Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
<a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
<a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a>  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Бағланова Роза

Ысмайылов Әубәкір

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Ермек Бекмұхаметұлы Серкебаев

Тоқтар Әубәкіров

Мұсаходжаева Айман

Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Римова Бекен

Осман Асылы Әлиқызы

Байтоқанова Алтынай

Соловьева Айгүл Сағадибекқызы

Мақатаев Мұқағали

Статьи.

Бибігүл Төлегенова: “Бұлбұлды айтудан қалған күні сахнадан кетемін”

Бибігүл Төлегенова: “Бұлбұлды айтудан қалған күні сахнадан кетемін”

Қарлығаш көмей құрбым-ау,
Бір  бұрау емес, мың бұрау.
Қай күні, қандай Анадан
Бағына елдің тудың-ау?!

Ізеттім әрі келбеттім,
Қасыңда жүріп көрмеппін.
Бір кезде шарлап жер-көкті,
Шарықтап ұшып сен кеттің.

Өмірің сенің жаз бүгін,
Ойлама өмір аздығын.
Есітер құлақ болса егер,
Есінде жүрер назды үнің.

Естілер сенің осы үнің,
Ашқанда ұрпақ есігін.
Уілдеп жатқан сәбидің
Тербетер әлі бесігін!

Айналса болар тіліңнен,
Тіліңнен, әрі үніңнен.
Айырма, тәңір, осы үннен,
Айырма Бибігүлімнен!

Мұқағали осылай айтқан.

Бұл - бәріміздің сөзіміз. Біз бәріміз Бибігүл Төлегенованы қазақ халқының мақтанышы, ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы, бұлбұл үнді әншіміз, өмірде де, өнерде де өрелі өнеге, үйренерлік үздік үлгі көрсетіп келе жатқан асыл адамымыз деп ардақтаймыз. Айтса айтқандай. Қазақ радиосының әншісі болып жұмысқа орналасқан сонау 1950 жылдан бері Бибігүл Ахметқызы бізді әсем әнімен де, сұлу сәнімен де қашанда қуантумен келеді, алпыс жылға жуықтаған осы уақыт аралығында табиғи талантын саф таза  күйде ұстап, кісілігіне кіршік жұқтырып көрмеген мұндай тұлғалар өнер әлемінде некен-саяқ.
Біз жақында Алматыға арнайы барып, әншімен егжей-тегжейлі сұхбат құрып қайттық. Енді сол әңгімеге назар салыңыз, ардақты ағайын.

- Ардақты Бибігүл Ахметқызы! Сіз өткен жылдың аяғында өмірдің тағы бір белесінен астыңыз. Қазақтың арғы-бергідегі жақсысы мен жайсаңының жасын түгендеп, мүмкін-қадерінше мерейтой, мүшелтойларын атаусыз қалдырмауға тырысатын "Егемен Қазақстан" ол датаға орайластырып мақала жариялап жатпады. Ондағы ойымыз өміріңіз, өнеріңіз жайында өзіңіздің айтар әңгімеңізді өз сөзіңізбен жұртқа жеткізу еді. Ана жолы Астанаға барғаныңызда осы мерейтойыңыздың тұсында арнайы әңгіме жасау жөнінде уағдаласқан едік. Сол сұхбаттың сәті енді түсіп отыр.
Сіздің өнеріңізге баға берілудей-ақ берілген. Әншілік кереметіңіз әлемге әйгілі деудің артықтығы жоқ. Астанадан Алматыға келе жатып, ұшақ бортында "Тengrі" журналының биылғы екінші нөмірінен сіз туралы мақала оқи алдым. Онда: "По решению ЮНЕСКО ее имя внесли в список двадцати выдающихся женщин ХХ века. Она единственная в мире обладательница колоратурного сопрано, поющая после 50 лет" деген сөздер бар екен. Өнеріңіздің бар бағасын осы қарапайым екі сөйлем-ақ жеріне жеткізе айта алады деп ойлаймын. Әңгімемізді бұл биікке бастаған баспалдақтардан, өзіңіздің өміріңіздің бала шағынан тартып айтсаңыз деймін. Кеше ғана дүниеден өткен академик Рымғали Нұрғали ағамыз сізді ағайынымыз деп отыратын еді. Студент кезімізде Оралхан Бөкейдің сізді жерлесіміз деп жазғаны есімде қалыпты. Қайсысының айтқаны дұрыс?
- Қазір екеуінің де айтқаны дұрыс болды... Енді Шығыс Қазақстан облысынанмын деп сөйлеймін ғой. Ал негізінде Абыралыдан шыққанбыз. Кейін әкеміз Семейге көшіп келіпті. Мен сонда туғанмын. Әкемнің азан шақырып қойған аты Мұхаммед-Ахмет екен. Мұхаммед-Кәрім деген ағасы болған. Атамның аты - Шортанбай. Ана жолы Гүлфайрузбен әңгімеңізді (2009, 25 қараша) оқыдым, сондағы сияқты менің фамилиямда да ауыс-түйіс бар. Дұрысында фамилиям не Шортанбаева, не ол кісінің әкесі бойынша алсақ Байғонысова болуы керек екен. Менің фамилиям нағашылар жағынан шыққан. Әкемнің нағашысы Нәби деген кісі, ол кісінің әкесінің аты - Төлеген. Құжаттарда Телегенов болып жазылып кетіпті. Ана жылы өз әкемнің атылуына қатысты істі ақыры Телегенов деген фамилия бойынша іздетіп жүріп таптырып алдым.
Адамға дарынның қай жақтан, қалай қонатынын біліп болмайды. Көбіне ген арқылы ауысатыны рас. Жақында Астанаға Алмас Сер¬кебаевтың келіп кеткенін естідім. Ермектің қаны балалары, немерелері ғана емес, жиендерінен де танылады. Қазіргі ең атақты дирижеріміз Алан Бөрібаев - Ахмет Жұбановтың жиен немересі. Ондай мысалдар көп. Сонымен бірге ата-ананың өнерлі болуы да шарт емес кейде. Ришад, Мүсілім Абдуллиндердің әкесі татардың кен қазушысы, Күләш апамыздың әкесі Жасын Байысов деген кісі етікші болған, Әміре ағамыздың әкесі байдың батырағы. Менен сіздің әншілігіңіз анаңыздан ауысқан шығар, ол кісі әнді жақсы айтқан ғой деп жиі сұрайды. Анам жайында қазір айтармын, алдымен әкемді айтқым келіп отыр. Менің әкем де әуелде бай батырағы болған. Әлгі бай күндердің бір күнінде, тегі, батырағының жұмысына көңілі толса керек, әкеме скрипка сыйлапты. Әкем скрипканы бірден-ақ өз бетінше үйреніп кетіпті. Кейін гармонь, баян тартты. Домбыра болса-болмаса ғой. Анам гармоньды әкемнен үйренген. Ол кісінің дауысы расында да тамаша еді. Жасы егдейген шағында да үйге келген қонақтар мамамның ән айтқанын сұрап отыратын. Мамам өмірден өте-өткенше менің өнеріме қатты назар салып, репертуарыма дейін өзінің ойын айтып отырды. "Менің қызымнан артық әнші жоқ", деп қоятын. Қазақтың, татардың әндерін өзі де тамылжытып айтатын. Мамамның аты Майнұр еді, татар қызы. Семейде жүргенде ноғай дейтін, осы Алматыға келген соң татар дей бастады. Тегі, Семейде жұрт дұрыс атамаған болар, әйтпесе ноғай мен татардың ептеп айырмасы бар ғой. Бірақ, өзі "Бізді татар дейді, ой, құдай-ай, біз қазақ боп кеткелі қай заман!" деп отыратын, жарықтық.
Жаңасемейдегі ет комбинатының жұмысшылары тұратын барактардағы біздің көршіміз Буров деген кісі еді (есімін ұмытып қалдым), өзі баян, әйелі гитара тартатын, ал балаларының шекті аспаптарда ойнамайтыны жоқ. Сол үйде сенбінің кеші сайын "концерт" болады да жатады. Әкем мен шешем қалмайды. "Ах ты, степь широкая" деп қоңыр дауысымен (кейін ойласам - баритон екен) папам бастайды, бір кезде мамам шығады: "Струны звонки, серебристы, хорошо под них поешь, а на свадьбу за гармошкой обязательно придешь..." деп сызылтып. Бір кезде ортаға мені шақырады. Табуреткаға тұрып алып, "Зачем тебя я, милый мой, узнала..." деп жіңішке дауысыммен шырылдаймын... Сол күндерді ойласам қазір де жылағым келеді. Нағыз бақыттың бағы екен ғой балалық шақ! Әкем жанымда, шешем жанымда, біреуі баянын тартып, біреуі скрипкасын сызылтып, менің әнімді сүйемелдеп тұр... Бастары аман, дендері сау, балалары қасында, күні бойғы ауыр еңбек естен шыққан... Одан артық не керек! Папамның мені арқасына отырғызып, Ертістің арғы бетіне дейін құлаштап жүзетіні әлі күнге көз алдымда. Тастай жабысып, мойнынан құшақтап аламын, папам бір дамылдамай жағалауға жетеді...
Менің әнге әуестігім әкемнен болса, ал дауысым, әрине, анамнан ауысқан. Ол кісілердің өзін ән табыстырған. Әкем бір күні Семейдің көше¬сінде келе жатса ауладан ән естиді. Тыңдап біраз тұрады. Жас қыздың дауысы. Бір әннен кейін бір әнді сызылтады. Есікті ашып, аулаға кіреді... Сол ән айтқан қыз бала менің мамам екен. Әкем мамамның әніне ғашық болып, ақыры алып қашады. 14 жасар қызды!
- Қойыңызшы...
- Қоятын ештеңесі жоқ. Мамам менің әпкем Бибінұрды 16 жасында туған. Мені 17-сінде туған. Айтқандай, сол тұста әжеміздің әкемді сотқа берген жағдайы да бар. Кәмелетке толмаған қызымды ұрлады деп. Кәдімгідей сот болыпты. "Өзім сүйдім, өзім тидім, өзім қаштым" дегеннен басқа сотқа ештеңе айтпадым, о кезде одан басқа сөз айтатын жаста да емеспін ғой, ақыры әкеңді соттаған жоқ", деп мамам күліп отыратын. Кейіннен папам енесімен тіл табысып кетті. "Сен менің қызымды ұрладың, енді мен сенің қызыңды ұрлаймын" деп бір жағы әзілдеп, бір жағы шынын айтып жүріп, ақыры әжеміз Бибінұрды бауырына басып алды. Ол әпкем өмір бойы сол жақтың қызы болып кетті. Осыдан біраз жыл бұрын дүниеден қайтты.
Әкемнің етінің тірілігінен ғой, алдымен өрт сөндірушілер дайындайтын курста ма, бірдеңеде оқыған, кейін партия жұмысына араласып кеткен. Нағыз партия ісіне, сол заманның идеясына берілген адам еді. Сондай кісілерді "халық жауы" деп шығарған соң не айтайын ол заманға. Менен кейінгі, үшінші қыздың атын Роза Люксембургтің құрметіне Роза деп, одан кейінгі қызының атын Клара Цеткиннің құрметіне Клара деп қойған. Дегелеңде, Бесқарағайда аупарткомдарда нұсқаушылық еткен, кейін Қатонқарағайға аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып ауысты. Ана жылдардағы бір сұхбаттарымда газетке "бірінші хатшы" деп шығып кетті, мен олай деп айтқан емеспін, олай айтуым мүмкін де емес, жазып алған журналистердің ұқыпсыздығынан кеткен қателік. Мені әнші еткен бір жағынан әкем мен шешемнің музыкаға құмарлығы, түрлі аспаптарда ойнағаны, ән сал¬ғаны десем, екінші жағынан сол Қатонқарағайдың қайталанбастай ғажайып табиғаты да сезімімді сұлуландыра, жанымды нәзік ете түсті ғой деп ойлаймын.
- Расында да, Қатонқарағай көрген де арманда, көрмеген де арманда дейтіндей жер. Адамзаттың аузынан түспейтін Швейцарияны да көрдік. Қатонқарағай сұлулығы сол Швейцариядан артық болмаса кем емес. Негізінде Қатонқарағайдай жерлерімізді әрбір қазақ азаматы бір көруді арман етіп жүрсе де артығы жоқ. Бізде ішкі туризм дамымай-ақ келеді. Турист дегенді міндетті түрде шетел азаматы деп түсінеміз. Турист болу дегенді міндетті түрде шетел асу деп ойлаймыз.
- Дұрыс айтасыз. Әлі Түркістанды көрмеген, әлі Баянауылды көрмеген, әлі Қарқаралыны көрмеген, әлі Бурабайды көрмеген ағайындары¬мыздың алыстағы Анталияға анталап тұратынын түсіну қиын. Отаншылдық деген алдымен Отаныңды білуден басталады, білу деген көруден басталады. Жарайды, сөздің реті келген соң айтып жатырмыз ғой. Содан біз Қатонқарағайда екі жылдай тұрдық. 6-7 жасар кезім. Әкем Алматыға оқуға жіберілді. Қазақстанның 15 жылдығына орай. Екі жыл оқып келіп, жұмысына қайта кірісті. Әкемнің қап-қара аты болатын. Наганы болатын. Бір күні түнде жаяу келді. Наганы жоқ. Жанында екі адам. Үйдің ойпаң-тойпаңын шығарды. Ақыры бір сурет тауып алды. Оқу бітірушілердің топтасып түскен суреті. Сондағы бір әйелдің беті шұқылып тасталған екен. Әлгілер: "Бұл кім? Беті неге шұқылған? Кім шұқыған?" деп дігірлейді. Мамам жыламсырап жүріп ақыры өзі шұқығанын айтты. "Неге?" десе үндемейді. Кейін ойлап қарасам, мамам күйеуінің жанында тұрған ол әйелдің бетін қызғанып шұқыған болса керек. Қайдан білейін. Әйтеуір, әкемді алып кеткеннен кейін де, тіпті соғыс біткенше де мамам жаңағы фото үшін әбден азап көрді. Ауық-ауық НКВД-ға шақырып, әлгі әйелді сұрап тұрады, мамам айтпайды, дұрысы - айта да алмайды, аналар сонда да қоймайды. Тегінде, ана әйел ұсталған адам болса керек, НКВД менің мамамнан әкемнің сол әйелге қандай жақындығы барын айт деп талап қоятын болса керек. Содан әлгілер мамамның паспортын алып қойды да, ол кісі соғыс біткенше паспортсыз жүрді. Біз тұратын үйдегі адамдардың құжаттарын тексере бастағанда мамамның жертөлеге тығылып қалатыны есімде. Әйтпесе, мамамды да ұстап алып кетуі мүмкін еді. "Халық жауының баласы" деген таңбаның әсерін мен де біраз сезіндім. 1965 жылға дейін ешқандай шетелге шығып көрген емеспін.
- Сіз туралы жазылған "Солнечный голос" деген кітапта бұл жайында "Еще до войны семья лишилась отца" деп қана өткен екен.
- Ол кітап 1988 жылы басылған, бұл кезде репрессияға қатысты әңгіме ашық айтыла беретін, сонда да солай өте шығыпты ғой. Біз жылдар бойы әкеміздің ешқандай хабарын біле алмадық. Өлі-тірісінен де хабарсыз болдық. Папамды ұстап әкетісімен біз Семейге қайтып келдік. Қатонқарағайда НКВД бастығы Кулаков пен аупарткомның бірінші хатшысы Герасимовтің үйімен жақсы араласып тұратын едік. Папамыздың жағдайы не болғанын білейік деп, Кулаковтың үйіне барсақ солардың үй қызметшісі әйел бізді көре салып: "Кетіңдер, кетіңдер, сендерге мұнда ешкім көмектесе алмайды. Тезірек кетіңдер!" деп айқайлай бастады. Сол әйелдің ақылы болмағанда біз де бір бәлеге ұрынып қалар ма едік, кім біледі. Ақыры ертеңінде тақтай тиелген жүк мәшинесімен тез көшіп кеттік. Мамамның жанында шиеттей төрт қыз тақырлаған тақтайлардың үстінде келе жатты... Большенарымға жеткеннен кейін "Семга" деген пароходқа мінгеніміз, соған міне бергенде мамамның "Зингер" қол мәшинесін суға түсіріп алғаны, бір жігіттердің суға сүңгіп жүріп әлгі "Зингерді" алып шыққаны есімде қалып қойыпты... Көп ұзамай соғыс басталды. Жасым он бірден асқан кез болса да әлі баламыз ғой, біразға дейін соғыс дегеннің не екенін онша түсіне қойған жоқпын. Кейіннен Семейге эвакуацияланғандар келе бастағанда барып шындап сезіндік соғысты. Біздің құрқылтайдың ұясындай екі бөл¬мелі пәтерімізде үш отбасы тұрды - жеті ересек кісі, тоғыз бала.
Қиындықты көп, өте көп көрдім. Мектепке баруын барғанмен, жыл бойы оқи алмай-ақ қойдым. Қайта-қайта естен танып қала беретінмін. Мектептен талай рет үйге көтеріп әкелген көрінеді. Жүйкемнің әбден жұқарғаны ғой. Нанның кезегінде тұрғанда "фашисткое отродье" деп мені кезектен шығарып жіберген жағдайлар талай болды. Жылап үйге келсең шешеңнен тағы ұрыс естисің. Бір жолы тұтас бір айдың нан кар¬точкаларын жоғалтып алдым! Енді не істеймін? Бір ай бойы нансыз қалу дегенді ойлаудың өзі қиын. Ақыры амалын таптым. Асханада сығылған бауыр етін сататын. Түнге қарай соны алып қоямын да таңғы алтыда қалаға жүгіріп, дүкенге өткіземін, соның ақшасына нан аламын да үйге келемін. Ай бойы сөйтіп амалдадым. Биылғы Семейдің аязын естіп жатырсыз ғой, соғыс кезіндегі аяз содан кем болмаған шығар. Сондай аязда аяғыма байпақ, қолыма қолғап киіп алып, үлкен пальтомды сүйретіп, Ертістің ар жағынан нан әкелетінмін. 11 жасымнан ересектерге біресе ана шаруаға, біресе мына шаруаға көмектесіп жүрдім де, 13 жасымда ет комбинатына жұмысшы болып орналастым. Мамам сонда істейтін. Төрт баланы шешем екеуміз екі жақтап жүріп, әйтеуір, асырадық.
Соғыс жылдары мені көп нәрсеге үйретті. Әсіресе, еңбекке, ауыр еңбекке қаршадайымнан араласқаным өмір бойына маған көмектесіп келеді. Әншілік - азап жұмыс. Сіз жаңа әңгіменің басында мені жасы елуден асқанда ән салып жүрген әлемдегі жалғыз колоратуралы сопрано деп жазған мақаланы еске салдыңыз. Ал бұл өздігінен келе салатын нәрсе емес. Әнші боламын деген адам өзін өзі аямауы керек. "Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың" дейді ғой қазақ. Мына жасымның өзінде мен тіпті қонаққа бара жатсам да үйде дауысымды баптап аламын. Орысша мұны "распеться" дейді. Ол қонақта менен ән айтуды сұрамауы да мүмкін, сұрамаса мейлі, ал сұрап қалса дауысың бабында тұрмаса ұят болады. Әншілердің арасында айтылатын "Дауысыңды бір күн баптамасаң өзің сезесің, екі күн баптамасаң көршілерің сезеді, үш күн баптамасаң тыңдаушы сезеді" деген сөз бар. Сол рас сөз. Жалпы, әншілер - трагедиялық тұлғалар. Жай адам бір рет өлсе, әнші адам екі рет өледі. Алдымен дауысынан, яғни әнінен айырылғанда өледі. Одан кейін кәдімгі жұрт сияқты жанынан айырылғанда өледі. Солай болғандықтан әншілік өмірімізді ұзартайық деп жанталасып жүреміз. Жаңа сіз үйге кіргенде министрмен сөйлесіп жатқанымды естідіңіз ғой. Мұхтар Абрарұлы Астанадағы Наурыз концертіне шақырып жатыр. Жаңа концерт залында. Акустикасы жақсы деп естіп жатырмыз, қуанып жүрміз. Құдай қаласа барамын. "Гауһартасты" айтсаңыз дейді. Айтамын. (Кеше, 19 наурызда Бибігүл Ахметқызы "Қазақстан" орталық концерт залында мерекелік "Наурыз нұры" концертіне қатысты. "Гауһартасты" орындады - С.А.) Бойымдағы бар өнерімді халқымнан аяп қалған жерім жоқ. Жақында Астанадағы концерттен кейін Еркеғалимен сөйлесіп қалдым. "Осы сен сахнадан қашан кетесің?" деп әзілдейді. Қатар өскен замандасым ғой. Қағытып сөйлей береді. Еркеғалиға айттым, "Сахнадан "Бұлбұлды" айтудан қалған күні кетемін" дедім. Өзі де солай етемін.
- "Бұлбұл" демекші, сіз ол әнді бұрынғыдан сәл басқашалау айтасыз ба, қалай өзі?
- Сәл басқашалау айтпауым мүмкін де емес. Жас келе дауыс өзгермей қоймайды. Бұрынғыдай фа-минорда айтсам мен бір күні сахнада тұрып үзіліп кетермін. Қазір "Бұлбұлды" ре-минорда айтамын. Ре-минорда орындаудың да өзінің бояулары, өзінің артықшылықтары бар. Оны тыңдаушы халқым бағалап жүр деп ойлаймын.
- Семей сізді Галина Серебряковамен жолықтырды. Сіз жайында жазған адамның қай-қайсысы да мұны ауызға алмай кетпейді. Кезінде осы газетте әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі болып жүргенімде Әбілмәжін Жұмабаев ағамызға атақты қаламгердің кітабынан сіз жайындағы жазғанын аудартып алған жайым да бар. Онда Галина Серебрякова міне былай деп жазған: "Алғашқы әуезінің өзі сиқырлап тастағандай болды. Дауысы жөн-жүйеге қойылмағандықтан, именіп, дірілдей шықса да, осы ғасырдың ең таңдаулы колоратуралық сопраносына ұқсас тембріне қайран қалдым. 1931 жылы Лондонның Альберт-холынан мен Галли Курчидің бұ жалғанда қайталанбас дауысын тыңдаған едім, енді, міне, қиянда жатқан Семейде ғұмы¬рында ән айтуды әдейі үйреніп білмеген әуесқой әнші қыз дауысынан бақбақтың үпелегі сияқты жеңіл де бір мөлдір шұғылалы әуенді есіттім". Мына әңгімеде өміріңіздегі осы бір белесті оқиғаны айналып өтпеуге тиістіміз деп ойлаймын.
- Галина Иосифовнаның бірінші жолдасы Италияда, Англияда елші болған кісі. Онда жүріп вокалмен айналысқан. Кейін Максим Горькиймен танысып, соның ақылымен Маркс туралы тарихи романдар жазуға кіріскен. Семейге жер аударылып келген. Галина Иосифовна мені көркемөнерпаздардың облыстық байқауында алғаш рет көрді. Байқау лауреаты деген дипломымды алып шыға берсем алдымнан сұлу жүзді, сымбатты әйел кездесті.
- Танысып қояйық. Атың кім? - дейді.
- Галя, - дедім.
- Неге Галя дейсіз?
- Мені ол кезде бәрі Галя дейтін. Қалай солай атап кеткенін білмеймін. Папам "Күлтәй" дейтін. Содан шыққан ба, қайдам. Жаңағы кісі: "О, жақсы, менің де атым Галя. Дауысың тамаша екен. Саған консерваторияға барып оқу керек", деді. "Мен онсыз да консерві цехында жұмыс істеймін ғой", деймін... Ол кісі жымиып күліп қойды. Сөйтсем, мен консерватория консерві жасауды оқытатын жер екен деп ойлаппын...
Галина Иосифовна - менің өмірімді өзгертіп жіберген адам. Алғаш көрген шын мәніндегі, сөздің толық мағынасындағы интеллигенция өкілі де мен үшін сол кісі еді. Мұндайлық жүрегі кең адамды мен кейін де сирек кездестірдім. Галина Иосифовна менімен күн сайын дерлік вокал сабақтарын өткізіп отырды. Дикциядан, артикуляциядан бастап, айналасы 2-3 айдың ішінде дауысымды орнына қойып берді. Шаляпин, Нежданова, Собинов туралы неше түрлі әңгімелер естідім, Пушкин, Лермонтов, Есенин поэзиясының сұлулығын мен алғаш рет сол кісінің өлең оқуынан сезіндім, Француз революциясы, Маркстің өмірі жайындағы ғажайып сырларға қанықтым. Галина Иосифовна мені ән мәтіндерін терең ұғынуға үйретті. Романстарды дайындау кезінде оның пайдасын талай көрдім. Романс деген әдетте екі-ақ шумақтан тұрады ғой, соның мәтінін маған тапсырғанда шығарманы түгел беруді талап ететінмін. "Оны қайтесіз, сіз бәрібір екі шумағын ғана айтасыз ғой?" деп таң қалатын дирижерлер. Шығарманы түгел оқығанда ғана әлгі екі шумақты толық сезінуге болады дейтінмін. Опералық партиялардың "ішіне еніп кету" үшін де сол заманды суреттеген романдарды оқып алғаннан әнші тек ұтады. Галина Иосифовнаның алдына барғаннан кейін-ақ дауысым құбылып, құлпырып, жаңа бояулармен қанығып, күшейіп кетті. Бұған не болып қалды деп айналамдағылардың бәрі таңданатын. Ол кісі мені 1948 жылы Алматыда өтетін республикалық олимпиадаға әзірледі. Олимпиадада орындау үшін Хамидидің "Қазақ вальсін", Туликовтің "Шаттық вальсін", Штраустың "Көктемгі әуендерін" дайындадық. Сол жылғы жазда олимпиадада жеңіске жетіп, жюри мүшелерінің ұсынысына сәйкес консерваторияға қабылдандым. Оқуға қабылдана салысымен қуаныштан құстай ұшып Семейге жетейін, вокзалдан тіке Галина Иосифовна тұрған үйге барайын. Барсам - есігі тұрмақ, терезелеріне дейін жауып тастапты. Сөйтсем, Галина Иосифовна үшін айдаудағы жылдардың тағы бір белесі басталған екен. Алматыға алып кетіп, осында жеке камерада екі жыл ұстапты, онда Лидия Руслановамен қатарлас камерада отырыпты, екеуі қабырға арқылы тықылдатып сөйлеседі екен, одан кейін Жамбылға жер аударыпты... Біз 1958 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі күндерінде ғана кездесе алдық. Одақтар үйіндегі Бағаналы залда Мұхамеджан Қаратаев ағай: "Жүр, сені іздеген адаммен кездестірейін", дейді. Қарасам - Галина Иосифовна! Тура жоғалған қызы табылғандай қуанып жатыр. Қызы демекші, ол кісі мені туған қызындай көрді. Кейін, Переделкинодағы үйіне барған сайын өзінің қыздарына дереу телефондап, "Дочка приехала!" деп жататын, байқауымша, қыздары сол сөзіне кәдімгідей қызғанып та қалатын. Переделкинодағы үйден мен Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит Мұқановтың фотоларын көргенмін.
- Кешіріңіз, сіз ол кісімен жақын сырлас бола алдыңыз ба? Кездесіп, сөйлесіп жүргендеріңізде Сәкен ағамыз туралы ештеңе айтқан емес пе?
- Сіз сұрағалы тұрған мәселе жөнінде маған ештеңе айтқан емес. Ол жағын өзім де қозғаған емеспін. Жас алшақтығымыз да біраз еді ғой.
Галина Иосифовна кейін мені Лениндік сыйлыққа ұсынғанда да қатты қуанып, тілектес болып жүрді, концертіме арнайы келді.
- Бибігүл Ахметқызы, адамның бүкіл өмірін қамти әңгімелейтін көлемді сұхбатқа дайындалғанда журналистің мынаны мынадан кейін сұрармын, ана тақырыптан кейін ана тақырыпқа ауысармыз деп іштей ойластыратыны, кейде сол сұрақтарының ретін қағазға алдын ала түсіріп қоятыны да болады. Лениндік сыйлыққа ұсынудың жайын кейінірекке қалдырғалы отыр едім, енді осы тұста сұрауға тура келетін сияқты. Сіз 1970 жылғы ол сыйлыққа Людмила Зыкинамен қатар ұсынылдыңыз. Сізді ұсынғанда сыйлыққа Зыкинаның да түсіп жатқанын біздің басшылар білді ме?
- Білді. Ілияс Омаров мені шақырып сөйлескен. "Мәскеуге бар, саған сенеміз", деген. Димаш Ахметұлының қолдап отырғанын айтқан. Жалпы, ол сыйлықтың іріктеу сындарының бәрінен жақсы өттім дей аламын. Өз концертімді консерваторияның Шағын залында бердім. Концерттен кейін сұңғақ бойлы, ер тұлғалы бір кісі жаныма келіп, қолымды алды да: "Абыржымаңыз, комиссия сізді қолдайды", деп кетіп қалды. Сөйтсем, ол кісі Шыңғыс Айтматов екен. Оған дейін жүзін тіке көрмеген соң танымаппын. Концерт жиналған жұртшылыққа да, комитет мүшелеріне де қатты ұнағанын анық сезіндім. Алдыңғы жақта шашы аппақ қудай бір кісі ауық-ауық көзін орамалымен сүртіп отырды. Георгий Свиридов екен. "Ол кісі ән қатты ұнаса осылай кейде жылап тыңдайды. Бұл - өте жоғары баға. Жолыңыз ашылып тұр", деді білетін біреу. Шынында да, комиссия маған бес баллдық жүйемен "бес" қойыпты. Зыкинаның концертінен кейін "үш" қойылыпты. Жарайды деп, қалғанын бір құдайға тапсырып, Алматыға келдім. Д.А.Қонаев қабылдады. Жүзі қашандағыдай жылы, бірақ сөзі салқын естілді. "Қызым, жақсы айтыпсың, естідім. Келесі Лениндік сыйлық сенікі болады", деді. Таңданып қалғанымды түрімнен танығаны болар, "Сейчас ты ездила для протокола" деп орысшалап қосып қойды. Үлкен кісінің алдынан түкке түсінбей, дал болып шықтым. Артынша Киевтен Дмитрий Гнатюк телефон соқты. "Сен неге биыл түстің? Ана әйел ешкімге жол бермейді. Мұндағылар мені ұсынғалы жатыр еді, өзім бас тарттым. Сен бекер түстің", деді. Сөйтсем, Людмила Зыкина министр Фурцеваның көңілі жақын құрбысы екен. Оған сыйлыққа ұсыну қорытындысы шыққанда көзім толық жетті. Екатерина Алексеевна комитет мүшелерінің бәрін жинап, "Төлегенова тамаша әнші, бұл сыйлықты ол түбі қалайда алады, ал Лениннің 100 жылдығында Лениндік сыйлықты орыс әншісі алуы керек", деп ашықтан-ашық тапсырыпты. Мұны маған кейін, көп жылдар өткенде Шыңғыс Айтматов айтты. Жұрттың бәрінің тәртіпке бағынған кезі еді ғой, министрдің дегені болыпты. Әйтсе де, сол сыйлыққа ұсынылу кезіндегі жазылған пікірлер тасқа басылып қалып қойды. Тихон Хренниковтің: "Бибигуль - казахский соловей, Бибигуль исполняет песни, как птица" дегені, Шыңғыс Айтматовтың: "Голос ее звучит божественно... Перед нами предстала великая певица" дегені комитеттің қалай дауыс бергенін аңғарта алады деп ойлаймын.
- Зыкинаның Фурцевамен жақын құрбы болғаны жұрттың бәріне белгілі. Людмила Георгиевнадан баяғыда, 1978 жылы Алматыға гастрольге келгенінде сұхбат алғанмын, ол газетке шыққан. 2007 жылы Мәскеуге барғанымда тағы да сөйлескенмін. Сонда бір қызық жағдайды айтқан. Иномарка дегенді Мәскеу жұртының өзі шетел елшілерінен ғана көретін сонау 60-шы жылдарда Высоцкий "Мерседес" алып, Зыкина ми¬нистр¬дің алдына кіреді. "Мерседес" сұрайды. "Болмайды" дейді министр құрбысы. "Володяға болғанда маған неге болмайды?" дейді Людмила Георгиевна. "Высоцкийге болады, ал саған болмайды. Сен орыс әншісісің, сен Волганың жыршысысың, сен тек "Волга" мінуің керек. Қаласаң "Волганың" жаңасын алып берейін", депті сонда Фурцева. Соған қарағанда тегін адам емес сияқты.
- Тегін адам ол заманда Саяси Бюро мүшесі болмайды ғой. Мен, әрине, Людмила Зыкинаны әнші ретінде қадірлеймін, бірақ өзімнің вокалдық деңгейімнің одан жоғары болғанын да сезінемін. Ең бастысы, біздің басшыларымыздың мені орыс ән өнерінің ту ұстаушысындай күйде халықтық санаға сіңіп кеткен адаммен, оның үстіне одақтық министр жанын сала қорғайтын адаммен таластырып қойғаны таңдандырады. Жарайды, бұйырмаған екен дей салған жоқпын. Жасыратын несі бар, кәдімгідей қиналдым. Бір жылдай ән айта алмай қалдым тіпті. Сыйлыққа ұсынылып жатқанда "Саған Лениндік сыйлық қайда? Шамаңа қарасайшы!" деп телефон соққан дауыстар енді "Айтқан жоқ па едік?" деп табалауға көшті.
- Оралхан Бөкейдің ол жайында жазғаны да есімізде.
- Содан Қонаевқа кіріп, "Димаш Ахметұлы, енді маған мынандай емтихан ұйымдастырмай-ақ қойыңыздаршы" деп өкпемді де білдіріп шықтым. Дегенмен, ол "емтихан" ізсіз кеткен жоқ. Көпе-көрінеу әділетсіздік жасалғаннан кейін комитет мүшелері: "Төлегенова енді КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылсын, бірақ алдын ала талқылауға түспей-ақ қойсын, бәріміз ол кезде бір ауыздан дауыс беретін болып келісейік", деп тарасыпты. Кейін алдым ол сыйлықты. Швецияда гастрольде жүргенімде радиодан елшілік қызметкерлері естіп, алдымен солар құттықтаған еді.
Кейіннен Зыкинаның өзі мені көрген сайын қысылыңқырап, реті келген жерде мақтап сөйлеп жүрді. Бір концертте Григтің "Сольвейгін" орындап шыққаннан кейін Зыкинаның маған қарап: "Хороша, хороша, и собой хороша, и голосом хороша, и мать пятерых детей" дегені бар. "Не пятерых, а троих детей" дедім де жанынан кетіп қалдым.
- Ақыры сыйлықты қозғағаннан кейін атақтардың жайын да айтып қалайық. Сіз Қазақ ССР-нің халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандыңыз. Дәл Одақ тарардың алдында Социалистік Еңбек Ері атағын алдыңыз. Талайлар сізді сол атақты сұрап алды деп әңгіме еткенін де білемін. 1995-97 жылдары Мәдениет министрінің бірінші орынбасары болған тұсымда әртіс ағайындардың ортасында әртүрлі әңгімеге әбден қанықтым ғой.
- Ондай әңгімені менің өзіме де сол тұста өзінше астарлап айтқандар бар. Мұның жайы былай. Одақтың тарайтыны талассыз болуға айналған күндері Горбачев Алматыға, Нұрсұлтан Әбішұлына телефон соғады. "Еңбегіңіз бар, кезінде онша дәл жасалмаған қадамдарымыз да болды. Сізге Социалистік Еңбек Ері атағын бергелі отырмын", дейді. Сонда Президентіміз: "Көңіліңізге, ниетіңізге рахмет. Мен бас тартамын. Егер мүмкіндігіңіз болса ол атақты біздегі өте лайықты бір өнер адамына берсеңіз екен", дейді. Сөйтіп, менің кандидатурамды ұсынады өзінің орнына. Екі күннен кейін Бибігүл Төлегеноваға Социалистік Еңбек Ері атағын беру туралы КСРО Президентінің Жарлығы шығады. Тағы екі күннен кейін Одақ тарайды. Солай болған. Осының өзі Елбасының дархан жанын, жомарт жүрегін көрсетіп тұр емес пе? Тарап бара жатқан Одақтың ең соңғы Алтын жұлдызы маған солай бұйырған. Оны сұрап алу тұрмақ, оның берілуінің жайы қалай болғанын мен арада шамамен жарты жылдай өткенде барып бір-ақ естідім.
Сөздің реті келгенде айтайын, мен Нұрсұлтан Әбішұлына сол атақты маған арнайы алып бермесе де ел үшін еткен еңбегіне дәйім риза болып өтер едім. Президентіміздің елге жасаған жақсылығы өте көп. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің елдік абыройымызды асқақтатты, ұлттық рухы¬мызды көтерді, қазақты әлемге танытты. Айналасы жиырма шақты жылдың ішінде өзгелермен теңестіріп қана қоймай, талай елдің алдына шығартты. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде бір журналдың (қателеспесем, "Парасат" қой деймін) сұрақтарына жауап қайтарғанымда Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекеттің кіндігін кесті, енді оны таяу жылдарда төрт аяғынан тік тұрғызатынына кәміл сенемін деген едім. Сол сөзімнің дәл шыққанына бүгінде көзім анық жетіп отыр. Президенттің "Мәдени мұра" бағдарламасын жасатқаны да ерен іс болды. Біз мына дүниеге мықты мәдениетімізбен, әлемдік деңгейдегі әдебиетімізбен де танылуымыз керек. Президенттің опера театрын қайта салынғандай етіп, керемет реконструкциядан өткізгеніне біз разылығымызды айтып жеткізе алмаймыз. Театр жаңадан ашылғанда балет бишілерінің жата қалып, сахнаның еденін сүйгенін өз көзімізбен көргенде жанарымыздан жас ыршып кеткен болатын. Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер конкурсын өткізу идеясын қолдағаны, нақты көмек беруді тапсырғаны үшін де мен Президентке қарыздармын. Негізінен жас әншілер, 19 жастан 32 жасқа дейінгілер ғана қатыстырылатын ол конкурс қазірдің өзінде жақсы жемісін беріп үлгерді дей аламын. Мысалы, Алексей Кудимов деген әнші сол конкурста жеңімпаз атанып еді, қазір Вена операсында ән салып жүр. Елбасының қазақтың қалың ортасынан шыққандығы, қазақ мектебін бітіргендігі, тілге ұсталығы, ақынжандылығы, өнерге жақындығы, өзінің де домбыраны қолға алып, әуелетіп ән шырқап жіберетіндігі - біздің мәдениетіміздің бағы. Президент әннің жанын сондай сергек сезінеді. Ана жолы, Астанадағы музыка академиясының 10 жылдығына арналған концертте "Гауһартасты" айтқан едім. Концерттен кейінгі шай үстінде Нұрсұлтан Әбішұлы: "Бибігүл Ахметқызы, жаңа "Гауһартастың" қайырмасында екі қолымды тастай қысып отырдым. Өте қиын ән ғой, қазір қалай шығарар екен дедім" деді. Рас айтады, қазақтың халық әндерінің көбін орындау оңайға түспейді. "Шамаң келсе "Шаманы" айт" дегендей, "Алқоңыр", "Қараторғай", "Япурай", "Дайдидау" сияқты әндерді айту қандай әншіге де сын.
- Бір сөзден бір сөз шығып, бүгінгі күнге де өтіп кетіп жатырмыз. Ал өміріңіздің, өнеріңіздің бастапқы белесінде қамтылмаған көп әңгіме әлі бар. Галина Серебрякованың тәлім-тәрбиесін алғанға дейін де сіз Алматыға бір келіп кеткенсіз ғой. Солай емес пе?
- Солай. Консерві цехында жұмыс істеп жүргенімде Игорь Анатольевич Лебедев деген бір тамаша кісі цех бастығы болды. Менің ән салғанымды сондай жақсы көреді. Айқайлап ән айтып жүріп, ара-арасында кейде брак та жіберіп қоямын. Ондайда "Мына артисткадан құтқаратын біреу бар ма? Жіберейікші оқуға осыны" деп әзіл-шынын араластырып айтады. Ақыры қалалық комсомол комитеті мені Алматыға, "прослушиваниеге" жіберу жөнінде шешім шы¬ғарды. Бұл 1948 жылдың көктемі еді. Жасым 18-ден жаңа асқан. Алысқа ешқайда шықпағанмын, пойызға отырып көрмегенмін. Терезеден мойнымды шығарып, жол жиегіндегі бағандарға қараймын да отырамын. "Бұл баған¬дар қайда барады, бір кезде біте ме?" деп ойлай¬мын. Сөйтіп, Алматыға жеттім. Дәл 9 мамыр күні сол кездегі Киров пен Мир көшелерінің қиылысындағы "Делегаттар үйі" деген қонақүйге түстім. Қонақүйге қабылдардың алдында бәлен жерге барасың, моншаға түсесің деді. Моншадан шықсам киімдерім оттай ыстық, бірден кие де алмайсың. Сырттан келгендердің бәрін ол кезде сондай "санобработкаға" салады екен. Жұқпалы аурулардың да көп кезі еді ғой. Жолдан шаршап келіп, түн болғанын да күтпей ұйықтауға жата беріп едім, бір кезде сұмдық атыс басталды да кетті!.. Сасқанымнан үстелдің астына кіріп алыппын. Жанымдағы көршім сасып қалып: "Бұның не? Бұның не?" дей береді. "Атып жатыр ғой, атып жатыр ғой" деймін қалшылдап. Сонда барып әлгі әйелдің: "Ақымағым-ау, бүгін 9-шы мамыр ғой, Жеңіс күні ғой, салют беріп жатыр ғой" дегені... Салют дегенді Семейде естігеніміз болмаса көрмегенбіз.
Ертеңінде "прослушиваниеге" бардым. Министрлер Кеңесі жанындағы Мәдениет басқармасы ол кезде осы опера театрының ішінде орналасқан екен. Әлі есімде, Сағынтай Ахметов деген кісіге алып барды. Ол кісі пианист шақыртты. "Қазақ вальсін" бастайын десем... дауысым шықпайды... Вагоннан мойнымды қылқитып алға қараймын, баған санаймын деп жүріп дауысымды құртыппын... Мені тыңдап отырғандар енді актерлік қабілетті тексеруге кірісті. "Бөлмеден шығыңыз да қайта кіріңіз, ең жақын адамыңызды кездестіргенде қалай қуанатыныңызды көрсетіңіз", деді. Мен есікті жаба салып, қайта аштым да баж ете қалып, шыңғырып жылап жібердім. Ботадай боздадым. Отырған адамдар аң-таң. Мен болсам мына кісілер Алматыға әдейі алдыртқан екен, қазір маған папамды көрсеткелі тұр екен деп қалыппын...
- Расында да, есте ерекше қалатын сәт екен.
- Сол кездегі адамдарға әлі қайран қаламын. Республикалық олимпиадада көзге түсіп, консерваторияға қабылданғаннан кейін оқымаймын деп қиғылық салғаным да бар емес пе?! Сондағы ойым Семейге қайтып барып, консерві цехындағы жұмысымды жалғастыру, ақша тауып, мамама, әпке-сіңлілеріме қарасу. Ақыры мені сүйрелегендей етіп отырып Комсомолдың орта¬лық комитетіне алып барды. Дымшиц деген хатшы бар екен. Сол маған айтады: "Түсінсеңші, бұл сенің дауысың емес, бұл халықтың дауысы, бұл мемлекеттің игілігі" дейді. Тіпті болмаған соң "Осыдан оқымасаң сені сотқа береміз" дегенге шықты. Шошып кеттім. Кейін бәрін түсіндім ғой. Консерваторияға түскеніме қуанып, Семейге қайтқанша, тапсырмасын орындағанымды Галина Иосифовнаға айтқанша асығып жүргенім содан.
- Енді консерваторияда оқыған жылдарыңызды әңгімелесеңіз екен.
- Сол 1948 жылы алманың шығымы керемет болғаны есімде. Жаңбыр жауғанда таудан аққан алмалар арық-арықтан асып кететін. Гоголь мен Фурманов көшелерінің қиылысында екі қабатты барак жатақханамыз болды. Бірақ мен онда ұзақ тұра алмадым. Бірінші курста-ақ тұрмысқа шы¬ғып кеттім. "Сен қыз оқуға бара жатқан жоқсың, сен қыз Алматыға байға тиюге бара жатырсың" деп бөжіп қалған мамамның сөзі тура келді де қойды...
- Кешіріңіз, он сегізден жаңа асқан кезіңіз, уылжып тұрған сұлусыз, сонша неге асық¬тыңыз?..
- Мен, шынымды айтсам, тұрмысқа шығу дегеннің байыбына барып та жатпаппын сол кезде. Болашақ күйеуім сонау Семейден мені іздеп келді, мен үшін әйелінен ажырасты, балаларын қалдырды, соның бәрін мен тап бір махаббаттың жолындағы құрбандықтай көрдім. Өзі менен аттай 13 жас үлкен еді. Консерваторияның екі курсын бітіргенше екі қыз туып үлгердім. Бірақ, менің отбасылық өмірде жолым болмады. Үш рет тұрмыс құрдым. Үш күйеуімнен де бақыт таба алмадым. Жалпы, "Ұлдан көресің бе, қыздан көресің бе?" дегендей, әйел адамның жұлдызы неден жанатынын айту қиын. Біреу бақытын отбасынан табады, біреу өзінің бойынан табады. Мен өз бақытымды өзімнің бойымнан, яғни өнерімнен таптым. Алғашқы күйеуімнің қызғаншақтығынан көрмеген қорлығым жоқ. Консерватория бітірген тұста "Жолдама аламыз, ауданға барамыз, сонда Мәдениет үйінде жұмыс істейсің" деп бәле қылды. Ондайға қалай көнермін! Менің өнердегі өміріме ол да көне алмады, содан байғұс ішіп кетті, соңыра тіпті салынып ішіп кетті. Не істейін, екі баламды екі қолтығыма қысып менің де кетуіме тура келді. Үйден бір сабақ жіп алмаған күйі шығып жүре бердім. Өз басын алып жүре алмайтынына көзім жеткеннен кейін арада біраз уақыт өткенде оның бұрынғы әйелінен туған балаларын да өз атыма жаздырдым. Қайтейін енді. Қазір ойлап қарасам сол кезде күйеуімнен кетпегенімде ең құрығанда дауысымнан айырылады екенмін. Дауысымнан айырылсам бәрінен айырылғаным ғой. Біткенім ғой. Әйтеуір, дер кезінде ақылым кіріп үлгеріпті. Екінші күйеуімнен ажырасатында ол шіркін маған "Сонша атағың бар, сонша ақшаң бар, менен алимент талап ете қоймайтын шығарсың" деген әңгіме айтуға дейін барды. Содан мен ұлымды өзімнің атыма жаздырып алдым. Негізінде, мен балаларды сондай жақсы көремін. Отбасылық өмірім көңілдегідей болғанда кемі бес балалы болар едім деп ойлаймын. Құдайға шүкір, балаларымның бәрі жақсы өсті. Гастрольде айлап жүргенімде біріне бірі қарап, бірін бірі тәрбиелеп жататын. Балаларымның ешқайсына ерекше жағдай жасайын, көмектесейін деп бірде бір кабинетке кіріп көрген емеспін. Қызым Мәриямгүл опера театрында ширек ғасырдай жұмыс істегенде қандай да бір атақ алу жөнінде маған аузын ашқан емес. "Күйеуім жақсы, ұлым жақсы, басқа не керек?" деп жүре беретін жарығым. Ертең (біздің әңгімеміз 9 наурыз күні болған еді - С.А.) Мәриямгүлімнің өмірден өткеніне дәл үш жыл толады, дастарқан жайып, құран оқытқалы отырмыз. Күйеу балам Сейділда Байшақовты бар қазақ біледі деп ойлаймын. Сейділданы құрмет тұтамын. Ана жылы "Поле чудес" ойынынан футболдан Париждегі әлем біріншілігіне жолдама ұтып алғанымда соны Сейділдаға бергенім бар. Өзім де футболды сондай жақсы көремін. Қазір әңгімеміз біткен соң пәтерді көрсетермін, балконға шығармыз, тереземіздің дәл түбінде футбол алаңы бар, соған жиі қарап отырамын.

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: