Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Елінің шуағына бөленген азамат

Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Асанбай Асқарұлы Асқаров Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірінші басшысы қызметтерін 27 жыл бойы, үзіліссіз өте абыройлы атқарды. Осы ірі үш облыстың біреуі – астаналық Алматы облысын 13 жыл басқарып, облыс және астана экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне зор ықпал жасады. 1965 жылдың 11 сәуірінде Алматы облысына басшылыққа келген бетте-ақ, ең әуелі қала сәулеткерлері мен жобалаушылардың пікірлері мен пайымдауларына ден қойды. Содан кейін көрнекті ғалымдар мен қала құрылысшылардың үлкен тобын тартып, қаланың бас жоспарын жасады. Артынша Алматының Ленин (қазіргі Достық даңғылы) мен Абай даңғылы бойындағы көп қабатты әсем ғимараттар, тұрғын үйлер түгелге жуық жаңадан салынды. Бұрын мұнда бес қабатты үйлер ғана салынып келсе, ендігі жерде он, тіпті одан да көп қабатты үйлер салуға қол жетті. Абай даңғылы бойындағы әсем ғимараттар: Республика сарайы, жаңа 28 қабатты қонақ үйі, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, орталық монша, үлкенді-кішілі әмбебап дүкендер, мейманхана, театр үйлері, Неке сарайы бой көтерді. 1978 жылы Алматыда 28 Панфилов атындағы саяжайдағы Жеңіс мемориалы, бұған жалғас Медеу спорт кешені, қаншама ықшам аудандар және басқа көптеген құрылыстар бірінен кейін бірі бой салынды.
Аз жылдың ішінде күннің шығысындағы жасанды теңіз жағасындағы Қапшағай қаласы бой көтеріп шыға келді. Алматыны ерте мезгілде картоп-көкөніспен қамтамасыз ету үшін, Қапшағай су қоймасының сол жағындағы бос жатқан жазықта қосымша екі совхоз бой көтерді. Алматыдан 60-70 км жердегі Іле дариясының мол суы күріш алқабына жеткізілді. Жаңа Қапшағай қаласы мен 436 мың киловаттық электр стансасы салынды. Осы жаңа қалада фарфор зауыты, құрылыс комбинаты, балық зауыты, т.б. мәдени-әлеуметтік құрылыстар іске қосылды. Қазір бұл қала облысқа бағынады.
Алматы үшін Асанбай Асқарұлы қаншама қажырлы, жемісті еңбек етті, көркейтті, гүлдендірді. Алматының дәрежесі Алатаумен пара-пар болды. Алматы қаласы республика орталығы болғандықтан және қала Алатау баурайындағы көк желек ағаш пен жеміс-жидекке өте бай әсем табиғат аясына орын тепкендіктен мұнда көркем құрылыстар бой көтерді. Метро құрылысы басталды. Бұлардан басқа ондаған мәдени-құрылыс ғимараттары мен тамаша үйлер салынып, Алматы қаласы ең тамаша көк желекке бөленген көрікті мекенге айналды. Осы ретте мемлекет қайраткері Атымтай Қисанов бір естелігінде атамның Алматы қаласы мен облысына сіңірген еңбегі жөнінде былай деп жазады: “Асқаров астанамыз Алматының Алматы болуына көп еңбек сіңірді. Қонаевтан кейінгі білгір құрылысшы-сәулеткер, іскер маман, беделді басшы екенін бірге қызметтес болғандар біледі. Көздері де көрген. Алматыға келісімен Асқаров астананы көркейтуге көңіл бөлді. Астана қандай болу керек деген мәселе төңірегінде ой елегінен өткен талай келелі әңгімелерін естігенбіз. Көкейіндегі көп мәселені дәлелдеп, жеріне жеткізе білетін экономист-ғалым өзінің білгірлігімен, білімдарлығымен биік беделге ие болды.
Асекеңнің арқасында облыстың тіршілігіне оңды өзгерістер кіре бастағаны байқалды. Ол ең алдымен облыс кадрларының іске, тапсырылған жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктерін арттырды. Партия орындарының қаулы-қарарларын орындау мәселесіне ерекше мән беріп, оған қатаң бақылау орнатты. Жұмыс бабында кадрлардың жауапкершілігін сұрап, талап ету жағдайында орынсыз дауыс көтеріп, тіл тигізіп, адамның арына-намысына тию сияқты өрескелдік, мәдениетсіздік көрсеткен емес. Ал кейбір басшылық қызметтегілерде мұндай әдеттердің жиі кездесетіні белгілі ғой. Асанбай Асқарұлы облыс кадрларын дұрыс тәрбиелеп, алға қойылған әлеуметтік-экономикалық, қысқасы облыстың халық шаруашылығын жақсартып қана қоймай, оның дәрежесін арттыруды қамтамасыз етті. Сөйтіп, облысты республикадағы алдыңғы қатардағы облыстың біріне жеткізді. Бұл жағдай оны Қазақстан Орталық партия Комитетінің Бюро мүшесі болуына себепкер болды. Алматы – өндіріс пен өнеркәсіптің ғана емес, әдебиет пен өнердің, мәдениет пен ғылымның астанасы. Осы саладағы адамдарға жағдай жасап, қамқор болуда Асанбай аса жауапты жұмыстар атқарды...”. Сөйтіп, Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы ірі өндірісті, көркейген, сәулетті қалаға айналып, жаңарған Алматы халқымыздың үлкен мақтанышы болды.
Асанбай Асқарұлы басқарған жылдары Алматы қаласы халқының саны тез өсе бастады, әсіресе Сібірден келіп қоныстанушылардың саны көбейді. Қалада тамақ өнімдері жөнінде сұраныс өсті. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласын ет-сүт, жұмыртқа, көкөніс өнімдерімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету талабы қойылды. Бұл мәселелерді шешуде атам үлкен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Атамның Алматы қаласына сіңірген еңбегін мемлекет қайраткері Сағидолла Құбашев: “Асанбай Асқаров – астаналық облыста ұзақ жыл тұрақтаған бірінші басшы. Ол әсіресе облыс үшін орасан зор еңбек етті, өшпес іздер қалдырды. Барлық аудандарда колхоз-совхоздар, ауылшаруашылық ғылыми орталықтары жаңарды, ірі құс фабрикалары, ет-сүт комплекстері салынып, ауылшаруашылық өңдейтін кәсіп орындары іске қосылып, Алматы облысы сенімді жаңа өлкеге айналды”, - деп өте орынды атап өтті.
Асанбай Асқарұлы 1965 жылы сәуір айының басында Алматы облыстық партия комитетіне бірінші хатшы болып сайланды. Ол өз қызметіне кіріскен уақыттан бастап білімділігі, іскерлігі, ұйымдастыру қабілетінің күштілігімен ерекшеліп, көзге түсті. Алматы облысына хатшы болып келісімен дереу дәндік және сүрлемдік жүгерінің, сондай-ақ, сояның, көкөністің, қант қызылшасының егіс көлемін ұлғайттырды. Өйткені, облыста сауын малдары өте көп еді. Ал миллион халқы бар Алматыны жеміс, көкөніспен, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін бұлардың көлемін ұлғайтып, шығымдылығын арттыру қиын еді. Осы мақсатта қала төңірегінде жүздеген ет, сүт, жұмыртқа, бау-бақша, көкініс өнімдерін өндіруге маманданған шаруашылықтар құрды. Облыста жалғыз қант зауыты бар. Оны шикізатпен қамтамасыз ету үшін де осылай ету қажет еді. Бұл дақылдардың бәрі суармалы алқаптарға егіледі. Ал оларды суаруға су қоры тапшы. Жаз ортасында су қоры азайып кететін де мыңдаған гектарға егілген дақылдар судан қалатын. Осыны ескеріп, Бартоғай су қоймасы мен Үлкен Алматы каналының құрылысын тездеттірді. Қараой, Ақши, Шеңгелді, Ақдала алқабын игеру қауырт жүргізілді, Күрті су қоймасының құрылысы жеделдетілді. Осының бәрінде атамның үлесі бар. Суармалы егіншілікті дамыту Талғар, Еңбекшіқазақ, Шелек, Қаскелең, Балқаш аудандары шаруашылықтарының су проблемаларын шешті. Қай дақылдан болсын, мол өнім алуға қол жеткізді.
1965-1967 жылдары Алматы облысының алыстағы Сарытауқым, Қараой, Аңырақай, Іле жағасы, Балқаш өңірі, таулы аудандардың малшыларына түгелдей ағаштан қиып екі-үш бөлмелі үй салдырып, малдың қысқы-жазғы жайлымдарына мәдени орталық салынды. Ал, алыс аудандардың орталықтарына – Ұйғыр, Нарынқол, Кеген, Шелек, Жамбыл, Ұзынағаш селоларына жаңа үлгіде клуб-мәдениет үйі, мектеп, монша, әмбебап дүкендер, тұрмыс қажетін өтейтін үйлер т.б. салынды. Ал, алыстағы Балқаш ауданына 300 км жерге тас төселіп, ауданның орталығына барлық мәдени-тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер толық салынды. Балқаш ауданын екі бөліп, Іле дариясына көпір салынып, Күрті ауданын құрып, Алматы қаласынан Балқаш көлінің жағасындағы қыстақтарға дейін тас жол тартылып, асфальт төселді.
Алматы қаласын еш жерден тасымалдамай картоппен қамтамасыз ету үшін Нарынқол ауданында төрт картоп совхозы шаңырақ көтерді. Мұның сыртында бос жатқан қара топырақты, құнарлы жерді игеріп, дәнді астықтың көлемін көбейтіп, Нарынқол, Кеген аудандары өз экономикасын арттырумен қоса, халқын жұмыспен қамтамасыз етті. Ешкімнің ойына келмеген бұрынғы Кеген, Нарынқол аудандары жерлерінің құнарлылығын байқап, қаланы картоппен қамтамасыз ету үшін бірнеше маманданған шаруашылықтар ұйымдастырғаны, Қапшағай су қоймасын пайдалану арқылы Балқаш ауданындағы күріш өндіретін көлемі үлкен шаруашылықтардың дүниеге келіп халықтың игілігіне айналғаны атамның еңбегінің табысы ретінде оның тарихында көп ғасырлар бойы сақталатыны сөзсіз.
Атам Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген кезінде Орталық Партия комитетінің беделді бюро мүшесі болды. Министрліктердің, ірі-ірі завод-фабрикалардың, партия ұйымдарының жұмысымен тікелей шұғылданып, ақылдасып отырды. Сөзіміздің дәлелі ретінде қоғам қайраткері, жазушы Сейдәлім Тәнекеевтің мына бір естелігін бергенді жөн көріп отырмыз: “Алматы облысында Қараой өңірінде жаңадан үш совхоз құрылған еді. Бірақ, бұл жердің құнарлы қыртысы жұқа, құрғақшылығы мол болғандықтан, өнім бірде болса бірде болмай, ауыртпашылық туып тұратын. Асекең Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы сайланған соң Қараойды игерудің ғылыми негізінде комплекстік жаңалығы мол шараларын жүзеге асырды. Бүкіл Қараойда эрозияға, аңызаққа қарсы қорғаушы орман салу, шөп танапты ауыспалы егіс жүйесі қолға алынды. Жерді айдаудың жаңа тәсілі игерілді. Сөйтіп, Қараой миллиондаған тонна шөп, мыңдаған тонна жем беретін, шошқа мен құс етін, сүт, май, жүн өндіретін ірі құнарлы өңірге айналды. Қараой Алматы облысының мақтанышына айналды.
Алғаш тың игеру басталған кезде Алматы облысының осы күнгі Райымбек ауданының таулы жерінде астық егуге болады деген мәселе көтерілген еді. Бірақ, теңіз деңгейінен биік, таулы өңірде бидай піспей қалады деген күмән жеңіп, мәселе қолға алынбай қалған-ды. Таулы өңірді жақсы білетін Асекең (ол кездегі Кеген, Нарынқол аудандарында) Қарқара-Шәлкөде өңіріне жаңадан тың совхоздарын құрып, картоп, арпа, ақсұлы, ерте пісетін бидай егу мәселесін қолға алды да, нақты агротехникалық шараларды жүзеге асыруға бас-көз болды. Қорытындысында Райымбек ауданының шаруашылықтары астықты, картопты, малды өңірге айналды. Аудан өкіметке мыңдаған тонна картоп, дәнді астық беріп, 700 мыңға жуық қой-ешкі ұстауға қолы жетті. Аудан шаруашылықтары түгел радиоландырылды, электрлендірілді, тіпті, теледидар көруге де мүмкіндік алды”.
Демек, сол жылдары Алматы облысы мен қаласындағы салынған мәдени ғимараттар, денсаулық және ағарту мекемелері, жол құрылыстарының басы-қасында атамның болғаны жұртшылыққа аян іс еді. Өйткені ол елдің қамын терең ойлайтын. Елдің экономикасын нығайту үшін күні-түні жұмыс істейтін және әр мәселені терең ойлап, келешектің жобасын әріден жасайтын. Ауыл экономикасын еселеп арттыру үшін нақты басшылық керектігін білгендіктен Алматы облысында, қаласында жаңа аудандар ұйымдастырылды, сонымен бірге 68 жаңа шаруашылықтар шаңырақ көтерді, соның ішінде бұрын болмаған үлкен құс фабрикалары, бордақылау комплекстері, картоп-көкөніс совхоздары бар. Осындай жігерлі де нысаналы басшылық нәтижесінде Асекең бірінші басшы болаған жылдары (1965-1978) Алматы облысында астық өндіру 1,8 есе, көкөніс 1,3 есе, картоп 2,2 есе артты. Осы кезде суармалы жер 180 мың гектардан 300 мың гектарға жеткізілді, жаңа Ақдала, Шеңгелді алқаптары егіншілікке игерілді. Қарадала алқабы жаңадан іске қосылып, Есік, Талғар, Шелек, Қаскелең, Күрті, Жамбыл аудандарында суармалы жер алқаптары кеңейтіліп, жаңа жерлер игерілді. Облыс территориясы, ауыл-село жолдары негізінен жақсартылып асфальт жолға айналды, барлық елді мекендер, мал қораларына дейін электр желілері тартылып электрлендірілді. Міне, мұндай толық айтылмаған, бірақ іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде облыстың экономикасы мен мәдениеті қарыштап өсті. Сол жылдары Алматы облысы екі рет Ленин орденімен наградталды.
Алматы қаласы облыстық партия ұйымының құрамына кіретін, барлық басшылық обком құзіретінде болатын. Облыстың бірінші басшысы ретінде Асекең Алматы қаласымен, оның экономикасы, құрылысы, мәдениеті бәрі-бәріне үлкен назар аударып отыратын. Экономист-ғалым Қ. Сәбденов: “Асанбай Асқаров үлкен ел ағасы, кемеңгер мемлекеттік басшы ретінде үлкен бір қасиеті өз еңбегімен басшылық сатысына көтерілген азаматтарға шын ықыласымен, ақ көңіл, терең парасатпен баға беріп, оларды көз қарашығындай сақтап, орынсыз зәбірлемейтін. Ол кісі: “жақсы кадрларды тәрбиелеп шығару үлкен ғылым мен тазалықты талап етеді. Арлы, білгір кәсіби басқарушы басшыны тәрбиелеу инемен құдық қазғандай. Партия комитеттерінің ең басты жұмысы көп халықтың ішінен жақсы кадрды тауып алып тәрбиелеп өсіру” деп отыратын”, - деп жазады. Бұл пікір атамның өзінің: “Жалпы алғанда, әскерден келгеннен бері комсомол, партия жұмыстарында 40 жылдай еңбек еттім, оның 25 жылында облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқардым... Қай жерде жұмыс істемесем де, партиялық, мемлекеттік тәртіпті сақтауды өзімнің борышым деп есептедім. Тіпті әскерде курсант, сержант, офицер дәрежелерінде болған кездерімде де, тәртібіме жаза қолданылып көрген емес, - деген өз сөзімен сабақтасып жатыр.
Асанбай Асқарұлы Алматы облысын басқарған 15 жыл ішінде облыстың халық шаруашылығы салаларында қол жеткен табыстар үшін партия мен өкімет оны бес Ленин орденімен бірге, басқа да көптеген мемлекеттің ордендерімен, медальдарымен марапаттады. 1965-1978 жылдары Алматы облысы партия комитетінің бірінші хатшысы және Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі қызметін атқара жүріп, Кеңес Одағы Компартиясының Орталық комитеті жанындағы қоғамдық Ғылым академиясында дәріс алып, “Экономические проблемы интенсификации животноводства (на примере овцеводства юга-востока Казахстана)” деген тақырыптағы диссертациясын өте жақсы қорғап, Ғылымдар академиясы алқасының 1968 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен экономика ғылымының кандидаты дәрежесіне ие болды.
Асанбай Асқарұлы – Социалистік Еңбек Ері. Бес Ленин орденімен, Октябрь революциясы орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. Мұның сыртында қаншама медаль мен грамоталар берілді. Халықаралық акмеология жөніндегі ғылымдар Академиясының академигі болды. Атам әдеби шығармашылық саласында да айтарлықтай еңбек етті. Көзімен көрген, ойында қалған, басынан кешкен өмір құбылыстары туралы бес кітап жазып, баспадан шығарды. Олардың ішінде “Тағдыр”, “Жұмақ пен тозақ жырлары”, “Көзқарас”, “Ұлы Тұранның ұлдары” секілді еңбектері қалың елдің қолына тиіп, құрметпен ұстайтын кітаптарына айналды.
Сөз соңында мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиевтің “Асекең асқан асулар” атты естелігінен үзінді келтіргенді жөн көрдік: “Сөйлесе тереңнен толғап көсілетін, жұмысты жан-тәнімен беріліп істеп жапарып тастайтын Асекең үшін шаруаның ұсақ-түйегі болмайтын. Ол қандай мәселеге де үлкен мән беріп қарайтын. Қашан ол жүйелі шешімін тауып, жүзеге асқанша жарғақ құлағы жастыққа тимей өзіне де, өзгеге де тыным бермейтін”. Бұл – Алаштың адал ұлы Асанбай Асқарұлына берген әділ баға. Осындай елім деп туған азаматтың халыққа жасаған игі істері бүгінгі болашақ жадында жатталады деген сенімдеміз.


















