Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Күлтегіннің қасына Тай-ұқық пен Теркін келді

Жуырда ғана «Мәдени мұра» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі кеңестің 2009-2011 жылдарға арналған кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед көшірмелері қалпына келтіріліп елге жеткізілген, түркі руникалық жазбалары бар Тай-ұқық және Теркін ескерткіштерінің жақын күндері Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткіші орнатылған мұрағатқа қойылатындығын айтқан еді. Министр айтқан сөзінің үдесінен шықты. Тай-ұқық және Теркін байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.
– Ағаш тамырына қарап өседі, адам баласы өзінің тарихына қарап бой түзейді. Біз ата-бабаларымыздың жауһар жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Қазақстандық патриотизм дәл осыдан басталады. Елбасының тапсырмасы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанға ең алдымен «Күлтегін» ескерткіші жеткізілді. Мәдени мұраның тұнық бастауында тұрған ең ұлы ескерткіш Жапонияның Осака қаласындағы қалыпқа келтіру орталығында дайындалды. Содан бері ата-бабаларымыздың ұлы жәдігерлерін түгендеу ісі тоқтаған емес. Біз Ұлы түрік қағанатындағы ескерткіштердің көшірмелерін Қазақстанға қайтару бағытында жоспарлы жұмыс жүргіздік. Соның жарқын көрінісі – бүгін орталарыңызға әкелініп отырған «Тоныкөк» пен «Теркін» ескерткіштері. Осыдан бір жыл бұрын Моңғолияға жасаған ресми сапарымыз кезінде сол елдің Мәдениет министрлігімен шарт жасасып, екі ескерткіштің көшірмесін жасауға рұқсат алдық. Сөйтіп, оны Астананың қақ төріне орналасқан «Күлтегін» ескерткіші жалғыз тұрмасын, екі жағында екі қанаты болсын деп, Еуразия ұлттық университетіне жеткіздік. Келесі жылы Қазақстанға төртінші ескерткіш келеді. Ол да Еуразия ұлттық университетіне орнатылады, – деді Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Түркі қағанатының бас қолбасшысы Тай-ұқық батырдың ерлік істері туралы баяндайтын екі тас ұстыны Күлтегін ескерткішінің жанында орналасса, Біріккен түркі қағанатын құрған Ел-етміш Білге Тұр-айын есіміне арналған Теркін ұстынының бірінші ескерткіші Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайында қойылды. Шараның бұл университетте өткізілуі де тегін емес. Себебі оқу орны түркология саласындағы жетекші ұжымға айналған. Мұнда Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Ғалымдар түркі халықтарының ең алғашқы жазба мұраларының бас кіта¬бы «Орхон ескерткіштерінің толық атласының» І томын шығарып, әлемнің 82 еліне таратты. Жақын күндері ІІ томы жарыққа шықпақ. Орталықтың ұйытқы болуымен 4 мәрте халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып, әлем ғалымдары жасаған баяндамалардың жинағы жарық көрді. Нәтижесінде «Біріккен түрік қағанаты», «Орхон мұралары», «Байырғы түрік жазуының генезисі» атты еңбектер дүниеге келді. Әлемдегі түркі халықтарының 3000 жыл бойы қолданған жазу мәдениетіне орай «Жазу тарихы» мұражайы Қазақстанда тұңғыш рет ашылған болса, сол мәдени ошақ Л.Н.Гумилев атындағы осы университетте орналасқан. ІІ түрік қағанатын құрушылардың бірі Елтеріс Құтлұғ қағанның түпнұсқа бас мүсіні бұл мұражайдың беделін биіктетіп тұр. Және мұнда ежелгі және ерте орта ғасырда жасалған тарихи-мәдени мұралардың 10 000 дана фотосуреті сақталған.
Тарихқа көз жүгіртсек, Тай-ұқық (646-738 ж.ж.) – Елтеріс Құтлұғ қағанмен бірге 679 жылы Тан патшалығына қарсы көтеріліп, II Түркі қағанатын орнатқан тұлға. Ол үш бірдей қағанның – Елтеріс Құтлұғ, Қапаған және Білге қағанның кеңесшісі әрі қағанат әскерінің бас қолбасшысы болған. Зиялы қайраткер «ел абызы» атанған. Тай-ұқық – шығыста Тан патшалығының солтүстігіндегі Шандунға, ал батыста Темір қақпаға (Дербент) дейінгі аралықта 10 мың шақырымдық жорық жасап, 22 мәрте алапат соғысқа қатысып, атақ-даңққа бөленген қаһарман сардар. Аталған ескерткіш қазіргі моңғол жеріндегі Тул дариясының бойында 739 жылы орнатылған екен. Ал Теркін ескерткіші Біріккен түркі (ұйғыр) қағанатын орнатқан елбасшы Ел-етміш Білге Тұр-айын қағанның I ескерткіші болып табылады. Ұстын мәтінде қағанның арғы бабалары Жоллуғ, Жамы және Бұмын қағандар дәуірінен бастап кейінгі Көк түрік қағанатының 80 жылдық билігі мақтанышпен айтылады. Сондай-ақ мұнда қағанаттың территориясы, егін алқаптары, қыстақтары, ордасы, түрік ұлысы бөлігінің құрылымы, әскери қуаты және елдікке ұйытқы болған қайраткерлер туралы мол мағлұмат бар. Теркін ескерткіші қазіргі Орталық Моңғолиядағы Теркін көлінің батыс жағалауындағы Жетіағаш алқабында 752 жылы орнатылған.
Көне тастардың көшірмесі алматылық хас шебер Қырым Алтынбекұлының қолымен қашалыпты. Тастың түпнұсқадағы түрі көшірмеге үтір-нүктесіне дейін қаз-қалпында қондырылған. Көшірме жасау барысында түпнұсқаның еш жеріне зақым келмеген. Ескерткіштердің елімізге оралуы қазақ елінің қандай ұлт болғандығын және бір рет айғақтады. Енді қолда бар алтынның қадіріне жете білетін ұрпақ болса болғаны.
Бейбітгүл ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ
Дереккөз: Ана тілі газеті
1.04.2010
Пікірлер
- .11.12.10 21:38
“Күлтегін” жайлы мәлімет көп, ал “Тоныкөк” пен “Білге қаған” жайында қайдан білуге болады. Рахмет.
- .22.09.11 14:16
“Күлтегін” жайлы мәлімет көп, ал “Тоныкөк” пен “Білге қаған” жайында қайдан білуге болады. Рахмет!