Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Яхия Аубәкірұлы Әубәкіров

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Тілендиев Нұрғиса

Тоқтар Әубәкіров

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Әжиев Үкі

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Қалихан Ысқақ

Мұқанов Сәбит

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Өнербай Нұрлан Әлтайұлы

Әбілқайыр хан

Статьи.

БОПАЙ ХАНЫМ

БОПАЙ ХАНЫМ

Бопай ханым. Қазақтың соңғы және заңды ханы Кенесарының туған қарындасы. Кей деректерде оны "Бопай ханша" деп те атаған. Кезiнде жар сүйiп, ана болған Бопайдың қазақ әйелдерiнiң қалыпты тұрмысына мойынсұнып, "отбасы, ошақ қасында" қалуы мүмкiн-дi. Алайда жаратылысынан қайсар жан басқа тағдырды таңдады...

БIР ҚҰРСАҚТАН АЛТАУ
Қазақ хандарының көп әйел алғаны мәлiм. Абылайдың ұлы Қасымның бәйбiшесi Айкүмiстен алты бала өмiрге келiптi. Олар: Кенесары, Саржан, Есенгелдi, Көшек, Ағатай және Бопай. Тарихи деректерге қарағанда, Саржан мен Есенгелдi өзбек құшбегiлерiнiң қолынан ажал тапса, Кенесары мен Бопай орыс отаршылдарына қарсы күресте елге танылған. Халық аузында қосарлана айтылатын "Кенесары-Наурызбайдағы" Наурызбай Қасым ханның басқа әйелiнiң құрсағында жаратылған.
Қаһарлы Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы Жошыдан тараған қазақ хандары туралы көрнектi жазушы Iлияс Есенберлин ешкiмнен кем жазған жоқ. Өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында жарық көрген "Қаһар" романы түгелдей Кенесары Қасымұлының отаршылдарға қарсы ерлiк күресiне арнаған-ды. Романда жазушының Кенесары бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерiлiсiне iш тартуы сезiлмей қалған емес. Рас, өзiнен бұрын Кенесары тақырыбына түрен тартқан Бекмахановтай аяусыз қудалауға ұшырамады. Тарихи деректерге негiзделген "Қаһарда" көбiне хан Кене сөз етiледi де, Бопай ханым жөнiндегi мәлiметтер аздау. Сiрә, жазушының шығармашылық қиялын тек басты кейiпкер ғана баураса керек. Сондықтан қазақтың осы батыр қызы туралы қалам тербегенде, тарихшы-ғалым Айткүл Махаеваның "Тойшыбек би және оның заманы" атты монографиясына сiлтеме жасағымыз келедi. Бiрден айтарымыз, Бопайдың қай жылы өмiрге келiп, қай жылы дүниеден озғаны туралы дәл дерек жоқ. (Мүмкiн, бiзге беймәлiм шығар – Авт.) Соның салдарынан тек ересек өмiрi жөнiнде сөз етемiз.

БАТЫЛ БОЙЖЕТКЕННЕН БАТЫР САРДАРҒА ДЕЙIН
Төре тұқымынан шыққасын болар, Бопай бала кезiнен өжет те батыл боп өсiптi. Бойжеткенде де сол қалпынан айнымаса керек. Тiптi, күйеуi Сәмекеге ұзатылғаннан кейiн де үнемi атқа отырып, "еркекшора" атаныпты. Сонда да ол жұбайлық парызын ұмытпай, Сәмекеге шекесi торсықтай алты ұл сыйлайды. Кейiн алты ұл ержетiп, анасымен бiрге атқа қонып, ел қорғауға аттанды. Құдды бөлтiрiктерiн соңына iлестiрген көк бөрiнiң қаншығына ұқсап...
...Кейбiреулер Кенесарыны отаршылдарға қарсы бiрден соғыс ашты деп есептейдi. Қате түсiнiк. Ол 1837 жылға дейiн жағдайды бейбiт түрде реттеу үшiн бар күш-жiгерiн аямаған. Алайда ақ патша мен жымысқы отаршылдардың озбырлығы шектен шыққасын, амалсыздан қолына қару алды. Хан Кененiң батырлығы мен қайсарлығына кәмiл сенген үш жүздiң билерi 1841 жылы қыркүйекте оны ақ киiзге көтерiп, қазақтың ортақ билеушiсi етiп сайлаған. Сөйтiп, уақытша болса да, Қазақ хандығын қалпына келтiрген. Ал бұған алпыс екi айлалы Ресей империясы көнiп отыра ала ма?! Дұшпандығын онан сайын үдеттi. Мiне, он жылға созылған сол соғыста Бопай Кенесарының барлық iрi шайқастарына қатысып, сәл саябыр сәттерде қол бастап, партизандық жорықтар да жасапты. Сөйтiп батыр сардарлардың қатарын толықтырса керек.
Күрестi жақтамаған күйеуi Сәмеке мен оның туыстарынан ат құйрығын үзген Бопай қанды шайқастарда сарбаздары және ұлдарымен бiрге талай көзсiз ерлiктерге барды. Қараөткел сынды (бүгiн Астана қаласының маңайы) iрi және басқа да қатардағы бекiнiстердi атойлаған, гүрсiлдеген зеңбiректер мен қалың мылтықтың оғының өтiне тiке шапқан әйелдi байқап қалып, кейбiр орыс жауынгерлерi аяп, оқ атпаған да сыңайлы. Сiрә, әйел екенiн байқап қалған. Сонда да қантөгiстiң аты қантөгiс. Астындағы аты да талай оққа ұшып, жаумен жекпе-жек жанталасқан екен қазақтың қайсар қызы. Тап сол заманда алыстағы Үндiстанда да ұлтының ержүрек қызы Лакшми Бай да ағылшын отаршылдарына қарсы күресте жан алысып, жан берiсiп жатты. Осылай Азияның батыр қыздары нәсiлшiл еуропалықтардың алдында намысын жоғары ұстады. Тек айырмашылығы – Лакшми Бай жауын жағасынан ала, қапыда қаза тапты...
Қайда жүрсе де, қарындасын көзiнен таса қылмаған Кенесары көп ұзамай Бопайды зекет жинайтын және көтерiлiске қарсы төрелер мен ауқаттылардың мал-мүлкiн тартып алатын 600 адамдық жасақтың сардары етiп қойды. Бұдан басқа, Бопай Қасымқызының ұйымдастыруымен Кенесарының қолында қыз-келiншектердiң жасағы да болыпты. Саяси қылмыскер ретiнде қазақ даласына жер аударылған, поляк А. Янушкевич 1846 жылы 4 шiлдеде күнделiгiне "...Кенесарының 1500 сарбазынан өлiдей екi зеңбiрегi мен 500 қызынан айрылғаны айтылды. Қол санын молайту мақсатында оның әскерi еркекше киiнген көп әйел мен қыздан құралған", – деп жазған болатын. Басқа деректерде Кенесары сарбаздарының арасындағы қазақ қыздарының қолға түскен кезде "Мен-қызбын" деп шашын жайып, өлiмнен аман қалып, қырғызбен соғыста оларға кейiн келiн болып кеткенi де айтылады. "Оның (Бопайдың) жанында жүретiн Арғынның қызы Алтыншаш пен Табынның қызы Ақбөкен де өзi сияқты ерге ердей, серiге серiдей жолдас бола бiлетiн қайратты да айбатты қыздар едi" деп жазған қазақ ханымдарының өмiрiн зерттеп жүрген С.Ақтаев. Бопай Кенесары хан Жетiсуге келгенде де зекет жинайтын топты басқарған. Сонымен бiрге Жетiсудың да батыр қыздарын көтерiлiске тартты. Мiне, осылай қазақтың талай есiмi бiзге белгiлi және белгiсiз қыздары 1837-1847 жылдары азаттық соғысында намыстарын қайраққа жанып, ерлiкпен қаза тапты немесе даңққа бөлендi.

АҒАСЫНЫҢ ҚАЗАСЫ
Кенесарының қырғызға қарсы жорығы оның өлiмiн тездеткен ең соңғы және қатерлi қадамы болатын. Осы жорыққа Сыпатай би, Рүстем төре, Бөгенбай сынды беделдi азаматтар үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, ханнан бөлiнiп кеттi. Бопай ханым ағасын мақұлдамауы былай тұрсын, қолға түскен қырғыздың батыры Жаманқараны өлтiруге үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. Тiптi ол жорық алдында "Түсiмде шашым ағарып кетiптi" деп, Кенесарыдан шабуылды тоқтатуын сұраған. Алайда хан Кене тыңдамады. Оның бiр топ төрелермен қолға түскенiн естiп, қайғы жұтқан Бопай дереу аттанғанымен, үлгере алмады. Ендi қырғыздың ханы Орманнан: "Өлген жандар өлiптi, қалған жандар қалыпты, соларды қор қылмай, алып қайтуға болар ма екен?!" деп, алдына бас ұрып, рұқсат сұраған. Бiр қызығы сол, Орман келiсiп, Бопаймен бiрге тұтқындарды керi қайтарыпты. Мұның өзiнен Бопай ханымның тек ержүрек сарбаз ғана емес, мәмiлегер жан екендiгiн көруге болады. Мәселен Бопайдың жас кезiнде Қоқан ханына барып, қапыда қолға түскен әкесi Қасым мен бауырларын босатып алуы туралы да дерек бар.
Кенесарының өкiнiштi өлiмiнен соң, қайғы жұтып, он жыл бойы аттан түспей, елiнiң азаттығы жолында жорықтың ыстық-суығын ер-азаматтармен бiрдей бөлiскен Бопай ханым да бiр сәтте ай маңдайын әжiм басқан кемпiрге айналып, атамекенiне оралған. Әлi күнге дейiн айбатты ананың қашан өмiрден өткенi белгiсiз болуы өкiнiштi-ақ. Алайда оның есiмi ұмытылған жоқ. Қазақ қызының қайсарлығы мен өрлiгiнiң бейнесi ретiнде тарихта мәңгiлiкке қалды.

Серiк Ықсанғали

Дереккөз: Халықаралық апталық сараптамалық "Түркістан" газеті, №15, 14.04.2011 ж.

Пікірлер

.16.02.12 22:15

Мен бұл деректі шынымды айтсам осы кезге дейін білмей келдім.Бопай ханымның ерликтери ауыз толтырып айтарлыктай болсада халык арасында айтылып журген жок. Себеби умытылып бара жатыр. Типти бул деректи билетин адам кемде кем. Мениңше бул деректи мектеп окулыгына енгізу керек сол кезде гана болашак ұрпақ қазақтың қайсар қыздарын біліп жүреді деген ойдамын.
Сайтка үлкен рахмет. Егер бұл сайт болмаганда мен осындай құнды деректі білмей жүре берер ма едім?...
Қазақтың ержүрек, өжет, қайсар қыздарының қатары көбейе берсін!

.01.03.12 03:51

Мен бұл сайтты бүгін бірінші рет ашып отырмын. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін. Нағыз ұлт намысын оятып, қазақ халқын алға жетелейтін сайт екен. Қадамдарыңыз алға жылжи берсін.

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: