Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Сәтбаев жазған «Алгебра»
Қолымызға ғұлама ғалым, Қазақ академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы түсті. Бұл кітапты оқымысты сонау 1924 жылы 25 жасында ана тілімізде араб графикасымен жазып шыққан екен. Енді, міне, араға тура 85 жыл салып, кириллицаға көшіріліп басылған оқулық көзімізге оттай басылып отыр. Кітап ғалымның 110 жылдық мерейтойына тұспа-тұс шықты.
Кезінде Алаш зиялылары қазақ халқының тез арада өркениет легіне қосылуы үшін бар білімін аямай, тер төге сан салада оқулық жазып шығарған. Мәселен, Әлихан Бөкейханов астрономия мен жағрафияны, Мағжан Жұмабаев педагогиканы, Халел Досмұхамедов анатомия мен зоологияны, Жүсіпбек Аймауытов психологияны, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов тіл білімін, Мұхтар Әуезов әдебиетті жазса, ал Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Әлімхан Ермеков математикаға ден қойған. Математиканың ішіндегі күрделі пән «Алгебраны» Қаныш Имантайұлы қолға алып, алдымен араб қарпінде 1924 жылы жазып шығып (592 беттік қолжазба), соңынан латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшіреді.
«Алтын кездік қап ішінде қалмас» деген осы да. Қайраткер ақын Кәкімбек аға Салықов «Халықаралық Қаныш Сәтбаев атындағы қорға» жетекшілік жасап, оқулықтың кириллица қарпімен шығуына мұрындық болды. Кәкеңнің бұл абзал ісіне Еуразия ұлттық университетінің бұрынғы ректоры С.Әбдіманапов та, қазіргі ректоры Б. Әбдірайымов та үн қосып, проректоры Д. Қамзабеков те басылымның жүйеленуіне атсалысты.
Кітаптың ерекшелігі – оның сапасында. Қазіргі таңда неше түрлі қойыртпақ оқулықтар шығарылып, олар сын тезіне түссе де, салалық министрлік өз тарапынан немқұрайдылық танытып келеді. Бала ұғымына ауыр сөз тіркестері, мәселе есептер ата-ананы да, мұғалімдерді де қажытты. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, Сәтбаев «Алгебрасының» тілі жатық, есеп беру логикасы берік, есеп шығару түзілімдері ширақ та шымыр. Осы күнгі терминкомның қаперіне салатындай, аталмыш басылымдағы атаулы терминдер халқымыздың төл сөздерімен сипатталған. Мәселен: формула – өрнек, рациональная величина – өлшемді шама, иррациональная величина – өлшемсіз шама, диаметр – өре, квадратное уравнение – шаршылық теңдеу, биквадратное уравнение – қос шаршылы теңдеу, сопряженные числа – түйіндес сандар, прогрессия – дәуірлеу, пропорция – тең ара, числитель – жарнақ, невозможность – болымсыздық, коэффициент – сан өсіргіш,, теорема – түйін, функция – берне, тождество – бірдейлік, равнозначность – мәнілестік, приближенный корень – жуықтас түбір, корень с недостатком – олқы түбір, корень с избытком – қалқы түбір, выражение – әлпет, комплексные числа – шоғырлы сандар, симметрия – үйлесім, мнимые числа – күмәнді сандар, кратное – бөлінбе, предыдущие члены – ілгері мүшелер, последующие члены – кейінгі мүшелер, бином Ньютона – Ньютонның қос мүшелігі, т.с.с.
Ана тілімізде өткен ғасырда тұңғыш жазылған осынау математика оқулығы 11 бөлімнен, оның ішінде 40 баптан тұрады, ұзын-ырғасы – 442 бет. Бұл кітап әлі де өз құнын жоймаған, қазіргі сапалы оқулыққа қат заманда оқушыларға да, мұғалімдерге де баға жетпес асыл қазына. Мұны қосымша хрестоматиялық кітап ретінде әбден пайдалануға болады. Бір әттеген-айы, басылымның таралымы аз, бар-жоғы 500 дана. Ең алдымен, бұл кітаптардың мектеп кітапханаларынан орын алғаны ләзім.
Аталмыш басылымның тұсаукесер дөңгелек үстел отырысы Еуразия ұлттық университетінде өткізілді. Отырысты кіріспе сөзбен университет ректоры Бақытжан Әбдірайымов ашты. Одан ары қарай көрнекті ақын, мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықов мазмұнды баяндама жасады. Басылым жобасының жетекшісі, академик Мұхтарбай Өтелбаевтың пікірі көңілге қонымды болды. Ол осы кітаптың басылуына өлшеусіз еңбек сіңірген математик ғалымдар О. Қашқынбаевқа, Ә.Ибатовқа, Қ.Мырзатаеваға, Л. Жапсарбаеваға, М.Алдайға, А.Абылаеваға, З.Әбдіхалықовқа шексіз алғысын айтып, ризашылық сезімін білдірді.
Қорыта келгенде, халқымыздың біртуар ұлы Қаныш ағамыздың сан қырлы қызметінің тағы бір парасы жарқырай көрініп, қазыналы мол мұрасы өзі шексіз сүйген туған халқына жол тартты.
Бақытжан ТОБАЯҚОВ,
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті
Астана
Дереккөз: Ана тілі газеті
14.05.2009