Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Сара  Тыныштығұлова

Бағланова Роза

Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы

Бөкей хан

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Римова Бекен

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Қабышұлы Ғаббас

Римова Бекен

Асқаров Асанбай Асқарұлы

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Байбекұлы Әйтеке би

Қалихан Ысқақ

Статьи.

Ұлт денсаулығының  сақшысы

Ұлт денсаулығының  сақшысы

Кіндік қаны тамған жеріне, туған еліне, қала берді күллі қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, оның гүлденуі мен өркендеуіне ат салысу, кез келген жанның перзенттік парызы. Әсілінде саналы ғұмырыңды халыққа арнау үшін мінбелерге шығып айқайлаудың, түрлі саяси оқиғалардың көркін қыздырып, «жау жоқ заманның» батыры атанудың қажеті шамалы. Қарапайым диқаншыдан бастап, жоғары билік эшалонында жүрген марғасқаларға дейін өз еліне қал-қадірінің жеткенінше көмегін тигізіп, бар арман-мұратын қоғамның келешегімен тығыз байланыстыра алады. Осы тұрғыда әркімнің жүрегінде берік ұстанған серті болады. Серттен жалт беру – өз-өзіңді кешірілмес күнәға байлап бергенмен тең. Ал «Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың жадынан шықпауы тиіс. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі. Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі халықтың санына, білімі, мәдениеті мен өмір сүру деңгейі және өзге де өлшемдер бойынша көрсеткіштерге тікелей байланысты болады», – дегені бар. Сондай ақ, «Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы» деген қағиданы барлығымыз білеміз. Дана халқымыз: «Денсаулық – зор байлық» деген тәмсіл қалдырған. Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Бұл тұрғыда құдайға шүкір, елімізде қыруар шаруа атқарылып келеді. Тіптен президентіміздің бастауымен тарих сахнасына еніп кеткен 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялағаны баршамыздың есімізде. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың әр ісін жария етіп, еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан теміржолдары медицинасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, табан ақы маңдай терімен халықтың ыстық ықыласына бөленген Абдулла Мелдешов турасында айтпай кету мүмкін емес. Сонау 1961 жылдан басталған соқпақ бүгінгі таңда талайға бағыт сілтер даңғыл жолға, өнегелі ғұмырға айналуда.
Абдулла Мелдешов 1958 жылы орта мектемті тәмамдағаннан соң, Шымкенттегі медициналық училищеге оқуға түседі. Сол бір жылдардағы қазақ жастарының оқу-білімге, ғылымға деген құштарлығы өте зор еді. Себебі, сан ғасырдан бері қазақ халқын отаршылдықта ұстап келген үстем тап өкілдері, бізді кемсітіп, екінші сортты ұлт деп бағалап, қай салада болмасын кемсітушілікке ұшырататын. Атты, қорқытты, сағымызды сындырды. Талай қиыншылықты бастан кешірсек те ұлт ретінде мойымадық. Қазақ ғылымына, өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып келген аға буын өкілдері, сол заманның өрімдей қыз-жігіттері болатын. Ал 1961 жылы Қостанай облысы, Жангелді ауданындағы ауруханаға тіс дәрігері ретінде жіберілген Абдулла Мелдешов, сол жерде екі жыл қызмет атқарады. Білімге құштар жас үшін өмір мектебінен өтіп, ысылып, тәжірибе жинақтау барысында алғашқы еңбек жолының маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Дәрігерлік мамандықтың оңай еместігін білсе де, осы жерде талай дүниені үйренді. Десек те алдына үлкен мақсат қойған жан үшін, ең бастысы өз білімін әрі қарай жетілдіріп, шыңдай түсу болатын. Адам шын ниетімен талпынса, асу бермес асқар, бағындырмайтын қамал жоқ. Асқақ арманның жетегінде ол 1962 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік медициналық институтқа қабылданады. Бұл басқа орта, басқа қала. Айнала толған білім іздеп келген жастар. Барлығы білімге деген ынта-ықыласыңды еселей түсетіндей. Институт ғимараты мен кітапхана, кітапхана мен зертхана арасындағы үнемі ізденумен, оқумен өткен студенттік жылдар талай нәрсені үйретті, оқу-білімнің ұңғыл-шұңғылын ұғындырды. 1968 жылы жоғары оқу орнын аяқтағаннан соң, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс бекетіндегі ауруханаға арнайы жолдамамен жіберіледі. Өмірдің нағыз қайнаған қазанына түскен ол, қарапайым өндірістегі дәрігер-терапевт қызметіне кірісіп, одан әрі өрлей отырып ерен еңбектің арқасында аталған аурухананың бас дәрігері қызметіне дейін көтеріледі. 1981 жылы Қазақ теміржолдары бастығының нұсқауымен Шымкент бекетіндегі бөлімшелік ауруханаға жаңа қызметке ауыстырылып, ол жерде 1999 жылға дейін жемісті еңбек етеді. «Бейнет түбі зейнет» дегендей, жан-тәнімен өз мамандығына берілген, соның ыстығына күйіп, суығына тоңса да еш мойымаған Абдулла Мелдешов, өз
еңбегіне орай талай марапатқа ие болады. Адал еңбек, адамды қашанда биікке көтеріп, мерейін асырады емес пе? Соған сай ол кісі «СССР-дің денсаулық сақтау үздігі», «СССР-дің құрметті теміржолшысы» деген марапттар иеленсе, сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне тағады. Мұның барлығы түлкіні тымақпен ұрып алатындай оңай еңбекпен келген жоқ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қаншама күш-жігерін, қажыр-қайратын жұмсады десеңші. Бірақ халық үшін жаратылған перзент, қашанда жарғақ құлағы жастыққа тимей сол туған жеріне бар ғұмырын арнайтындығы хақ. Ұлт денсаулығының сақшысына айналған жан, ұлттың да ұлы мақтанышы. Себебі қоғамның қайнар көзі адам болса, сол халықтың денсаулығы басты назарға шығады. Бұл турасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы
жолдауында: «Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деп атап көрсетілген. Мінеки, билік тарапы денсаулық сақтау саласын оңтайландырып, оған кететін қаржыны көбейтіп, құрал-жабдықтарды жаңарту мәселесін қолға алса, ал сол істің барлығын атқаратын ақ халатты абзал жандар. Сондықтан да оларға көрсетілетін құрмет, айтылар алғыс шексіз болуы тиіс. Дені сау ұлт
қана ұлы мұраттарды бағындыра алады.

Мұрат Абайұлы

Дереккөз: «Ана тілі» газеті.

25.02. 2010

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: