Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
<a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
<a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a>  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Байбекұлы Әйтеке би

Бағланова Роза

Мұстафа Шоқай

Мүсірепов Ғабит

Байтоқанова Алтынай

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Молдағалиев Тұманбай

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Раимов Сағатбек Раимұлы

Мұсаходжаева Айман

Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

Виктор Наумович Пуриц

Қабышұлы Ғаббас

Статьи.

Әйтеке би және ұрпақ парызы

Әйтеке би және ұрпақ парызы

Қазақ қоғамы, әдебиеті мен тарихы ХХ ғасырды Әйтеке бидің туған жылы да, өлген жылы да, жатқан жері де белгісіз деген ұғыммен өткізгені мәлім. Мұны Әз Тәуке хан заманында дүниеге келген «Жеті Жарғы» авторларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке би Бәйбекұлының бақилық ғұмырнамасының трагедиясы болды деп түсіндірсек, сөкеттігі жоқ шығар.   Шардара қаласында осы ғасырдың алғашқы жылдарында құрылған «Әйтеке би» қоғамдық қоры өзінің Бағдарламаларында Ұлы бидің өмірдеректеріне қатысты олқылықтардың орнын толтыру, мәңгілік есте қалдыру шараларын ұйымдастыру сияқты іргелі міндеттерді бірінші кезекке қойған болатын. Шардара өңірінде Әйтеке би әруағына арналып алты жыл қатарынан ас берілуі, өсиеттері мен ғұмырнамаларының насихатталуы, «Нұр Атадан Астанаға дейін», «Әйтеке бидің ақ жолы» атты деректі фильмдердің түсірілуіне, «Әйтеке бидің ақ жолы» кітабының шығарылуына ұйытқы болуды қоғамдық қор атқарған іргелі жұмыстар санатына жатқызамыз.

Бұл кітаптың жарық көруіне Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Шалқар ауданының әкімі Рахат Сыдықов қолдау көрсетті. Ең бастысы, ел арасында Әйтеке бидің туған, өлген жылдары да, жатқан жері де белгілі деген қоғамдық пікір қалыптастыра бастадық. Біз Нұр Атада бой көтерген «Сейітқұл әулие – Әйтеке би» кесенесінің жобасын қаржыландырдық. 14 мың АҚШ доллары Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты «Мәдени мұралар» жөніндегі ғылыми-өндірістік Бас басқармаға тапсырылды. Талас тудырмайтын шындық сол, соңғы онжылдық көлемінде біз республикалық ақпарат айдынында Әйтеке бидің өмірдеректеріне, жатқан жерін анықтауға қатысты әпсаналар, деректер мен дәйектерді жұртшылық назарына көбірек ұсындық. Айта кетуіміз керек, Әйтеке биге кесене орнату халқымыздың айтулы дара тұлғаларының да арманы болып келген.

Тәуелсіздік таңында жарық көрген, бүгінге дейінгі Ұлы би туралы жазылған ең үздік шығарма – Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Әйтеке би» атты тарихи-философиялық баянында Бабамыздың туған, өлген жылдары мен жатқан жері туралы болжамдар ақиқатқа айналғандығының куәсіміз. Марқұм, жазушы Мұқадес Есламғалиев ағамыздың саналы ғұмыры әйтекебитануға арналды, ширек ғасыр бойы ізденістер жасап, бірнеше кітаптар, оның ішінде «Әйтеке би» атты тамаша тарихи дилогиясын қалдырды. 1994-1997 жылдары Ташкентте елшілік қызмет атқарған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нәжмедин Есқалиев Нұр Атада Әйтеке би кесенесін тұрғызу, Қарақалпақ жерінде сүйегі жатқан Сырым Датұлының басына белгі қою жайында мәселе көтерген болатын. Сол жылдары Науаи облысын басқарған Әбдіхалық Айдарқұлов бауырымыздың ұйымдастыруымен Сейітқұл әулие қорымына берік қоршау жасалды. Бұл мақсатты іспен 2007 жылы сол кездегі Қызылорда облысының әкімі, ұлтжандылығымен танымал азамат Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза да шұғылданғанын жақсы білеміз.

Мұхтар Абрарұлы БАҚ өкілдеріне айтқан бір сөзінде: – Әйтеке – қазақтың үш жүзіне бірдей төрелік айтқан халқымыздың маңдайына біткен үш төбе биінің бірі. Ендеше ол жалғыз Шардараның, тіпті тұтас Оңтүстіктің маңдайына сыймайтын, жалпыұлттық деңгейдегі дара тұлға. Сондықтан әз бабаның жерленген орнын анықтап, басына ескерткіш қою республикалық маңызды мәселе. Ендеше мұндай мемлекеттік, тіпті халықаралық деңгейдегі мәселені Ұлттық Ғылым Академиясы мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігін қатыстыра отырып шешкен жөн, – деп тереңнен толғап еді. Қызылордаға Ақтаудан белгілі сәулетші, Абай-Шәкәрім, Домалақ Ана кесенелерінің авторы Сайын Назарбекұлы шақырылды. Сейітқұл әулие, Жалаңтөс Баһадүр, Ақша хан мен Әйтеке биге арналған төрт мұнаралы алып кесененің жобасы жасалды. Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің 2007 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, академик М.Ж.Жұрыновқа жолдаған хат мәтінімен таныстыра кетейік. «Құрметті Мұрат Жұрынұлы! Қазақ халқының тарихында елеулі рөл атқарған, ұлтымыздың төбе билерінің бірі Әйтеке бидің зираты Өзбекстан Республикасы Науаи облысы, Нұрата қаласындағы ескі қорымда деген дерек бар.

Әйтеке бидің ұлы бабасы Сейітқұлдың 16 ғасыр соңында Шығай ханмен бірге Сыр бойынан Нұрата тауына қоныс аударғаны көптеген тарихи деректерде дәлелденген факт. Төртқара Сейітқұлдың 8 ұлының бірі Самарқанда билік құрған Жалаңтөс Баһадүр екендігі ғылыми, көркем әдебиетте аз жазылған жоқ. Ендеше сүйегі Самарқанның іргесіндегі Дағбит қорымында жерленген Жалаңтөстің әкесі Сейітқұл мен бауыры Ақшаның үшінші баласы Байбектен туған Әйтекенің сол өңірде жерленуі шындыққа сәйкес келетін сияқты. Әйтеке бидің ұрпақтары әлі күнге дейін Сыр өңірінің Арал, Қазалы аудандарында тұрады. Жаңа Қазалы кенті бүгінде Әйтеке бидің атымен аталады. Облысымызда көптеген мектеп, көше, түрлі мәдени мекемелерге бабамыздың есімі берілген. Дегенмен әз баба басының әлі күнге дейін қарайтылмауы оның мыңдаған ұрпақтарының жанына батып, жүрегін сыздатуда. Ұлтымыздың үш төбе биінің бірі болып, оның абыройын асқақтатқан Әйтеке бидің өз атақ-даңқы мен абырой-беделіне сай кесене салуға облыстың толық мүмкіндігі жетеді. Сол себепті елімізге белгілі ғалымдардан арнайы комиссия құрып, бабамыздың жатқан жері туралы мәселенің басын ашып беруіңізді сұраймын».

Ал, 2007 жылдың 27 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Бұйрығы жарияланды. Әйтеке бидің жерленген орнын анықтау жөніндегі комиссия құру туралы 1.Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің 2007 жылдың 26 сәуіріндегі №011-4/973 өтініш хатына сәйкес қазақ халқының тарихы мен қоғамдық-саяси өмірінде елеулі роль атқарған Әйтеке би Байбекұлының жерленген орнын анықтау мақсатында төмендегідей құрамда комиссия құрылсын: 1.Көмеков Болат Есмұхамбетұлы – академик, тарих ғылымының докторы, профессор, комиссия төрағасы; 2.Кекілбаев Әбіш Кекілбайұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); 3.Зиманов Салық Зиманұлы – академик, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; 4.Байпақов Карл Молдахметұлы – академик, тарих, ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; 5.Момынов Әшірбек Құрбанұлы – тарих ғылымының докторы, профессор, комиссия хатшысы; 6.Қобландин Қалыбек Ибрагимұлы – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі (келісім бойынша); 7.Мыңбай Дархан Қамзабекұлы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша); 8.Әбденов Мұрат Абдуламитұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (келісім бойынша); 2.Комиссия жұмысын қаржыландыру Қызылорда облысының әкімдігіне жүктелсін (келісім бойынша). 3.Үш ай мерзім ішінде комиссия жұмысының қорытындысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Президиумына ұсынылып, нәтижесі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігіне және Қызылорда облысы әкімдігіне жіберілсін. Президент М. Жұрынов». Өкінішке орай, Арал қаласында тұрғызылатын кесене құрылысы да, Ғылым Академиясымен бірлесіп атқарылар жұмыстар да Мұхтар Абрарұлының басқа жұмысқа (ҚР Мәдениет және ақпарат министрі) ауысуына байланысты, бәлкім, басқада себептері бар шығар, тоқтап қалды. Мұның алдында Өзбекстанның билік орындары Қызылорда облысы әкімінің атына қазақстандықтар жасаған жобамен кесене тұрғызуға рұқсат берілмейтіндігін ашық айтып хат жолдаған болатын.

2006-2007 жылдары Өзбекстанда елшілік қызмет атқарған бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Нұр Атада бірнеше мәрте болып, Науаи облысы басшылығымен әлденеше рет кездесіп, келелі кеңестер жүргізгендігінен хабарымыз бар. 2007 жылдың сәуір айында Ташкенттегі елшілікте Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев, Шардарадағы «Әйтеке би» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі ғалымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері бар кеңеске қатысып, Асқар Исабекұлының тұжырымды, кесімді пікірлерін тыңдағанбыз. Айрықша айта кетуіміз керек, Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елшісі қызметіне кіріскен алғашқы күндерден Зауытбек Тұрысбеков Әйтеке бидің басына белгі орнату жұмысымен табандылықпен шұғылданды, өзбек елінің билік орындарымен келіссөздер жүргізді және кесене құрылысын қаржыландыруға ниет білдірген азаматтарды ұйымдастыра білді. Сондай-ақ кесене жобасын әзірлеуге, түбі бір туысқан жұрттың ұлы тұлғаларының ақиреттік үйін тұрғызу жұмысына Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Бас басқарма бастығы, белгілі ғалым Раушан Мансуров үлкен жауапкершілікпен атсалысты. Кесененің бой көтеруіне қаражаты мен уақытын аямай адал қызмет атқарған азаматтар да баршылық. Атақты правитель, заманының озық ойлы тұлғасы болған Сердалы Бекшориннің тікелей ұрпағы Қаражан Сердалиев үйлестіру жұмысында белсенділік танытты. Оның туған бауыры Бернард Сердалиев, Шаһарбек Усманов, Рахат Байзақов, Есенғали Байменов, Ибатулла Қалыбеков, Арынғазы Беркімбаев сынды кәсіпкер азаматтардың әділ бағасын беруіміз керек. Шымкенттік Алтынсары Үмбетәлиев кесене аймағын суландыру үшін 136 метр тереңдіктен су тартатын скважина қаздыруға қыруар қаржы жұмсап, тікелей атсалысты. Елші З.Тұрысбековтың ұсыныс– кеңесімен «Сейітқұл әулие – Әйтеке би» кесенесі кешенді құрылысқа айналуда. Бұл күндері кесененің жанындағы мешіт құрылысы аяқталып қалды. Атыраулық Мұхит Ізбанов басқарған Аманжан Рысқалиев, Амангелді Барақатов, Орынғали Әлдекенов сынды елдік, ұлттық мүддемен жігерленген кәсіпкер бауырларымыздың имандылық жолындағы ізгі істері ұрпақтан ұрпаққа үлгі-өнеге болып қалатынына сеніміміз зор. 2007 жылдың сәуір айында Ташкенттегі елшілікте Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев, Шардарадағы «Әйтеке би» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі ғалымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері бар кеңеске қатысып, 2006-2007 жылдары Өзбекстанда елшілік қызмет атқарған, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлының ойға қонымды, тұжырымды, кесімді пікірлерін тыңдағанбыз. Дегенмен ол кезеңде тиісті келісімдер мен қажетті құжаттар әзірлеу мәселесі пісіп, жетілмегендіктен кесене тұрғызу мүмкіндігі болмаған еді. Өзбекстандағы Елшіліктің кеңесшілік қызметіне өзбек еліндегі отандастарымыз арасында үлкен беделге ие Омарбек Нұржановтың келуі жаңаша жұмыстардың жарқын мазмұндармен толығуына ұйытқы болып отыр. Қоғамдық қор негізінен Әйтекебитанудың ақпараттық, насихаттық жұмыстарымен ғана шұғылданып келді, келешектегі қызметіміз де рухани, ғылыми-шығармашылық жұмыстарға арналады. Кез келген тұлғаға арналған кесене, мешіт, басқа да көріктендіру, құрылыс жұмыстарының аяқталатын кезеңі, қорытындыланатын тұсы бар. Ал, әйтекебитану – мәңгілік ілім, шек-шекараны таңдамайтын, ізденістері толтастамайтын ғылыми-шығармашылық ізденістермен сабақтасады. Қоғамдық қор өз қызметін келешекте осы бағыттарда жалғастырады. Мәселен, бұдан үш жыл бұрын біз Шардараға «Түркі әлемі» киностудиясын шақырып, «Әйтеке бидің ақ жолы» атты ғылыми-шығармашылық экспедицияға қатыстырдық, деректі фильм түсірілді. Осы кезеңде Шардарада әкімдік қызмет атқарған Серікбай Ибадуллаев қазақстандық делегацияны Шардараға бастап барып, Нұр Ата ауданы басшыларымен алғашқы келісім-шарттарға қол жеткізген еді. Ал, қазір жоғарыда аталғандай, Ташкенттегі Елшіліктің айналасында ұйымдасқан отандық кәсіпкерлермен бірлесіп студияның директоры әрі режиссері Д.Тұрлыбек жаңаша шығармашылық ізденістер жасап жатыр. Біз шардаралықтар бастамашысы болған мұндай бірлескен жұмыстарды қолдаймыз, әрі қуанамыз. Тәңір жарылқасын дейміз. Әйтеке бидің белгісіз жатқан орнына кесене тұрғызып, әз бабамыздың рухын еліне қауыштыруға ізгі ниеттерімен жұмылған Ташкенттегі, басқа да аймақтардағы дипломатиялық, мемлекеттік қызметтегі және кәсіпкер бауырларымызға Алланың нұры жаусын!

Жұмабек Мұқанов. «Әйтеке би» қоғамдық қорының президенті

Дереккөз: Ана тілі газеті
28.07.2009

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: