Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕГЕ МӘН БЕРІЛМЕУ АРҚЫЛЫ ЕРТЕҢ ЖАРЫЛАТЫН БОМБАНЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗБЕН ЖАСАП ЖАТЫРМЫЗ

– Нұрғали аға, сіздің даусыңызды даланың табиғи реңі, боямасыз, қоспасыз таза әуездің бар екенін өнер сыншылары жарыса жазып келеді. Комсомол жастар бригадасының құрамында қой бағып жүрген жерініңізден Нұр-ағаның көріп, тануы өміріңізге үлкен өзгеріс әкелгенде, біздің рухани келбетімізді сақтап қалудағы қадамдарға көңіліңіз тола ма?
– Ән әуезінің өрілуі, өрбуі ұлттық нақышта, дәстүрлі қазақ музыкасының арнасынан ауытқып кетпей жазылған ән болғанын қатаң қадағалаймын. Өйткені тыңдаушылар да тауардың сапасы жоғары болса ғана алатын тұтынушылар сияқты, жақсы әнге құлақ қояды. Музыкалық шығарма болғаннан кейін, ол неге адам сараптауына түспеуі керек? Міндетті түрде сарапталады. Базардағы тағамның дәмін, иісін, түрін байқап саралауға болар, ал музыкалық дүниені тануға, қабылдауға талғамның сараптама жасай алатын танымы қалыптасқан ба, жоқ па – мәселе осында. әйтпесе батыс жақтан жойқын ән тасқынының тығынын алып тастап, лег-легімен жіберіп отырғандар оның аржағында не жатқанын түсініп отыр. Адамдардың, әсіресе, жастарды сондай екпінмен есін жиғызбай даңғырлақ дүниеге дағдыландырса, кейін өз ықпалын қиналмай-ақ жүргізуге мүмкіндік туады. Ол музыка қандай ой-пікір әкеледі, адам санасына қандай тағылымдық қасиеті бар. Ал қазақтың ән өнерінің тәрбиелік мәні өте жоғары болған. Ол әдебиет сабағы, сана, этика, эстетика сабағы болған. Қазақтың әнінде тек қазақы көкірекпен ғана қабылданатын теңдесі жоқ құндылықтар бар.
– Көрермендерді үшке бөлуге болатын сияқты. Бірі - әртісті көру үшін, екіншісі - әртістің салған әнінен ләззат алу үшін, үшіншісі - әнді қалай айтады екен деп сынау үшін концертке келеді. Сіз сахнада тұрып осы үш түрлі көрерменге де ұнауды мақсат етесізбе?
– Бұрын жас кезімізде бір көрініп қалу үшін сахнаға қарай ұмтылдық. Таныла бастағаннан кейін жауапкершілік пайда болады. Бұл заңды нәрсе. Сахнаға қалай шығасың, не алып шығасың, ол ұнамды бола ма? Өнердің қай түрі үшін де сахна талабы бар. Қанша мықты болсан да аудиториядан биік бола алмайсың. Жұлдызсың ба, күнсің бе, айсың ба, бәрібір сен – орындаушысың. Орындаушы – сахнаның қызметкері. Бүгін де халықты бір жинап алып концерт атқаратын асаба тіпті пысық ұйымдастырушылар шықты. Өз басым, «арық айтып, семіз шық» деген қағиданы ұстанатын адаммын. Себебі аудиторияда кішкентай бала да, өнердің қасиетін сезінуге ден қойып жүрген жастар да, сол әннің шығу тарихынан бастап, бірнеше әртістің орындауында естіп, қабылдап, өзінше түйін жасап, зерттеп жүрген сарабдал сыншылар да отырады. Бастысы – осындай көрерменнің ой-пікірін алдамау керек. Ал әнші әнді шын жүрекпен ұсынуды ойлауы керек. Міне, сахнада жүргеніме елу жылға таяп қапты. Бақытымызға орай, біздің алдымызда Ермек ағамыз, Бибігүл, Роза апайларымыз сияқты өнердің үлкен өкілдері жүрді. Солардың көшінде біз бала-шаға сияқты болып жүрсек те, солардың жауапкершілігін көзімізбен көргеннен кейін қасиетті сахнаны қалай болса солай табанымызбен басып шығуға жүрексінетінбіз. Ғарифолла ағамыз: «Өзіңе жетерлік дауысың бар. Сексенге келіп, одан асқанша да осы дауысың жетеді. Өйткені сенің дауысыңда жасандылық жоқ, табиғи шығады» деп мені еркелетіп қоятын. Мақтауды кім жек көрсін, ары жағым қабылдап тұрғаныммен, «ертерек мақтау естіп тұрғам жоқ па екен» деп іштей ыңғайсызданатынмын. Ғарифолла ағаның дауысынан ерін ұшымен айтыла салған жалған мақтау емес, ессіздікке ұрындырып, естіртейін дегендік емес, жанашырлық білінетін. Әншінің бәйге атындай күн сайын бабы келісіп жүрмейді. Жол жүресің, ұйқың қанбайды, шаршайсың. Бабың бірде болса, бірде болмайды, бабың болса, күйің болмайды. Бір әнді он рет таспаға жазсаңыз, соның әрқайсысында тек әншінің өзіне ғана сезілетін, дыбыс айырмашылықтары, өзгешеліктері болады. Оны жою, қалыпқа түсіру де оңай емес.
– Сізді сыртыңыздан «өте мұқиятты, құнытты адам» дейді. Құнытты болсаңыз неге осы күнге дейін бір үнтаспаңызды шығармағансыз?
– Компазиторлар, жалпы, шығарма авторлары да пенде, кейде орындаушылар үшін «менің әнімді айтасың», «жоқ, менікін айтады» деп таласып қалатын кездері болады. Дау-дамайға бармаса да, көңілдеріне ауыр алып қалатын жайыттар жиі кездеседі. Мен осы өмір, өнер жолымда қазақтың үш бірдей керемет сазгерімен бірге жұмыс істеппін. Олар – Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, орындауымдағы әндердің дені осы кісілердің дүниесі. Мен оны жүйелеп, тізімдеп, текшелеп жинап қойғам, шынын айту керек, мұндай нәрсе күллі әншілердің ішінде менде ғана жинақталған. Таратып беретін болсам, өзім сияқты тағыда елу-алпыс әншіге азық болады. Радионың алтын қорынан тексертіп, сұрастырып көріп едім, жүзден астам авторым, 360-дан аса сұрыпталған әнім тізімделіп тұр екен. Мен солардың шығармаларын насихаттаппын. Көбінісе ат үстінде, сыртта гострольдерде жүрдік, ән жазуға да көп уақыт жете бермейді, бірақ соның өзінде уақыт тауып жаздырыппын. Компакт дискмен шығаратын болсам, мөлшері 15-16 диск болады. Бірақ осы уақытқа дейін өмірімде бір рет, ең болмаса бір әнімді бастырып шығарып, базарға, дүкенге саудаға түсірмеппін. Бұл бір жағы – жалқаулығым, ұқыпсыздығым да шығар, екіншіден – бұл менің атыма ұят та. Сахнаға шыққаныма мәз болып жүре беріппін. Әрине, мұндай дүниені ешкім де рахметіңе бола шығарып бермейді, оған қаражат керек. Өйткені елдің бәрі менің Құрманғазы оркестрімен немесе «Отырар сазымен» тірідей беріп тұрған концертіме келіп, тыңдауға міндетті емес қой. Қазіргідей техниканың дамыған заманында менің сүйікті тыңдарманым қалаған әнін тыңдағысы келсе, қажет кезде тыңдауына мүмкіндік тудыра аламай келе жатқан, менің кінәм. Әр тақырыптағы әндерімді, әр ұжыммен жазылған әндерімді – Құманғазы оркестрімен, Қазақ радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрімен, камералық оркестрімен жазылған, он жылдай жұмыс істеген «Жазира» ансамблі мен жазылған әндерім бір-бір компакт диск. Сол кезде Мәдениет министрлігінің пысық жігіттері жоғары жаққа жақсылап есеп беру үшін «Жазираны» «оптимизация» жасап, Құрманғазы оркестріне қосып жіберді. Сөтіп таратып тынды. Ал ол дегеніңіз бір кесе сүтке бір қасық сүтті құя салған сияқты, бар-жоғы білінбей сіңді де кетті. Анығына келгенде, бір жанрдағы, бір қалыптағы дүниені олай жасауға болмайды. Айтайын дегенім, осы үш автор да, үш азамат та ең жақсы дүниелерін маған арнап жазды. Реті келгенде ақынды да, мені де шақырып алып, менің дауысымның ерекшелігін ескеріп, ән сазына қарай ақын сөзіне өзгерту енгізіп, әндерін менімен ақылдаса отырып жазатын. Шығармашылық үштіктің лабараториясы сияқты дауласып, қызу талқыланып барып жазылатын кейбір әндер. Кейде ән туа бастағаннан-ақ авторлар телефон соғатын. Мұндай нәрсе көбінесе Нұрғиса ағаммен Әсет досымның тарапынан болатын, ал Шәмші ағам Шымкент пен Жамбылдың арасын алтын көпір жасап, Алматыға көп келе бермейтіндіктен, келсе де екі-үш айға ғана бір айналып соғып: «Міне, Нұрғаш, саған очереднойымды тапсырдым» деп жазған әнін тастап кететін. Тағы бір «очереднойын» алып келгенше оркестрге түсіріп, жаздырып, радио-теледидардан орындап жүремін.
– Шәмші ағамыздың қандай әндерінің ең алғашқы орындаушысы болдыңыз?
– «Әнім сен едің», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі», «Қаракөз», «Тамды аруы», «Мойынқұмда» сияқты әндерін Шәмші аға ең алғаш маған сыйлап еді.
Бәлкім көп араласқандықтан да шығар, Шәмші аға туралы айтылып жүрген аңыз бен ақиқат, өтірік пен шындықты мен тез танып қоямын. Шәмші ағаның ауруы меңдей бастағанда кіші Мұхтар үлкен Мұхтарға, Әлиев Мұхтарға айтып, Совминнің ауруханасына орналастырды. Амалбек Тышанов Жамбыл облысының әкімі болып тұрған шақта облыс орталығында 60 жылдығын атап өтті. Төрт-бес айдан кейін мен Орталық концерт залында концертін ұйымдастырдым. Бүгінде теледидардың барлық арналарында қайта-қайта көрсете беретін қаракөл кепкісі бар Шәмші ағамыздың бір бейнесі бар, осы бейнекөрініс сол концерттен түсірілген болатын. Концертті ұйымдастыру кезінде Шәмші ағамыздың кең тараған әндерін әншілердің әрқайсысына «сен айтасың» деп бөліп бердім. Қызық еді ғой мінезі, шетте жүргендікі шығар, әншілердің көпшілігін тани бермейтін. «Өй, мынау Мақпал деген қыздың мәнері маған ұнамайды. Осыны қоспай-ақ басқа біреу айтсыншы бұл әнді» дейді. «Шәке, бұрын араласпағаннан кейін сізге солай көрінеді. Сәл сабыр етіңіз. Сеніңіз маған. Әйтпесе Мақпалдың оркестрге түсірген «Қарқаралы» мен «Бақыт құшағында» әндерін тыңдап көріңіз. Айтып қойдым, ұят болады. Ертең концерт, бір күннің ішінде сізге ұнайтын әншіні қайдан табамыз?» деп ағамды көндірдім. әрең келісті. Шәмшінің қос дауысқа арнап жазған, бағы ашылмай жүрген тамаша әндері бар еді. Екі қыздың бір жігітке ғашық болып, «сен жалғыз, біз екеуміз» деп келетін, «қыз жалғыз, біз екеуміз» дейтін екі жігіттің бір қызға сезімін білдірген дуэт әндері орындаушыларын таба алмай келген еді, соларды енгіздім. Сол әндерді орындайтын еркек пішіндес, толық дембелше келген қыздар бар еді концерт бағдарламасында. «Ойбай-ау, мынау томардай қыздарды қайдан тауып алғансың?» дейді ағам. «Оларды арқалап, құшақтап жүрмейміз ғой, дауысы, дауысы керек қой бізге» деймін. Не керек, концерт тамаша өтті. Сол концерттен кейін Шәкең Мақпалға қатты риза болды. «Әнеугүні мен «болмайды, жарамайды» дегендердің бәрін шақыршы үйге. Мен сендерден сырттап кетіппін. Қазандарың қайнап жатқанда, қасына тіпті жақындамаппын. Керемет жастардың келіп жатқанын аңдамаппын. Мен Мақпалды білмей, танымай жүр екем гой. Анау дәу қарындастарым өте тамаша әншілер екен оларды міндетті түрде шақыр» деп үйіне дастархан жасатып, дәмге шақырған.
– Сөйтіп, үш ағаңыздың да әндерін қатар айтып жүрдіңіз. Олар сізді бірінен-бірі қызғанбайтын ба еді?
– Кейде мен «өнімді жазатын сол кісілердің бірінен соң бірі бұрқыратып беріп жататын әндерін қалай уақыт тауып орындап жүргенмін» деп таң қаламын өзіме. Үшеуі де қызғаныш деген сезімнен ада еді. Үшеуімен де ағалық-інілік жақын қарым-қатынаста болғаным үшін тәубе деймін. Кейде автор мен әншінің арасында: «Менің әнімді алдымен орында», «Оныкін айтпа, менікін айт» деген сияқты ұсақ түйек әңгімелер болып жатады, сондайға қалайша жеткізбегенмін сол асыл азаматтарды деп ойлаймын. Қазір Нұрағаның төрт-бес әнімен жұмыс істеп жатырмын. Сәбит Мұқановқа арналған «Сәбит аға», «Желтоқсан», «Жас тұлпар» деген әндер. Сонау 1960 жылдардың басында Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» ұйымының жұмысын біз де қызу қолдап, ұлттық намысты оятуға және отаршылдыққа қарсы жасырын болса да үн қатуды мақсат етіп құрылған ұйымның Алматыдағы филиалын ұйымдастырып, мәскеулік қазақ студенттерінің идеясын біз де өзімізше іліп алып кеткен едік. «Жас тұлпар» әні сол күндегі намысшылдыққа тағзым ретінде туындады. Мұрат Әуезовке «Мына әннің кіндігін кес енді» деп концертке шақырып орталық концерт залында, орындағанмын. Ол риза болып кетті. Міне, осындай өмірден алынған, өнердің үрдісі мен іркілісін қатар танытатын, ұлттың рухын көтеретін дүниені әнге, жырға қосып ұрпақтың алдына шығарып айтып отыру керек. Ол ұрпақтардың, кейінге толқынның намысын салыстыру үшін керек, рух сонда оянып отырады, сонда ғана өлмейді.
Сондай-ақ Әсет Досымның 80 пайыз әні жарыққа шықпаған, нотаға түскен, бірақ орындалмаған күйі қалып еді. Жыл сайын екі-үш әнін жаздырып, жарыққа шығаруды міндетім етіп жүрмін.
– Естуімше, Нұрғиса Тілендиев ағамыз «Отырар сазы» оркестрінің маңайынан Майгүл Қазтұрғанова екеуіңізден өзге әншіні жоғалтпаған, оркестрмен айтқысы келіп талпынған адам көп болған, бірақ бірден-бірін Нұрағаң ұнатпаған екен деседі. Рас па? Жалпы, ол кісі оркестрге әншілерді қалай таңдайтын еді?
– Нұрағаңның ерекше мінездері көп болды. Бұл мәселе жөнінде ол кісі екеуіміздің арамызда әңгіме болған. Ол кісі әндерінің көбісін менің даусыма арнап жазып жатты ғой. Сәті түскенде «Нұраға, алдымда қанша аға-апаларым, жарқырап шығып келе жатқан інілерім бар. Сізді бір меншіктеп монополия жасап алғандай , әндеріңізді мен ғана орындай бергенім ыңғайсыз емес пе?» дегенмін. Сыпайылап айтсам, ағам жауабын «көп сөйлемеге» келтірді. «Сен маған ұнайсың» дегендей пікір айтты. Әңгіме сонымен аяқталды. «Отырар сазы» да Құрманғазы оркестрі сияқты мемлекеттік ұжым болғаннан кейін, әртүрлі тақырыпты жырлап жүрген әншілер ән бағытына қарай оркестрмен қосылып орындауға хақылы және мен көлбеңдеп елдің көзіне өзім ғана түсе берейін деген ойдан аулақпын. Ондайға жаным сұмдық қарсы. Барлығы да адамдар арасындағы қарым-қатынастан туындайды ғой, шаруаның ретіне қарай араласа жүріп, мен сондай бір өкпе-наз, реніштерді естіп қаламын. Ағамыз әдейі алғысы келмеді ме, әлде оның біз білмейтін сырға байланысы бар басқа бір себептері болды ма, ол жағын мен білмеймін.
– Осы уақытқа дейін шығармашылық ортада қарадүрсін бір түсінік қалыптасып келді. Егер сен шығармашылық адамы болсаң билікті жек көруің, билікпен келіспеуің керек сияқты. Ал ол аз болса, маскүнем болып кетуің сияқты. Бұл өзі неден туындаған түсінік, нағыз шығармашылық адамдар образының бұлайша қалыптасуы қалай пайда болады? Өмірді, отанды, қоғамды басқаша сүюге болмай ма, сонда?
– Жалпы, өнер адамдарының көбісінің шығармашылық көзқарасында өзіндік сипаты басым. Дүниені өз санасымен ғана қабылдайды, өнерді де, өмірді де өзінше таниды. Оның үстінде шығармашылық адамдарының аңғалдығы мен албырттығы қатар жүретіні тағы бар. Менің байқауымша, олар халықтың арасында бітісіп, бірге қайнап жүретіндіктен, өнер адамдарының күнгейі мен көлеңке жағын пайдаланғысы келетін пікірлер де қатар жүреді. Өйткені сол адамдардың айтқанын ары қарай ұштай түсетіндер сол кісілердің абсалютті еркіндікке ұмтылуын, абсалютті көзқарасына ой-арманын тежемей іске асыруға мүмкіндік бермеуге тырысады. Олардың өмірге деген еркін көзқарасын шенеуніктер жақтырмайды. Сол шығармашылық индивидумымен салыстырғанда 90 пайыз шенеуніктің ой-өрісі төмен болып кеткендіктен, бұл олардың ортақ диалогқа келуіне кедергі болады. Ал былайынша сазгер де, ақын да, жазушы да, әнші де бала көңілімен жүре береді. Өздері көп ешнәрсені қажетсінбейді.
– Өркениет пен мәдениет екі түрлі сипатта дамып келеді. Өркениет Американың бейнесіне келіп, мәдениетті басып алады. Біздің мәдениет деп жүргеніміз басқа танымға негізделіп, басқа бір құндылқтарға бағынып барады. Әлде сіз басқаша пікірдесіз бе?
– Бұл әрине болашағымызға деген сатқындық деп есептеймін. Тәлім-тәрбие, халықтың санасын тәрбиелеуге мән бермеу арқылы ертең жарылатын бомбаны өз қолымызбен жасап жатырмыз. Біз Алла Тағаланың оң көзімен егемендігімізді алдық. Нақты бір атап көрсетілген, жоспарланған төңкеріліс жасалмаса да, намысы бар, кеудесінде от-жалыны бар ұл-қыздарымыз бұл жолда қыршынынан қиылды. Одан артық революцияның керегі жоқ. өкінішке орай, осының өзіне мән беріп отырғанымыз жоқ. Оған мән беретін адамдардың өмірге қарыны тоқ, креслосы жұмсақ, өз қызығынан басқаға басы ауырмайды. Намыссыздық, құтсыздық – осы ма деп қорқамын. Біз өзімізді өзіміз құлдық дәрежеде ұстағымыз келеді. Бұл не пәле? Қабырғам қайысатын бір мәселе, егемендік алғанымызға он бес жыл болды, ауылға келгенде әлі де болса дәйекті қимыл жоқ, ауыл әне, жер алса, трактор таба алмайды, трактор тапса, оның қосалқы бөлшектері жоқ. Президент айтып жатыр, оны іске асырып жатқан ешкім жоқ. Министрлердің бәрі асфальтта туып-өскен жоқ шығар, қашанғы есі шығып Елбасының аузына қарап отыра береді. Бұл қалай? Әрқайсысының өзіне бекітілген мәселеде құзыры бар емес пе? Президент былтыр да, биыл да жол ашатын 3000 грант бөлді. Мен ең болмаса сол үш мыңның жартысын шалғайда жатқан, алыс ауылдың балаларына арнайы бөлінетін болар деп ойлап едім. Ондай әрекет байқалмайды. Әлде ел болашағын, халық қазынасын миллиондарды жинауды мақсат еткен транзитті компанияларға бір жола табыстап қойдық па? «Мұнай өндіріп жатыр» дейміз, ал бала неге өндірмейді? Жағдай туғызып, халық санын нақтылы түрде неге қолға алмаймыз? Ауыл баласы да шетелде оқысын, ол үшін ол балаға туып-өскен ауылында-ақ қамқорлық жасап, бар қамқорлығымыз бен бар қаржымызды төгіп, индивид етіп шығарайық. Инвестициялардың ішіндегі ең қайтарымдысы баланың біліміне жұмсалған инвестиция ғой. Ауылдың не екенін, ауылдың иісін білмейтін балалар шет елден оқып келеді де, ел басқарады, ал ол бала көзі көрмеген ауылдың көсегесін көгерте ме? Ағылшын тілі мен орыс тілін әулие етіп, өзімізді -өзіміз адам қатарына қосудан да қалып барамыз. Ақылға жақсылық жасау үшін «Ауыл жылы» деп арнайы ат беріп, үш жыл шеңберде ғана шектеулі көмегімізді көрсететін болдық. Қала секілді ол неге үнемі, үздіксіз, іркіліссіз, тежеусіз қамқорлық көрмейді? Міне, осы мәселелер менің жанымды жегідей жейді. Ауылға әр барған сайын жасып, жабырқап қайтамын.
– Баяғыда Асқар Тоқпанов ағамыз бір апамыз теледидардан құйқылжыта әнін салып аяқтай бергенінде: «Бәлі, мынау бір шелек суды са-р-р еткізіп құя салды ғой» деп көңіл толмастығын білдіреді екен. Өзіңіз өнерде бірге жүрген, ән салу мәнерінде ұқсастығы бар әншілерден кімді қадір тұтасыз, кімдермен араластығыңыз бар?
– Өз замандастарымның ішінен мен Зейнеп Қойшыбаеваны ерекше бөліп-жарып атар едім. Мен Зейнептей адамды бұл өмірден енді қайтып кездестірмейтін де шығармын. Зейнептің дауысы, әншілігі туралы әңгіме өз алдына, оның адамгершілігі, табиғи жаратылысы бөлек еді ғой. Әсет Бейсеуов қызық қып айтатын еді: «Менің әндерімнің бағын ашқан Зейнеп пен Нұрғали. Әндерімнің әкесі – Нұрғали, шешесі – Зейнеп» деп мәз болып отыратын. Әннің мазмұнын ашуда, оның поэтикалық қасиеттерін музыкамен үндестіруде Зекеңнің алатын орыны ерекше. Ертерек кетіп қалғаны өзегімізді өртеп кетті. Алла жазса, алдағы жылдың наурыз айында Зейнеп құрбымыз жетпіске толады. Туған жері Алакөлде Зекеңнің мерейтойын атап өтетін шығармыз. Достарымыз сиреп барады. өзімнің қанаттас құрдастарымның ішінде шығармашылықтан қол үзбей, әлі де еңбектенумен келе жатқан Мыңжасар Маңғытаев бар. Ол қазір «Отырардың шайқасы» деген үлкен эпикалық опера жазып жатыр. «Келесі жылы сахнаға шықса» деген ой-арманымыз бар. Жасымыз да келіп қалды, бірақ жауапкершілігіміз де жылдан жылға көбейіп келе жатқан сияқты. Адамның өмірі ұзақтығы мен қысқалығымен емес, атқарған еңбегімен өлшенетін шығар.
– Аға, бір сауал қойсам айып етпеңіз. Есіктің алдында тұрған қара «Волга» сіздікі ме?
– Иә.
– Мен сізді осыдан он жыл бұрын тап осы қара «Волгаңыздың» қасынан көріп едім. Біз, тыңдарман, сізді өте бір қарапайым адам ретінде білеміз. Қара «Волганы» әлдеқандай әңгіме қып отырған себебім, ол сіздің қарапайымдылығыңыздың көрінісі, өлшемі сияқты. Басқалар секілді ат ауыстырып мінуге құмар емессіз бе, қаражатыңыздың ыңғайы жоқ па, әлде басқа бір себебі бар ма...?
– Бұл қара «Волганың» әңгімесі былай. Осыдан он жыл бұрын мен алпысқа келгенде ауылдас, мектептес, кластас достарым сыйға тартқан еді. Достарымның көзі гой, солардың көңілі, солардың мінгізген қара жорғасы ғой деп аса қимастықпен қараймын. Оның үстіне бұл машинаның олар заманның сондай бір ауыр шағында, Кеңес Одағы тарап, жұрттың да базары тарқағандай болып, қым-қуыт тіршіліктің қажып жүрген кезінде, өздерінде жоқ болғанына қарамастан «ауылдан шыққан азаматымыз» деп құрметтеп берген дүниесі еді. Темірдің темірден сонша бір алшақтығы жоқ қой. Оның үстіне атамның «Ұлық болсаң, кішік бол. Жақсы болдым деп жарылып кетпей, кемістік көрдім екен деп, тарылып кетпей жүру керек» деп айтатын сөзі есімнен кетпейді. Әрине, бүгін заман басқа. Барған жерде жігіттер: «Ой, Нұреке-ау, анандай міну керек қой, мынандай алу керек қой» деп ақыл айтып жатады. Өкінішке қарай екі-үш қабатты үйде тұрсаң ғана, сені адамдыққа, араластыққа лайық деп түсінетіндер бар. Және соны шын ойымен айтады. Солар маңайына жолдас жинаудың өзінде де осы бір қағидаларды ұстана бастады-ау деп ойлаймын. Кедей екенін бетіне басқысы келмесе де, сенімен амандасқанда соны ойлап тұратын адамдарды да байқап жүрмін. Біз енді солай болып жаралдық. Осылай болып өтетін шығармыз. Сіз-бізімізді саудаға салмай, адам деген атымызды пенделікпен былғамай, тура, түзу жолдың бойында жүруіміздің өзі үлкен жүк қой деп ойлаймын.
–Әңгімеңізге рахмет!
«Айқын», 12.09.2006 ж.




















