Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Қазақ қалай мәңгүрттендi?!

Қазақ қалай мәңгүрттендi?!
Исi қазақ бұл қасiреттi мәселенi терең танып бiлуi арқылы ғана ұлттық сана деңгейiне көтерiлiп ұлтшылдық сезiмге бөлене алмақ. Ұлтшылдық сезiмге қол жеткiзе алсақ, ол мақтануға тұрарлық рухан қазына көзiне айналмақ. Бiрақ ұлтшылдық деген сөзден зәремiздi зәр түбiне түсiрiп шошытқан күш – тоталитарлық идеологияның жемiсi екенiн ендi сезiнiп жүрмiз. Санамызда стереотиптiк қорқынышты сезiмге айналған жазалау шарасының хабаршысындай қаҺарлы күштiң елесi адамдардың бойында ұялап қалғаны бүгiнде жасырын сыр емес, шындықтың өзi. Өйткенi бұл мәселенiң өзегi И. Сталиннiң 1937 жылы “Мы не только уничтожим всех врагов, но и семьи их уничтожим, весь их род до последнего колена”(Леонид Млечин. КГБ председатели органов госбесопасности рассекречные судьбы. Москва, 2005, стр.152), – деп нұсқау беруiнде жатыр. 1937 жылы қазақ зиялылары мен елдегi естi адамдардың жүз мыңдайы сол жылы атылып, атақтыларының үрiм бұтағын қалдырмай, тiптi, жамағайындарына шейiн түгел көзiн жою осы қаҺарлы нұсқауға байланысты болатын-ды. Мысалы, Абай ұрпақтарының тағдыры, т.б…
Ұлтшылдық сезiм – елiн, жерiн сүйген әр ұлт адамына жарастықты қасиет, бiрақ ол нәсiлшiлдiк сезiммен ұштасса, жазылмайтын рухани улы дерт. Мұны бүкiл әлемге гуманистiк танымға жат немiс фашистерiнiң тағылық қылықтары айғақтады. Ал, бүгiнгi орыстардың ата-бабалары немiс фашизмiне қарсы күресiп, оларды күйретiп күлiн көкке ұшырса, олардың бүгiнгi азғын ұрпақтары “тақырбастар” атанып, нәсiлшiл шовинистерге айналуда. Бұл аса күрделi де қиын мәселенi танып бiлудiң өзектi тамыры ата тарихтың аса терең қабаттарында жатыр. Ресей империясы мен кеңестiк қызыл империя нәсiлшiл шовинистiк саясатты дәстүр ретiнде ұстанды. Майда ұлттарды ассимиляцияға түсiрiп, саяси бiр организмге айналдырып жiберудi мақсат тұтқан мемлекеттiк миссионерлiк саясатының болмысын танып бiлуде жатыр. Бұл мәселенiң тамырын қуалап, саяси болмысын танып бiлмейiнше, құлдық сананың ноқтасына мәңгiлiкке таңылып қала бермекпiз. Ұлттық санамыздағы құлдық ноқтасын саналы түрде үзбейiнше, рухани болмысымыз қараңғылық қапасына шырмалып қала бермек.
Қазақ ұлты мәңгүрттiктi тәңiрiден өзi тiлеп алған жоқ, оған Ресей империясының миссионерлiк нәсiлшiл шовинистiк саясатты ұстануы себеп болса, оның дәстүрлiк жалғасы кеңестiк билiкте де өз көрiнiсiн бердi. Тiптi, Ұлы Отан Соғысы кезiндегi қайталанбас ерлiк жасаған қан майдандағы жауынгерлер ерлiгiн бағалаудағы әдiлетсiздiктiң орын алуы ұлт саясатындағы екi жүздi ұсқынсыздықтың сұрқын көрсетiп бердi. Ал, оның айқын көрiнiсi 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысында қолданылған саналы түрдегi жазалаушы орындар қолданған садистiк әрекетi айғақтап бердi. Бұл қасiреттiң түпкi саяси тамырын танып, аспай саспай ғасырлар бойы мемлекеттiк деңгейде толассыз жүргiзiлген отаршылдық саяси айла-тәсiлдердiң бұралаң жолдарын танып, әшкерелеп отырудың тәрбиелiк зор мән-мағынасы бар. Бұл отаршылдық саясаттың түп-тамырын аша отырып, жүйелi түрде ғылыми тұрғыдан әшкерелеу әрекетiне бару – Ресейдi, немесе орыс халқын жек көруде емес, ұлттық санамызды оятып, мәңгүрттiктiң тұтқынынан арылуда жатыр. Ресей империясының патшалық, кеңестiк дәуiрдегi бүркемеленген алдамшы ұлт саясаты астарындағы евроцентристiк кертартпа дүниетанымын ғылыми тұрғыдан терең танып бiлу әрекетi ғана бiздi құлдық сана құрсауынан шығара алмақ.
Қазақ жерiн I Петр патша келешекте жаулап алынатын Азия құрылығына шығудың қақпасы деп бiлiп, оны қандай әдiспен болса да қаратып алуды империяның келешек басты мақсаттарының бiрi етiп қойды. Бiр жарым ғасыр iшiнде қазақ жерiн Ресей патшалығы аспай-саспай батыс Европамен ара қатысына қарай отырып, бiрде жылдам, бiрде баяу қарулы күшпен жерiм3зге шым-шымдап жылжып ене түстi. Алдымен, қазақ жерiне айнала қоршап 44 жерден әскери бекiнiстер шеңберiн салумен айналысты. Шортанбай ақын дәл болжап көрсеткендей:
Әуелi баста ханды алды,
Айнала қоршап маңды алды,
Қамалып қазақ сандалды, –
деген сөзiнде Ресей патшалығы жүргiзген отаршылдық саясаттың өзектi желiлерi белгi берiп жатты.
Алтын Орда империясы құлап, түрiк халықтары көптеген ұсақ хандықтарға шашылып кетуi – Ресейдiң көктен сұраған тiлеген жерден берген заман туды. Шашырап кеткен ұсақ хандықтарды бiртiндеп жаулап алысымен-ақ6 Ресей саясаты оларды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын мықтап ұстанды. Қырым, Қазан, Астрахан, Сiбiр хандықтары миссионерлiк саясаттың шырмауына түстi. Ресей тарапынан құрылған мұндай миссионерлiк қанды қақпанға алдымен Сiбiрдегi түрiк халықтары түстi. Ал, қазақ жерi мен Түркiстан өлкесiн 1731 жыл мен 1865 жыл аралығында тұтас жаулап алып, қытаймен екi арадағы шекарасын заңдастырып бекiтiп алған соң, түрiк халықтары ұстанып келген ислам дiнiне деген саясатын күрт өзгерттi.
Қашан Орталық Азияны жаулап алғанша, қазақтар арасында ислам дiнiн қолдап, әр ауылға молдалар тағайындап қолпаштап келуiнiң себебi де бар. Өйткенi келешекте жауланатын Түркiстан өлкесiндегi халықтарды шошытып алмау үшiн, саяси маневр жасап, уақытша алдай тұруды мақсат тұтты. Осы мақсатқа соңынан қолы толық жеткен соң, ендi миссионеллiк саясатын ашық әрi батыл жүргiзуге кiрiсiп кеттi.
Қазақ жерiн Ресей империясы жетiлген отты қарудың күшiмен 150 жыл уақыт iшiнде әрең жаулап, тұтас қаратты. Ал, Түркiстандағы Бұхара, Хиуа, Қоқан хандығы тұрақты әскерi, мылтық, зеңбiрекпен қаруланды әрi мықты соғылған қамал-қорғандары болса да, екi-үш жылға төтеп бере алмай отарланып, бодандықтың ноқтасын киiп шыға келдi. Екi арадағы яғни қазақтар мен өзбек хандықтарын жаулап алудағы ерекшелiктi орыс тарихшылары тарапынан айтылған шыншыл пiкiрден-ақ танып бiлсе болғандай. Ресей отаршылдары қазақ жерiн бiр жарым ғасыр бойы жаулағанда, олар отты қарумен, тұрақты армиямен қаруланса да, әр жердегi қазақ батырларының қол бастаған жан кештi қарсылығына ұшырап, алға жылжи алмай келдi. Мұның басты себебiн орыс тарихшысы Аничков қазақтардың елiне, жерiне деген махабатынан туындаған ұлттық санасының жоғары деңгейде болуында деп атап көрсеттi. Ал, өзбек хандығының қарсыласуы тез арада тойтарылып, екi-үш жыл арасында жеңiлiс табуы оларда ұлттық сананың жоқтығын көрсеттi. Өйткенi отаршылдарға қарсы бiрде бiр не өзбек, не сарт, не тәжiк батырының қол бастап қарсылық көрсетпеуi – осының нақты айғағы едi.
Ресей империясы бұл мәселеге ерекше мән бере қарады. Осы себептi Түркiстан түрiктерi мен қазақтарға қарсы қолданған отаршылдық саясатында елеулi айырмашылық жатты. Қазақ сияқты ұлттық санасы күштi асау бұла халықты келешекте қолда ұстап тұрудың қиындығын Ресей отаршылдары терең сезiндi. Жылқы мiнездi кеңiстiктегi еркiндiктi аңсайтын тарпаң мiнез қазақтарды тұқыртып ұстаудың бiрден бiр кiлтi – олардың ұлттық санасын өшiрiп, халықтық тарихи жадынан жаңылдырып, табиғи болмысының өзегi болған ауылдық қауымдық ұясын(ядросын) бiртiндеп жою мақсатын шешушi орынға қойды. Дала қазақтарының бәрiн де саналы түрде мәңгүрттендiрудi саяси мақсат ретiнде ұстанды.
Осы себептердi ескере отырып, патша үкiметi түрiк халықтарының iшiнде, алдымен, қазақтарды ерекше қыспаққа алып, жер бетiнен сыпырып тастау әрекетiнен тайынбады. 1865 жылғы наурыз айында Алаксандр I патша ерекше мәнi бар мәселеге өз қолымен жазатын раскриптiнде қазақтарды шоқындырып орыстандыру туралы саяси құжатқа ресми түрде қол қойды. Бұл байламды жергiлiктi билiк арқылы құпия түрде бiртiндеп асықпай жүзеге асыруға бағыт алды. Қазақтарды шоқындырып орыстандыру мәселесi Святой синодқа тапсырылып, миссионерлiк саясат үшiн мемлекет тарапынан орасан зор қаржы бөлiндi.
Святой синод қазақтарды правослаия дiнiне шоқындырып, орыстандыру мәселесiн миссионер ғалымдардың қолына тапсырды. Осы себептi кiшi жүздi шоқындырудың басына профессор Ильминскийдi, орта жүздi орыстандырудың басына профессор Алекторовты, Түркiстандықтар мен ұлы жүз қазақтарын шоқындырып орыстандырудың басына атақты профессор Остроумовты қойды. Қой терiсiн жамылған ашқарақ қасқырдай миссионерлер бiр ауыздан қазақтарды шоқындырып орыстандырудың ең сенiмдi жолы бұратана халықтарға арналған аралас мектеп түрiне шешушi мән бере қарады. Бұл iстi жүзеге асыру үшiн алдымен қазақтардың мың жыл бойы қолданып келе жатқан араб жазуын крилицаға ауыстыру мақсатын жедел қолға алды, Бұл үшiн орыс жазу таңбасын жүзеге асыруды сенiмдi болуы үшiн, қазақтардың өз iшiнен шыққан өкiлiне тапсыру жолы қарастырылды. Бұл аса күрделi де нәзiк мәселенi профессор Ильминскийдiң ұсынысы бойынша, Ыбырай Алтынсариндi пайдалануды қолға алды. Бiрақ патша үкiметi көзi тiрiсiнде бұл арманын жүзеге асыра алмай, арманда кеттi. Билiктi толық қолына алған соң бұл мәселенi кеңес үкiметi халықтар достығы ұранын бетке ұстап, зорлықпен тез арада құйындата жүзеге асырғанынан көзi қарақты оқырманның бәрi де хабардар.
Қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру мәселесi жүзеге аспаса, оларды жер бетiнен жойып жiберу мақсаты ашық айтыла бастады. Мысалы, патша үкiметiнiң ерекше iстердi жүзеге асыратын чиновнигi шоқынды Балкашин Жетiсу, Семей гүбернасын аралап, жарамды жерлердi орталықтан келген қара шекпендерге беру үшiн, зорлыққа басқанда, оған Потанин қарсылық пiкiрiн бiлдiрдi. Сонда Потаниннiң қарсылығына Балкашин “империяға жер керек, қазақтар қайда кетсе онда кетсiн” деп ашығын айтқан болатын. Немесе 1916 жылғы қазақ жерi мен Түркiстан өлкесiндегi ұлт-азаттық көтерiлiсiн басып жаншу үшiн Санк-Петербургтан арнайы түрде жiберiлген патшаның ең сенiмдi, айлакер, аса тәжiрибелi қарт генералы Куропаткин жiберiлгенi туралы ақын Мәди Меркiшұлы:
Петроград шаҺарынан Куропаткин,
Сегiзiншi ауғұста Ташкент келдi…
Бұл ұста шал көрсеттi тәртiп әдеп,
Ұсталықпен қылды ол iстi талап…–
деп, көп жайдан нақтылы дерек мағлұмат беретiнi бар (Молда Мәди МеркiшҺлы. Шығармалары, Алматы, 2005, 18-бет). Мiне, Түркiстанға генерал-губернатор қызметiне келген Куропаткин өзiнiң сол кездегi жазылған күнделiгiнде қазақтарды жер бетiнен жойып жiберу мәселесiне отаршылдардың бәрi де iштей бiр шешiмге келгенiн ашық мойындайды. Яғни қазақтарды америкалық үндістердiң тағдыры күтiп тұрды. Бiрақ бұл сұмдық ойды жасырып, iште құпия сыр етiп ұстанып келгенiн жасырмай ашық жазғанын мына төмендегi жан шошырлық хабардан оқып көрейiк: “Озабоченный востанием 1916 г. Куропаткин вынужден был в припадке откровенности признать на страницах своего дневника что “за последние 40 лет точно безмолвне согласилось стерет с лица земли“ казахов. К этому действительно клонилось вся политика самодержавия. Только за период с 1902 года по 1912 год количество казахского населения уменшилось на 9 проц.” (С.Брайнин, С.Шафиро. Очерки по истории Алашорды. 1935 г. стр.26). Бұл бiздер үшiн қасiреттi де қорқынышты ресми хабардың лауазымы жоғары саяси қайраткердiң аузынан тiкелей ашықтан ашық мойындауы болатын. Қазақтарды өз жерiнде қырып салып, жерiне келiмсектердi орналастыру мақсаты кеңес халықтарын халықар достығы саясатымен даңғазалап алдап келген компартия көсемдерiнiң де iшкi мақсатына айналғанын нақтылы дерек көздерi айғақтап отыр. 1918 жылы В.И.Лениннiң “Түркiстан халықтарына үндеуi”, онда айтылған большевиктердiң саяси уәделерi қағаз бетiнде қалғанын уақыт шындығы көрсетiп бердi.
В.И.Ленин бастаған орталық билiктiң ұлт мәселесi жөнiнде орыстың ұлтшыл-шовинистiк саясатын мұра ретiнде ұстанғанын Зәки Тоғанның Мәскеуден эмиграцияға кетерiнде Ленин, Троцкий, Сталин, Рыков төртеуiне жазған хатында: “Из политики, которую начал осушествлять ЦК РКП, явствует, что в отношении народов Востока вы… приняли за основу идею русских националистов-шовинистов”(Заки Валиди Тоган. “Воспоминания”, Уфа, 1994), – деп ашына жазуында шындықтың өзегiн тiле отырып айтқан едi. Осы шовинистiк-ұлтшылдық саяси жолды ұстанған кеңес үкiметi де халықтар достығы ұранын бетперде ретiнде ұстанып, Ресейге қараған түрiк халықтарының ең көбi әрi болашағы зоры деп саналған қазақтардың басына қолынан келгенiнше әңгiр таяқ орнатып бақты. Революцияның алғашқы жылдарында-ақ большевиктер революция мүддесi үшiн көшпелi халықты құрбандыққа шалудан тартынбады. Түркiстан өлкесiн жайлаған ашаршылық жылдарында қазақтарды сақтап қалуға барын салған Тұрар Рысқұловқа қарсы Түркiстан большевиктерiнiң саяси басшылары қазақтардың ашаршылықтан қырылуын заңды құбылыс деп таныған едi. Орыс жазушысы Николай Анастасьев Мұхтар Әуезов туралы жазған кiтабында: “Для ясности: Феодар Колесов и Иван Тоболин- большевики, занимавшие сразу после революции видные позиции в Түркестанском крае. Последний, по свидетельством очевидцев, откровенно и публично заявлял, что киргизы то есть казахи как народ “… с точки зрения маркисистов, экономически слабый, все ровно должен будет вымереть…”(И.Анастасьев. “Мухтар Ауэзов”, Москва, 2006, стр.130), – деп келтiрген айғақты пiкiрi саналы жанның санасын өртше шарпиды емес пе?
Бiз кiмдерге сенiп келгенбiз? деген сұрақтың әр қазақтың алдына қойылары да заңдылық. Немесе Сталин мен Хрушевтiң Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында пiкiр алысқанда: “Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, “Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады” деп жауап бердi” – дегенi («Қазақ әдебиетi», 01.12.2006) кеңес халқының құдайдай табынып сенiп келген көсемi И.Сталиннiң iшкi саяси ойының тамыры қайда жатқанын әшкере етiп тұр. Голошекиннiң саяси ұсынысын не себептi қолдап, қуаттауының астарында қандай саяси құпия мақсат жатқандығы осының өзiнен-ақ анықталып тұр емес пе? Сонда Ресей патшалығы мен большевиктердiң қазақ елiн жер бетiнен сыпырып тасау туралы саяси мақсаттары бiр жерден шығып тұр. Осы ойды айғақтайтын деректер көзiне назар салайық:
Бiрiншiден, “Бекболат” дастанындағы бас кейiпкер аузымен айтылатын мына өлең жолдарындағы:
Алты миллион шырақпыз,
Солар сөнсе сөнермiз.
Егер олар сөнбесе,
Бiздағы көппен көрермiз, –
дейтiн халық санасындағы қарапайым өршiл ұғымның астарында қарағайдай көп қазақтың қуатына сенген таным жатыр. Мiне, осы алты миллион қазақты аштықпен, қызыл террормен саналы түрде мақсат қойып қатыгездiкпен аяусыз қырудың нәтижесiнде Ұлы Отан Соғысына дейiн Қазақ халқының үштен екiсiнен айрылып, өз жерiмiзде азшылыққа ұрындық.
ХҮШ ғасырдағы қазақ, қалмақ арасындағы Ұлы Отан Соысындағы атақты ақтабан шұбырынды қырғынында халқымыздың үштен бiрiнен айрылған едiк. Ал, бейбiтшiлiк заманда большевиктердiң “бостандық, теңдiк” ұранына алданған халқымыздың үштен екiсiнен яғни 4 миллион адамынан айрылу – бұрын-соңды басымызға түсiп көрмеген қасiреттi бастан кештiк. Бұл қасiреттi жағдай кездейсоқ тап болған құбылыс емес, бiздi, қазақтарды, жер бетiнен сыпырып тастауды алдына саяси мақсат етiп қойған жүйелi бағдарлама негiзiндегi империялық қанды қол саясаттың дәстүрлi жалғасының өзi болғанын нақтылы дерек көздерi айғақтап отыр.
Мәскеудегi Орталық билiк қазақтардың белiн сындыру – бүкiл түрiк халқының сағын сындыру деп ұғынды. Өйткенi ХХ ғасыр басында ұлттық санасы оянған қазақ халқы арасынан үркердей зиялы топтың ұлттық идея маңында шоғырланып, Алаш партиясын ұйымдастырып, саяси iске қызу атсалысып, ұлттық автономиясын да жариялап үлгерген едi. Түркiстанды жайлаған басқа халықтар ол кезде мұндай саяси әрекетке бара алмағаны белгiлi. Кеңес үкiметi орнап, солардың билiгi жүре бастаған заманда Тұрар Рысқұловтың басшылығымен Түркiстан республикасының өмiр сүруi орталықты қатты әбiгерге түсiрдi. Өйткенi кеңестер елiнде iрi екi суперэтнос – славяндар мен түрiк халықтары қатар бой түзеп қалыптасу жолына түсе бастауы – алда болжап болмайтын өзгерiстерге ұрындырар деп сескендi. Егер түрiк халықтарының ұлттық санасы оянып, евроцентристер арнайы ұмыттырған халықтық тарихи танымы жаңғырып, рухани тұтастығы толыса берсе, келешекте бой бермей кететiн саяси адуын күшке айналу мүмкiндiгiнен қауiптендi. Оның үстiне қазақтардың ортасынан шыққан Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, С.Смағұлов т.б. сияқты iргелi саяси қайраткерлер бағытымен Мәскеу есептеспей тұра алмады.
Орталық қандықол әрекеттерiн жүзеге асыру үшiн, әр облысқа бiр жарым мың адамның көзiн жоюға ресми түрде лимит берiп, оларды үштiк(тройка) арқылы аттырып отырды. Ал Мәскеу облысының басқарма бастығы адамдарды ату үшiн берген орталықтың лимитiн тез орындап қойып, оны асыра орындауға тағы да лимит сұрауына таңғалуға болмайды. Өйткенi берген тапсырманы асыра орындасаң, лауазымды қызметке көтерiлiп, шенiңдi өсiретiн бiрден бiр мүмкiндiктi пайдаланып қалуды ғана ойлаған қанды қасап иелерi көп едi (Сонда, Е.Млечин…стр.284).
Орталықтың осы адам ату лимитiне сүйенген Қазақстанның iшкi iстер басқармасы қазақ халқының ұйтқысы мен қаймағы болған зиялы тобының көзiн жою жолында Голошекин мақсатын жүзеге асыру үшiн, бiр жыл iшiнде жүз мыңға жуық сауатты, зиялы азаматтарды атып өлтiруi арқылы бiр мақсатқа жетсе, осының алдында ғана халықты қолдан жасаған жасанды ашаршылыққа ұрындырған едi. Қалғандарын мәңгүрттендiрiп рухани құлдыққа айналдырудың жолын да ерте бастан-ақ қарастырдған екен.
Адамзат тарихында мәңгүрттеу мен зомбылаудың түп тарихы Азия мен Африка құрлығында жатқан тәрiздi. Ал, мәңгүрттендiрудiң отаны Орталық Азиядан шыққандығына қырғыздың халықтық ұлы эпосы “Манас” жырындағы:
Баланы ұстап алалық,
Басына шiре жағалық, –
деген өлең жолындағы “шiре” сөзiнде белгi берiп тұр. Басқа шiре салу арқылы адамның шашын ұстарамен тақырлап алып, жаңа сойылған түйенiң мойын терiсiннен басына қаптап, таспамен тартып бекiтiп, шақырайған күннiң өтiне ұстау арқылы жүзеге асырады. Бiздiң әдебиетiмiзде мәңгүрттiк жайы туралы алғаш рет Ә.Кекiлбаев та, кейiнiрек Ш.Айтматовтың романында өте кең әрi терең типтiк образға айналдыру жолымен әлем жұртшылығына танымалы болды. Ал зомбилау болса, Африка құрылығында пайда болып, оны отаршыл күштер кеңiнен пайдаланған жауыздық яғни адамзатқа жат құбылысқа жатады. Бүкiл әлемдi отаршылдықтың шеңберiне тартқан европалықтар адамзатқа жат бұл екi жауыздық тәсiлдi ендi халықтардың санасын ұлтсыздандыратын идеологиялық құралға айралдырып отыр. Бұл әрекеттiң мысалын алыстан iздемей-ақ, өзiмiзге сыры мәлiм Ресей патшалығы мен қызыл империяның тоталитарлық идеологиясының тарихынан анық көре аламыз.
Екiншiден, Бұхар жырау бұдан үш ғасыр бұрын Абылай ханның заманында болашақтан қауiптенiп:
Жатқа тiзгiн бермеңiз,
Жатқа тiзгiн берсеңiз:
Сонау кеудеңдегi
Дулығадай бас кетер,
Екi көзден жас кетер, –
деп ескерткен едi.
Ескi патшалық билiк күйредi. Ендi жаңа заман келдi. Ұлттар теңдiгi жүзеге асты, әр ұлт өзiн өзi билемек деген большевиктер уәдесi бос сөз болып шықты.
Бұқар жыраудың болжаммен айтқан даналық сөзiнiң шындығын кеңестiк заманда ел билеудiң тiзгiнiн жатқа ұстатқанымызды Колбиннiң өзi құпия түрде болса да атап көрсеткендей, “Неге Қазақстанды соңғы 70 жыл iшiнде екi-ақ қазақ басқарды?” деуiнде бүркемеленген шындықтың бетiн айқара ашып берiп отыр. Шынында да, бiздiң халқымыздың саны ел тiзгiнiн жатқа ұстатқанда үнемi құлдырап отырса, республикамызды 25 жыл басқарған әлемдiк деңгейдегi саяси қайраткер Қонаевтың тұсында ғана халық саны бастапқы қалпынан асып түстi. Өйткенi Қонаев саяси бюро мүшелерiнiң iшiндегi ең бiлiктiсi және пенделiк пығылдан ең тазасы болуы себептi, халқының санасында кемеңгер перзентi ретiнде мәңгiлiкке сақталып қалды.
Үшiншiден, қазақ жұртының сан ғасыр бойында қалыптасқан тұрмыс болмысының өзегi (ядросы) болған бiр атаның баласынан құралатын 10-15 үйлi отбасы бiр ауыл болып ұйыған қатықтай өмiр кешетiн. Ол ауылды жатқызып тұрғызатын ақылгөй ақсақалы болатын. Бүкiл шаруашылық пен рухани тұтастық мәселесi сол ақсақалдың ақыл кеңесiмен шешiлетiн. Қазақ халқын ғасырлар бойы сақтап келген осы тұрмыстық өзегiн (ядросын) жойып, дәстүрiнен жаңылдыруды отаршылдар ерте қолға алған едi. Бұл қазақы өзектi (ядроны) бұзбайынша, қазақты шоқындырып, орыстандырудың, мәңгүрттiк жолға бұрудың аулы алыс едi. Осы себептi, бұл кедергiнi бұзып ыдыратудың айла-амалдарын алдын ала қарастырды. Бiрақ бұл қастандық әрекет ауыл ядросының тiрегiн солқылдатса да, түпкiлiктi деңгейде бұза алмады. Ал, кеңес үкiметi тiкелей тiзеге басып зорлықпен колхоздастыру, колхоздарды iрiлендiру, совхоздар құру арқылы қазақы ауылдық ядросының түбiне жеттi. Мiне, осындай саяси мақсатты көздеген жауыздық әрекеттер яғни қазақ елiнiң тұрмыстық болмысынан туындаған өзегiн (ядросын) жою саясаты қазақ халқын мәңгүрттiк жолға бұрудың шешушi құралына айналып жүре бердi. Мәскеудегi билiк қай кезде болса да, қазақ елiнiң өзiне тән қайталанбас ұлттық, тұрмыстық ерекшелiгiмен еш қашанда санасып әдiлеттi саясат жүргiзген емес.
Төртiншiден, Ресей патшалығының отарланған ұлан байтақ қазақ жерiн материалдық және рухани жағынан меңгеру жолында ұстанған саясатының бiр елеулi буыны водворение саясатында (қазақ арасына славян тектес халықтар мен орыс тiлдi шоқындыларды көптеп ендiру саясаты) жататын. Мұндағы мақсат қазақ жерi 1891 жылдан бастап ресми түрде мемлекет меншiгi деп жарияланды. Қазақтардан тартып алынған сулы, нулы жерлерге Ресейде жерсiз қалған келiмсектердi орналастыумен бiрге қазақтар арасына сұғындыра араластырып отыруды да қолға алды. Мұндағы басты мақсат келiмсектердiң саны басым түсiп, қазақтардың шоқынып орыстануына қолдан жағдай жасау қамында жататын. Қазақ-орыстың аралас-құралас отырған жерде бұратана халықтарға арналған түземдiк орыс мектебiн ашуға негiз жасалып, қазақ-орыс балаларын бiр сыныпта оқытып, бүкiл дүниетанымын орыстандырып жiберуге бағыттау болатын.
Мұндай мектептер бiздiң заманымызда аралас мектеп деп аталып жүр. Патшалық билiк тұсында мұндай аралас мектептiң алғашқы үлгiсiн орнықтырған Сырдария гүбернасының тұңғыш генерал-губернаторы арғы тегi немiстен шыққан Кауфманский болатын. Жалпы Ресей отарланған қазақ жерiндегi билiкке орыстардан гөрi европалықтарды қоюды жөн көретiн. Өйткенi шетелдiктер отарланған бұратаналармен жұмыс жүргiзуге қолайлы, жергiлiктi халықты билеп төстеудiң айла тәсiлдерiн шебер қолданып, ел iшiнде туындаған өздерi үшiн қауiптi ой-пiкiрлерге құлақ салып, өте сақтықпен бақылап отыратын. Мысалы, Абайға жазылған Қосшығұловтың ислам дiнiндегi қазақтарды шоқындыру, көнбесе жер бетiнен сыпырып тастау жайындағы Николай 2-патшаның жергiлiктi генерал-губернаторға жiберген құпия өкiмi туралы хатына (қазақтар iшкi сырды бiлiп қоймауы үшiн) бүкiл Семей, Омбы жандармериясының дүрлiгуi – осының айғағы.
Патша үкiметiнiң қазақ жерiнде жүргiзген водворение саясатын кеңес үкiметi төңкерiс жылдарының өзiнде-ақ мұрагергерлiк танытып, саясаттағы ата дәстүрi ретiнде қабылдап, бүркемелеп дамытқан едi. Бұл әрекет колхоздастыру, бай кулактарды тап ретiнде жою және Гулагтардың қазақ жерiнде көптеп ашылуы кезiнде үдей түстi. Ұлы Отан Соғысы жылдарында Едiл бойы халықтары мен Кавказ түрiктерiн зорлықпен Қазақстанға жер аудару тұсында молыға түстi. Әсiресе, бұл саясат 1954 жылы Қазақстанда тың жерлердi игеру науқанында жетер жерiне жеттi. Сырттан жұмыс күшiн әкелуге тек қана бiр миллионнан астам славяндарды тартып, оларға барлық жағдай жасалды. Осы кезде 700 қазақ мектебi жабылып, ондағы оқушылардың бәрi де жаңадан ашылған аралас мектептерде бiлiм алды. Ол аз болғандай, атом бомбасын сынау полигонын әдейi қазақ жерiне орналастыру мен жер үстiнде жару-қазақ елiнiң өсуiне салынған өлiм тұзағы едi. Мiне, осы жау ниеттi жағдайлар қазақтардың өз жерiнде азшылыққа айналып, санасы жағынан тезiрек мәңгүрттенуiне барлық жағдай алдын ала жасалғанын айғақтап тұр.
Қазақтардың осы кезде тiл жағынан таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ болып бөлiну процесi қызу жүрiп жатты. Қазақстан – жүз ұлтты планета, “халықтар достығының лабараториясы” деп даңғазалап жатты. Шынында да, қазақ жерi 130 ұлттың екiншi отанына айналды. Осыдан келiп Қазақстан көп ұлтты республика деген ұғымды кеңестiк идеология термин есебiнде санамызға сiңiрдi. Шындығында, мәселе осылай ма? Маңайдағы шекаралас елдерге назар салып қарайықшы, қалай екен? Мысалы, Ресей мен қытайды, немесе Өзбекстанды алып қарайық: Ресейдегi барлық жергiлiктi ұлттардың бәрi де тарихи ата мекенiнде отыр. Бiр кезде олардың бәрiн де Ресей жаулап алып, өз жерiне бодан етiп күшпенен зорлап қосты. Кеңестiк дәуiрде олардың бәрi де одақтас республикалар мен автономиялы республикаларға, ұлтты округтарға айналып, соның негiзiнде федарациялық құрылымға айналып, көп ұлтты республикаға айналды. Ол ұлттардың ата мекен жерi болуы себептi де, олардың бөлiнiп кетуге конституциялық заңды құқы бар. Қытай халық республикасы жерiнiң 60 % майда ұлттардың жерi болса да, қытайлар өзiн көп ұлтты республикамыз демейдi. Өзбекстанда жасайтын қазақ, тәжiк, қарақалпақ, қырғыз халықтары да өз ата мекен жерiнде отыр. Осы себептен де олар Өзбекстан үшiн диаспора деп есептелмесе де, Өзбекстан өзiн көп ұлтты республикамыз деуге саналы түрде бармай отыр.
Ал, бiз не себептi, қандай заңдылыққа негiзделiп көп ұлтты республика боламыз? Бiз өмiр сүрiп отырған ата мекен жерде қазақ елi толық отарлауға ұшырағанша бiрде-бiр бөтен халық отырмаған. Осы себептi де Қазақстан әлем халқына тәуелсiздiк алысымен унитарлы мемлекет деп танылды. Бiздiң жерде өмiр сүрiп отырған 130 ұлттың бiрiнiң де заңды ата мекен жерi жоқ. Олар – бiздер үшiн диаспора ғана. Егер заңды ата мекен жерi болса, олар өз алдына бөлiнiп кетуiне заңды құқы болар едi. Жерi жоқ, бiрақ түрлi саяси-әлеуметтiк жағдайлармен келiп орналасқан бұл халықтардың шын отаны сыртта жатыр. Осы жағдайға қарамай яғни ата мекен жерi болмаса да, Мәскеу немiстер мен ұйғырлардың автономия алып, бөлiнуге ұмтылған әрекетiн қолдап, дем берiп отырды. Хрушев билiгi тұсында Тың өлкедегi алты облысты Ресейге, Оңтүстiк өлкесiн Өзгекстанға, Жетiсуды ұйғырларға беру әрекетi Қазақстанды бөлшектеп жiберу мақсатын көздеген авантюристiк шовинистiк әрекетi көрiнiс бердi. Олай болса, не себептi Қазақстан көп ұлтты республика атанады. Әрине, кеңестiк тоталитарлық идеология бiздiң санамызға Қазақстан көп ұлтты республика деген стереотиптiк кеңестiк ұғымды орнықтырды. Көп ұлтты республика болу үшiн оларға жерiмiздi бөлiп беруiмiз керек. Бермейтiн болсақ, онда бiз көп тiлдi республикамыз. Терминде үлкен саяси мән барлығын ескермек ләзiм.
Бесiншiден, Қазақтың мәңгүрттену жолындағы шешушi саяси буын Голошекиннiң И.Сталинге жазған қызмет хатындағы: “…бесiншi кезеңде – қалған барлық қазақ зиялыларының көзiн жойып, қазақ әлiппесiн тағы да ауыстырып, осындай әдiспен жеткiншек ұрпақтың өз халқының тарихын бастапқы тума көздерден оқып бiлу мүмкiндiгiнен айыру”(Советская степь, 20.11.01927 г), – деп ашық жазуында жатыр. Бiздiң ұлтымыздың басына түскен қасiреттiң барлығы осы саяси мәнi бар ұсыныстан басталды. Бұл терең жауыздық пиғылды Сталин: “Голошекин жолдас! Менiң ойымша, қызметтiк жазбада атап көрсетiлген саясат, негiзiнен, бiрден-бiр дұрыс саясат болып табылады”, – деп ресми түрде бекiтiп беруiнен кейiн-ақ қазақ зиялыларын бiрiн-бiрiне айдап салып, жаппай қудалаудың басталғаны тарихтан мағлұм. Бiрi ұсынып, екiншiсi оны ресми түрде қолдаудың нәтижесi 1930 жыл мен 1937 жылдың аралығында жүз мыңға жуық қазақтың атпал азаматтарын жаппай атып, көздерiн жоюмен бiрге алты миллионға жеткен қазақтар екi миллионға жетер жетпес жағдайда қалып, өз жерiнде халқының үштен екiсiнен айрылды.
Қазақ ақын-жазушыларының қолымен жазылып басылым көрген ұлттық рухтағы туындылары да тұтас жойылды. Кейде олардың атын атап, өлеңiн жатқа бiлетiндердiң өзi де халық жауы ретiнде ұсталып жатты. Оны студенттiк шақта 1951 жылғы Қазақстандағы идеологиялық күрес кезiнде көзiмiзбен көрiп, үрейленiп өстiк емес пе? Қазақ филологиясында оқып жүрген кезiмiзде бiздер ата ұрпақтың рухани мұрасынан мүлде бейхабар қалғанымызды кеш ұғындық. Олардың туындысын жасырын болса да оқып бiлуге қазақ жазу әлiппесiнiң латыншаға, артынша орысшаға ауысып кетуiнен арабшаны оқуға шамамыз келмедi. Голошекиннiң зымиян ойы мен тiлегi алдымыздан шықты. Өткен тарихымызды танып бiлуге ұмтылысымыз далаға кетiп, күн өткен сайын мәңгүрттене бердiк.
Бiр ғасыр iшiндегi ұрпақтар алмасуындағы заңдылықты бұзып және олардың бойындағы ғасырлар бойы қалыптасып дәстүр ретiнде келесi ұрпаққа ауысатын бүкiл салт-сана, дүниетаным, ұлттық рухани қазына көздерi тәрiздi табиғи рухани құндылықтар үзiлiп, келесi ұрпақ өкiлiне жетпей қалды. Қасiрет атаулының бәрi де осы рухани мұрадан қол үзуде жатыр. ХХ ғасыр iшiнде өмiр сүрген төрт буын ұрпақтың – ата буын, аға буын, орта буын, жас буын арасын жалғастырушы ата буын тұтастай оталып, жойылып кеттi де дәстүрлi жалғастық үзiлiс тапты.
Мiне, бiздiң ұлттық қасiретiмiз дәл осы мәселеден басталатынын сезгендей, өзiнiң шашпа пiкiрлерiнде Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезiнде “У нас есть последственная переемственность всего благородного от поколение к поколению. Именно в этом достойнства нашего народа. Именно в этом суть нашего прогрессивного мышления и стремления к идеалом” (Б.Момышұлының үй архивiнен), – деп қадай көрсетуiнен бiздер қандай қасiреттi жағдайға ұшыраған бейшаралық қалiмiзге көзiмiз жете түседi. Б.Момышұлының Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Н.Оңдасынов, I.Омаров т.б. қазақ зиялыларына майданнан жазған хаттарында да осы ойларының идеялық желiсi жалғасын тауып жататыны бар. Отаны үшiн от кешкен Б.Момышұлын осы ой танымы үшiн ерлiгiн бағалаудың орнына оған “ұлтшыл, современный Бөкейханов” деген жалалы пiкiрдiң етек алғаны аға ұрпақтың есiнде.
Алтыншыдан, Голошекиннiң екiншi көтерген мәселесi қазақ әлiппесiн тағы да ауыстырып, келешек жастарды өз халқының тарихи жадынан мақұрым қалдырып, мәңгүрттендiру арманы ашық айтылып отыр. Бұл мәселенiң тарихи төркiнi де патшалық замандағы орыс миссионерлерiне барып тiреледi. Мысалы, атақты миссионер ғалым профессор Ильминский үкiметтiң ресми хабарлары жарияланатын ”Дала уалаяты” газетiнде венгер ғалымы Вамберидiң қазақтардың арғы ата-бабалары ғұндардың тарихынан мағлұмат бергенде, зәресi ұшып бiрден обер-прокурорға арыз жазып, ресми газеттiң өзiн жаптырып тастауы – осының айғағы. Профессордың қаупi қазақтар өткен тарихын бiлсе, ұлттық санасы оянып кетуiнен зәресi зәр түбiне түсе қорқуында жатыр. Мiне, Сталин мен Голошекин қаласын қаламасын орыс миссионерлерiнiң дәстүрiн жалғастырушы рухани мұрагерлерi болып шыға келдi. Неге бұлай? Мәселенiң бәрi де осы ой танымнан таралып, өрiс алуында жатыр. Оларға ешкiм де жала жауып отырған жоқ, шындықтың өзi осылай болса не дерсiң?
Қазақтың жазу әлiппесiн өзгерту сырына мен аспирантурада оқып жүрген кезiмде мән бере бастадым. Өйткенi менiң ғылыми жетекшiм академик Қажым Жұмалиев менiң кандидаттық диссертациямның тақырыбына “Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы” (1889-1961ж) деп анықтаған едi. Бұл тақырыпқа қажеттi дерек көздерi арабтың қадимше, төтенше жазу таңбасы мен 1930 жылдан бастап латын жазу таңбасымен жазылған әдебиеттерде жататын. Араб, латын жазу таңбасын бiлмейiнше, дерек көздерiне кiру мүмкiн емес. Лаж жоқтықтан ол жазу таңбаларын өз бетiммен үйрене бастадым. Үйрене жүрiп ой келдi. Бұл жазу таңбалары не себептi өзгердi, кiмдер өзгерттi, қандай мақсатпен өзгертiлдi деген сұрақ ойымнан кетпедi. Iздене бастадым, iздену үстiнде шындыққа шала-пұла болса да көзiм жете түстi. Көзiм жеткен сайын менiң халқымды қорлаған қаскөй саяси айла тәсiлдердiң ұстанған мақсаты менiң жан дүниемдi, ой танымымды асты үстiне шығарып, ұлттық намысымды тасқа жаныды. Мәселенiң мән жайын ғылыми жетекшiм профессор Қажым Жұмалиевке айтып едiм, бiрден “Немене, көктей солайын деп жүрсiң бе, әлде мен барған жерге асығып жүрсiң бе? деп қатты зекiп тастады. Ол кiсiнiң мен екiншi курста оқып жүргенде буржуазияшыл ұлтшыл элемент деп жазықсыз жапа шегiп, айыпталып, 25 жылға “халық жауы” деп сотталғаны есiме түсiп, тiлiмдi тiстеп қалдым…
Не де болса ойымды қағазға түсiрiп, құпия сақтайын деген оймен “Әрiптер неге өзгердi” деген шала-шарпы мақаламды жазып тастадым. Уақыт өте бердi. Өзбекстаннан Қазақстанға қызметке ауыстым. Тағдыр менi М.Әуезовтiң мүзей үйiне әкелдi. Мұхтар Әуезов абайтанудың негiн салушы деген тақырыппен айналысып, жазушының жеке архивiн армансыз ақтарып, ой-таным сырларына бойладым. Тағы да алдымнан ұлы жазушының орыс миссионерлерiнiң қазақты шоқындыру, орыстандыру туралы тума ойларының тасқа сiңiп таралған алтынның белгiсiндей келер ұрпаққа автоцензура тәсiлiмен табыстап кеткен ойларының жұмбақ көмбесiне кезiктiм. Бұл менiң жан дүниемдегi бүркеулi жатқан ұлттық намысыма ұшқын тастап жiбергендей өрттей лаулап жана жөнелдiм. Бұл сезiм менi “Қазақ қалай орыстандырылды” деген кiтабымды жазуға алып келдi.
Қиын жағдайда 1993 жылы ол кiтаптың басылым көруiне пiкiрлес iнiм Мұхтар Құлмұхамбет (қазiргi Қызыл Орда облысының әкiмi) қол үшiн дер кезiнде бере бiлуiне ризашылығымды бiлдiремiн. Бұл жақсылық маған ғана емес, жалпақ жұртымыздың ой-танымын байытып, ұлттық санасының оянуына қозғау салуымен де қымбат едi. Осының алдында ғана көптен ойланып толықтырып пiсiрiп жүрген “Әрiптер неге өзгерген?” деген мақалам 1992 жылы “Жас қазақ“ газетiнiң 27 ақпан мен 21 наурыздағы қос санында қатарынан басылды. Мiне, менiң Ресей патшалығы мен кеңестiк империяның қазақтарды орыстандырып бiр саяси организмге айналдырып жiберу, егер бұған көнбесе, жер бетiнен сыпырып тастау туралы құпия сырдың саяси мақсатына шамам жеткенше қаныға түсуiм. Мұны жете танып бiлуiме орыстың миссионер ғалымдарының зерттеу еңбектерi мен кеңес үкiметiнiң архив сөресiнде жасырын жатқан құпия құжаттары да көмектестi.
Мен 10 класта оқып, мектепте комсомол комитетiнiң хатшысы болып жүрген кезiмде КПСС-ке мүшелiкке өтiп, сол жолға құлай берiлген, партияның ұлт саясатына қалтқысыз сенген қалпымнан келе-келе бiртiндеп арыла бастадым. ХХ ғасырда өмiр кешкен төрт буынның алғашқы толқыны ата ұрпақтың көзiн саяси мақсаты үшiн жойып жiберген соң, бұл дүниеге құралақан келген мәңгүрттенген ұрпақтардың аға буын өкiлi екенiмдi сезiнiп, жасыған рухымды iштей түлеп жаңғыртумен өмiр сүрiп келемiн. Бұл дерттен тәуелсiздiк заманында да құтыла алмай әрi комунизм iлiмiнiң оқуы өтiп кеткендер сезiне алмай дүбәра кезеңде тұрмыз. Әрине, батпандап кiрген мәңгүрттiк дертiнен мысқалдап шығатын рухани жолмен ғана арылатынымызды Бауыржан Момышұлының пiкiрiмен кестелесек: “Менiң сендерге айтарым: бiлiмнiң сыртқы жалтырағына ғана қызықпай, өз халқыңның рухани iлiмiне барынша қанып iшуге бар күшiңдi сал. Сонда ғана халықтың рухы қаныңа тарап, жаныңды байыта түседi,” – деп жазуында терең сыр жатыр.
Қазақ жазу әлiппесiн өзгерту саясатының қатпарлы қабаттары да болған едi. Не себептi әуелi 1930 жылдан латын жазу таңбасын алудан бастадық? Мұндағы саясаттың бiр қыры бiрден орыс жазу таңбасына өтер болса, орысқа қарсылықтың күшейiп кету қаупiнде жатты. Өйткенi ол кезде орталық жүргiзiп отырған саясаттын астарын бiрден танып бiле қоятын зиялы қауымның қатары бұзылмаған едi. Оларды латын жазу таңбасын алу арқылы бiр-бiрiне айдап салып, қарама-қарсы жiкке бөлiп жiберiп, келешекте бiрiн бiрiнiң көзiн жоюға пайдалану жағы да есепке алынып жатты. Екiншiден, алдымен латын жазуын, артынша орыс жазу таңбасын қабылдау арқылы халықты бiрнеше жылдар




















