүл жүрген жерде адамдардың қасаң­сып бара жатқан сезімдеріне жаңа бір жас сезім сәу­ле шашқандай әсер береді.

Еліңізбен бірге жасай беріңіз, ардақты Бибігүл Ахметқызы!

Талай сыннан Замана арылған-ды,

Күнім нұрлы, шуақты таңым да алғы.

Біздің мынау тәуелсіз байтақ елге

Жаңаша өрлеу, жаңаша даму – заңды.

Жолдары ұзақ өмірдің алда тағы,

Келеді әлі таланттың сан қатары.

Менің елім бүгінде жүйріктерін

Бибігүл-ән секілді самғатады.

 

Дереккөз: Егемен Қазақстан газеті

15.12.2009

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: