Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Қазақ халқы - мемлекет құрушы ұлт

Адамда, оның жан дүниесін еркінен тыс билейтін тылсым күштер болатынына мен өз басым сенемін. Міне, сол алтын діңгек күштер сені кейде төңірегінде қалыптасып қалған кейбір түсінік, ұстанымдармен келіспеуге, оларды өзгертуге шақыратыны бар. Ал егер ол оның заман сұранысымен үйлесіп жатса, онда жолыңның болғаны емес пе? Мен өзім дұшпанын дос, досты туыс еткен қайнар ойдың иесі Мемлекет басшысының ұлттық құндылықтар туралы, ұлттық жаңғыру мемлекет, ұлт жөніндегі айтқан сөзінен, терең ойынан, мазмұнды да маңызды пікірлерінен нәр алып, қанағаттана қуанышқа бөленемін. Ол ойлардың әрқайсысының орны бөлек. Оның бірі Алатаудай асқақ болса, енді бірі қазыналы Қаратаудай салмақты да құнды. Мәселен, Елбасымыздың 2007 жылы желтоқсанда есімі елге танылған азаматтармен жүздесудегі көрегендікпен айтқан мына көкейтесті сөздері есімде: «Біз жылдар бойы ұлтаралық татулықты нығайтуға күш салдық.Енді Қазақстан халқы Ассамблеясынан бастап, бәрімізге елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтарға тәрбие жүргізу керек» Бұл сөздер менің жылдар бойы көкейімде, жүрегімде жүрген бір ойға қозғау салды. Елбасымыздың ұлттық құндылықтарға айрықша мән беруі бойымды мақтанышқа бөледі,сондай-ақ, «Басқа ұлттардың барлығына қазақ халқының мемлекет қалыптастырушы ұлт екендігін, қазіргі барымыздың барлығын жасап отырған негізгі халық – қазақ халқы екендігі, сондықтан сол халықтың ұлттық мүддесіне оң көзбен қарау керектігін, қазақ тілін меңгеру керектігін, қазақ халқын құрметтеп, сонымен бірге өркендеуге ұмтылуы керектігін түсіндіруге тиіспіз. Мемлекетіміздің саясаты қазақтың салтынан, қазақ ұлтының мәдени ерекшеліктерінен бөлек болмауға тиіс. Біз ұлттық тарих дегенде қазіргі өркениеттік саясатты өзіміздің тарихымызбен, ұлттық ерекшелігімізбен қыздың бұрымындай етіп, екеуін бұдан былай бөлектемей бірге өруге тиіспіз» деген «Айқын» газетіндегі (28.12.2007 ж). даналық сөзі жанымды жадыратты. Алаңсыз дос пейілді, қош көңілді қазақ халқының Қазақстанда мемлекет құрушы, барлық этникалық топтардың басын біріктіруші күш екендігін дөп басып айтты. Ендігі бірлік берекенің көзі қазақ халқымен ортақ мақсат мұраттарда бірге болудан басталатындығына меңзеді. Мемлекет саясаты аясында ауызбірлікте болуға үндеді. Бұл айтылған тұжырым маған ендігі уақытта осы екі құндылықты, яғни тіл саясаты мен қазақ елі мемлекет құрушы ұлт деген ұғымдарды қатар алып жүрудің қажеттілікке айналғандығын тура әрі терең түсінуге бастағандай болды. Бүгінгі осы басқосудан бастап ендігі уақытта көпшілік қауым арасында "Қазақ халқы – мемлекет құрушы ұлт" деген тақырыпта басқосулармен жиындар өткізу туралы шешімге келуіме Елбасымыздың жоғарда айтқан ойы түрткі болды. Мақсат елімізде болып жатқан жағымды өзгерістерді, жетістіктерді кең насихаттай отырып, елді, жұртты мемлекет құрушы ұлт төңірегіне топтасуға шақыру, осы жолдың дұрыс екендігіне көпшілік қауымды иландыру.
Қазіргі мәлімет бойынша, жер бетінде үш жүзден аса ұлт болса оның бірі - қазақ халқы. Қазақ, меніңше, өзіне ғана тән табиғаты, тілі, діні, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпы бар, болмысы бөлек ерекше жаратылған ел екендігін мақтанышпен айтамын. Қазақ халқы аталы сөзге тоқтаған, барын бардай, жоғын жоқтай айта білген. Ұлын нарға, қызын арға балаған. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жердің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан ел. Ешбір дұшпан басынбаған, достықты сақтай білген, дәм тұзды ақтай білген, басынан сөз асырмаған, үйіне құлып салмаған, кең – пейілді жомарт, дос көңілді даласындай дарқан. Баршаның баласын бауырына басып, кеудесінен итермей маңдайынан шертпей отырған халық. Ол бәрінің басын біріктіруші негізгі омыртқалы - ұлт. Қазақ халқы өзгеге ешқашан өктемдік көрсетпеген. Қазір жадымыз жаңғырып, санамыз сілкінді емес пе?! Олай болса, көп ұлттылық та, көп дінділікте бұл миф! Көзбен көріп, қолымен ұстай алатын ақиқат біреу ғана. Ол – қазақ ұлты. Ол тірі, ол бар!
Ол – қазақ ұлтының негізінде құрылған Қазақстан мемлекетінің иесі. Қалай десекте оның түбінде «қазақ» сөзі тұратынын ұмыту мүмкін емес.
Бір қатар деректерге сүйенсек, сонау 1926 жылы Қазақстан халқының 87 пайызын мемлекет құрушы ұлт қазақ халқы құрған. Кеңес Одағының даярлықсыз солақай реформаларының нәтижесінде елуінші жылдары қазақ халқының саны – 28 пайызға дейін төмендеген. Ал 1991 жылы – 42 пайызға жеткен. Бүгінгі Тәуелсіз қазақ елінде қазақ саны 61 пайыздан асты. Осы аталған сандық көрсеткіштерден – ақ байқау қиын емес. Тек бір жарты ғана ғасырдың көлемінде бұл халық не көрмеді. Өз ата-мекенінде жүріп, "мың өліп, мың тірілген" елге айналды. Енді, міне, қайтадан ел қатарына қосыла бастадық. Қазақтың ұл – қызының аты бәйгеден келіп жатыр. Бұл қуаныш тек қазаққа ғана тән деп айтсам жаңылыс болар. Мұндай жетістіктер барша қазақстандықтардың күнделікті өмірінен байқалады. Жалпы бүгін Қазақстан тәуелсіз ел, олай болса, мемлекет құрушы халықтың өзіндік орнының бар екендігін біз жеткізе айтудан еш уақытта ұтылмақ емеспіз. Түрлі желеулерді айтып мемлекет құрушы ұлтты ұлықтаудың орнына көлеңкеде қалдырып, қазақ халқының обалына қалып жүрген жоқпыз ба? Олай десек, әділеттіліктен аттаған боламыз. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нормативті – құқықтық актілерінде "қазақ ұлты", "ұлттық топтар", "халық" сияқты сөздер мен түсініктер қолданылады. Сондықтан Қазақстан аумағында бір ұлт – бұрыннан өмір сүріп келе жатқан Қазақ ұлты қоныстанғанын оның ресми топырақ иесі екендігі мойындалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының преамбуласында "Біз ежелгі қазақ жерінде мемлекет құрған, жалпы тарихи тағдырмен біріккен Қазақстан халқымыз " деп жазылған. Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай, біздің мемлекетіміз тұтас бір халықтан тұрады, ал құрамы жағынан көп этностық топтар мекендеген ел. Ол – Қазақтың ежелгі жері екенін естен шығармағанымыз абзал. Сонымен қатар, әртүрлі тарихи жағдайларға баланысты, Қазақ жерінде тағдырдың тәлкегімен, түрлі себептермен келген басқа да ұлттардың өкілдері еркін өмір сүруде. Сондықтан да, «Қазақстан халқы» деген тіркес түсінік Конституциясының негізгі баптарында айтылады. Сондай – ақ онда «Мемлекеттік биліктің бір ғана көзі - халық болып табылады» делінген. Бәрі де тарихқа негізделеді. Дегенмен, Қазақстан – тарихы бай, тамыры терең, қазақ ұлтының негізінде құрылған мемлекет. Сондықтан да қазақ мәселесіне көбірек көңіл бөлінгені жөн. Менің түсінігімше, елімізде бүгінгі қалыптасқан жағдайда қазақ халқының өз ата – мекенінде мемлекет құрушы ұлт міндетін өз мойнына алып соны ақтару жолында тұрғанын ашық та анық айтатын уақыт баяғыда – ақ жеткен. Сондай – ақ оған бұл міндетті еркін демократиялық әдіс – құралдар арқылы атқаруға біз басқа ұлт өкілдері мүмкін болғанша көмектесуіміз қажет. Міне, осы тақырып жөнінде Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерімен ашық та шынайы түрде емін – еркін пікір алысулар орын алғаны жөн. Сонда ғана біз зиянды екіжүзділіктен арыламыз. Мәселен, түптен келгенде қазақ ұлтының мемлекет құрушы ұлт екенін мойындауда ғана емес, сонымен бірге оған осы жолда қолдау көрсету арқылы мемлекет ішіндегі ауызбірлікті нығайта түсуде болса керек. Қазақ мүддесіне қарай бет бұып, қазақтың жанын жылытарлықтай ісімізбен танылайық. Қорыта айтқанда Қазақстанның болашағын қазақ халқының болашағынан бөле – жара қарау мүмкін емес. Осы толық тарихи шындықты мойындай отырып, жүйелі жұмыс жүргізу мемлекетіміздің ірге – тасын нығайта түсумен тең. Сондай – ақ мұндай әрекетті ылғи да жоғардан күтіп отырмай өз арамыздан, ел ішінен бастау жақсы нәтиже беретіндігінде өз басым сенемін.
Тоталитарлық заманда ұлт дербестігі туралы ашық пікір айту қауіпті еді. Ұлт тағдыры жөнінде сөз бастаған адам жұмыстан шеттетілетін. Енді, міне, заман өзгерді, еркін ойлап, еркін еңбек ету қалыпті жағдайға айналды. Қазақ халқы да өз жерінің иесі екендігін, мемлекет құрушы ұлт екендігін ашық айта бастады. Мұндай ұстанымнан қорқудың немесе одан өзіңе төнген қауіпті сезінуге ешқандай да негіз жоқ. Өйткені елімізде жария етілген саяси - әлеуметтік теңдік тек сөз жүзінде емес, өмір оның іс – жүзінде екенін көрсетіп отыр. Олай болса, мемлекетіміздің осы жетістігін жас ұрпаққа жеткізе білу олардың өз еліне деген сенімін арттыра түсері хақ.
Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі кезеңдегі еліміздің қол жеткен жетістіктері естір құлақты қуантып, көрген көзді сүйсіткен таңғажайып құбылысқа айналды. Бұл күнде әлем Қазақстанды, оның мейірімді де қайырымды, көпшіл де бірлікшіл халқын біледі. Қырандай қалқып, сұңқардай самғап әлемнен сенімді серік, тату көрші, айнымас дос таба білген терең ойлы, кемеңгер басшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бүгінде жер бетінде танымайтын жан жоқ шығар. Тек оның бұл ерең еңбегін бағалай білейік. Елімізге осыншама бақыт сыйлаған.Тәуелсіздікті ұлықтайық. Бүкіл Қазақстандық болып қазақ елінің төңірегіне топтасайық. Шынайы бақыт – береке осы ұстанымда.
Осман Асылы Әлиқызы
Филология ғылымының кандидаты,
«Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің,
Алматы облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі