Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
ШЕГЕН БИ ТУРАЛЫ НЕ БIЛЕМIЗ?
Арғын руының Танбыссопыдан (Тәнбiсұлы) тараған ұрпақтарынан, талай батырлар мен билер көп шыққан. Олар өз iштерiнде таңбасына қарай "Жоғары шектi", "Төменгi шектi" болып бөлiнген.Солардың бiрi – Көшейұлы Шақшақ батыр, Шақшақұлы Қошқар, Қошқарұлы Жәнiбектен Дәуiтбай, одан Мұса батыр – одан Шеген туады. Бұл – қазақтың ауызша деректерiн жинаушы Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының шежiресi.
Ауызша шежiре мен жазбаша деректер, мұрағат құжаттары мен сирек кездесетiн кiтаптарда бiрсыпыра аттас есiмдер кездесiп қалады. Академик Серғали Толыбеков "Қазақ шежiресi" атты зерттеу кiтабында (1992 жылы) Мұсаның бәйбiшесiнен Байжан, Балабатыр, Шеген Мырзабек. Шегеннiң бәйбiшесiнен Қазыбек, Қызайжан (Әймен), Бектемiс (1813-1904), Бiрiмжан (1817-1873), тағы басқа ұрпақтар тараған деп жазды. Бұлардың бәрi Арғындар арасында Шақшақ, болмаса Қошқар аталығы деп аталады. Қошқарұлы Жәнiбек туралы бiр ақынның:
“... Қамыстың басы майда, түбi сайда,
Жәнiбек Шақшақұлы болат найза,” – деуi, ол кiсiнiң әрi батыр, әрi би болғандығын меңзеп тұр.
Жәнiбектiң бабалары – Тоқал арғындар 1726 жылы Сәмеке хан тұсында Ресей шекарасына жақын қоныстанған.
Мемлекеттiк орталық мұрағаттағы 1849-1860 жылдардағы бiр құжатта Арғын Қазыбек Шегенов туралы жазбалар кездестi. Онда Қ.Шегеновтiң Арғын руының Қошқар бөлiмiнен екенiн, Торғай, Тобыл өзендерi мен Орынборға жақын Қарағайлы орманы маңында жаз-жайлап, қыстайтыны айтылған. Қазыбекке 1848 жылы хорунжий шенi берiлiп, 37 жаста екенi жазылған. Бұл дерекке сенсек, Қазыбек би Шегенов, 1810-1811 жылдары туған болып шығады. Өйткенi оның iнiсi Бектемiстiң 1813 жылы, Бiрiмжанның (1817) туғаны жазылған.
Мемлекеттiк мұрағаттың №4 қорында Қазыбек биге сипаттама бере отырып: "...Сын Чегена замечательный человек за свое время. Казбек Чегенов имеет отличной вес на свою ординцев. Он пользуется уважением по покойному отцы, знаменитого Чегена Мусина", – деп жазылған құжат сақтаулы.
Қазақтың алғашқы ағартушыларының бiрi Ыбырай Алтынсаринның "Өсиет" атты өлеңiнде:
... Арғыннан ол күндерде Шеген шықты,
Халайық айбынынан қойдай ықты.
Азуы алты қарыс сан Арғынның
Қойдырды тентектiгiн, бұзықтықты.
Бiрiмжан, Қазыбек би балалары,
Арғынның атасындай даналары.
Жiгiттер болған ерге тасыр етпе
Жақсылық жер менен көк аралары, – деп өсиетнама жазған.
Шеген бидiң арғы бабасы – Қошқарұлы Жәнiбек (1693-1752). Ол 1710 жылы 17 жасында Тәуке ханның қолымен жауға шауып, жекпе-жекте қалмақ батырын өлтiредi. Жәнiбек бабамыз – Қазақ халқының тәуелсiздiгi жолында күрескен, қолбасшы болған батырлардың бiрi. Жәнiбекке 1743 жылдың 11 шiлдесiнде Ресей патшайымы Елизавета өз жарлығымен тархан атағын бередi. Жәнiбек батырға Бұқар жырау, Тәттiқара ақын, Абыз әулие, бертiнде халық ақыны Иманжан Жылқайдаров, Көкбай ақындар жырлаған. 1993 жылы Арқалық қаласында туғанына 300 жыл толуына орай Жәнiбек тарханға ескерткiш орнатылып, ас берiлдi. Ал Жәнiбектiң баласы Дәуiт батыр да әскери коллегияның 1759 жылғы жарлығымен тархан атағын алады.
Көрнектi тарихшы ғалым Ермахан Бекмаханов:
"....ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Арғын руының биi Шеген батыр және Тiлеуқабақ руының старшыны Есет Көтiбаров өздерiне бағынышты руларда толық билiк жүргiзедi", – деп жазған. "Рас, Арғын руының тек би Шеген Мусин қол астындағы бiр бөлiгi ғана 1845 жылға дейiн көтерiлiске қосылмады. Ал Арғын руының рубасы Шеген Мусин өкiмет алдында беделдi болғанымен, өзiнiң келiсiмiнсiз Арғын руының жерiне бекiнiстер салуға рұқсат бергенi үшiн елдi билеушi сұлтандарға қарсы өштiк пиғыл көрсете бастады", – деп жазған одан әрi кiтабының 179-бетiнде.
Жоғарыдағы жазбаларға қарағанда Шақшақ, Қошқар, Жәнiбек секiлдi ел билеу, ел мен жерiн қорғауға араласқан бабалары сияқты Шеген би де осал болмаған жан болса керек. Ол ел iсiне белсене араласқан. Ол 1845 жылы сұлтан Ахмет Жантөринге:
"...Бiз кеңесiп iс қыла алмадық. Сондықтан мен өзiмдi лауазымды би, сенi тақтағы сұлтан деп есептемеймiн. Өйткенi сен жұртшылықтың келiсiмiнсiз бекiнiс салуға орыстарға рұқсат бердiң", – деп айыптаса, Кенесары ханның елге салған ауыр алым-салығына қарсылық ретiнде ханға қосылмады. Ал Кенесары хан Шеген Мусиннiң руластары арасындағы беделiнен аса алмай, Шегенге қарсы ашық қарулы ұрысқа бармаған. Тарихшылар мен зерттеушiлердiң көбi осы пiкiрдi жақтайды.
Патша ағзамның (императордың) нұсқауымен 1864 жылдың маусым айында Сарыторғайда өткен Орта және Кiшi жүздiң 189 биi қатысқан съездiң шешiмiне Шеген биден тараған жоғары Шектi руының басқарушысы, әскери старшина подполковник Қазыбек, №37 дистанцияның бастығы Бiрiмжан Шегенов және оның баласы Дәуренбек Бiрiмжановтың қойған қолдары бар, Қазыбек пен Бiрiмжан мөрлерiн басқан. Ал Бiрiмжаннан туған Қорғанбек (1852-1919) балалары Бiрiмжанов Ахмет (1871-1927), Ғазымбек (1896-1938) қоғам қайраткерлерi болса, Бiрiмжанов Батырбек Ахметұлы, бiлiм жолына түскен үлкен ғалым болды. Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесi, химия ғылымының докторы, "Жалпы химия" және басқа да кiтаптардың авторы.
Шеген Мусин – қол бастап жауға шаппаса да, ел iшiнде батыр атанған, негiзiнде би болған кiсi. 1841-1847 жылдардағы Кенесары – Наурызбайдың Ресейге қарсы көтерiлiсi кезiнде Торғай, Қостанай жақтан Сырға, Шиелi өңiрiне қоныс аударған сияқты. Орынбор шекаралық комиссиясының арнаулы қорындағы құжаттарда баласы Қазыбек Шегенов туралы жазбаларында (1849-1860 жылғы) Шеген Мусиннiң беделi мен атағы Қазыбекке әлi күнге көмектесуде екенiн жазған. Олай болса, бидiң ұрпақтары мен басқа да кiсiлер айтып жүргендей Шеген Мұсаұлының (Мусин) бейiтi Сырдария жағалауында болуы әбден мүмкiн.
Тынышбек Дайрабай, зерттеушi, этнограф
Дереккөз: Халықаралық апталық сараптамалық "Түркістан" газеті, 21.04.2011 ж., №16