Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Атадан қалған асыл болмасақ та...

Қадірлі қаламдастар! Көлденең өткен көк аттының аузына салып жіберген сырттай сәлемге де семіретін қайран қазақ едік, мынау базар нарқына байланысты ассалаумағалөйкүмнің өзі де қымбаттап тұрған заманда тілхаттарыңды алып, қарын бөлемнен қарызым қайтқандай көбендеп қалдым. Ләпкеші мен алыпсатардың алақанына қарап, алаяқтың аузына әулиедей табынған алмағайып уақытта әдебиет пен өнердің коммерциямен, саясатшылармен бақ таластырар шамасы қайда. Сонан соң да жан баққан қаймана қазаққа жазушы деген жұрағаттың қадірі шамалы болып қалған жоқ па осы?... Қолыма тұңғыш қалам ұстатқан «Екпінді» екенін жалпақ жұрт тұрмақ зиялы қауым да біле бермес, өткеннің сағынышын қуалап, «Кітап палатасынан» елуінші жылдардағы «Екпіндінің» картотекасын іздетіп отыратын Ысқақовты бүгінде Қалиханнан басқа тағы да ешкім түсіне бермес. Әркімнің сағынышы өзіне қымбат, сол сағыныш әсіресе қартамыштың қалған өміріне азық екен. Алдымен ұшқан ұямды есіме салғандарыңа мың да бір рахмет!..
...Шарқайды Семейдің еспе шаңына жұлығынан тойдырып жүріп-ақ көш-құлаш мақала, жұрт оқымайтын желкөбік суреттемелер жазғанымыз есімде. Күнкөріс үшін сегіз сағат бойы тоқыма станогінің зырылымен жарысып, бояу қайнатқан бу қазанның деміне пісіп, шуаш мүңкіген жүн-жұрқа, жидіген мақта құсығын көкірегімен кептірген жесір әйел, жетім қыздардан Совет өкіметінің патриотын жасаған кездеріміз де болған. Осының шылғи өтірік екенін біз түгілі жұрт та білетін. Бірақ, амал қанша, күнделікті баспасөз түгілі көркем әдебиеттің көмейіне күйелі көсеу жүгірткен заман еді ғой. Азаматтың арманын бөгеп, қиялын тұсаған, құда-ау, қиянатыныңнан, қияметіңнен сақта деп қалтыраумен күн кешкен мезгіл еді ғой. Қаламгерлер «көңілдегі көрікті ойын» қағазға түсіруге жасқанып, қаймыққан көңіл, шайлыққан жүрек қанжылап отырып жалған сөйлегені ше?! Жалған сөйлеткені ше?! Бұған көнгендер көп болды. Көнбегендер де болған. Көнгендерді өтірік қолпаштап, көнбегендердің қаймағын сыпырып, итжеккеннің итіне тастады да, қалғандарын көлеңкеде қалдырған жоқ па. Тауқыметін тартқен алдыңғы толқыңдарды айтпағанда, кеше ғана соның шет-жағасын көріп, куәгер болған жоқ па едік...
Ғұлама мен қажылардың, жырау мен ақындардың ақ ордасы да, көк ордасы да атанған Шыңғыстау еді, сол өңірді өрттей жалмаған Октябрьдің «шапағатының» арқасында жарты ғасыр дегенде жалғыз шыкқан прозаик Кәмен ағаның алғашқы романын ит жұлған терідей жұлмалап, жылқышыға жыр, қойшыға қор қылып басқанын еске алсақ, күлеріңді де, жыларыңды да білмейсің. Қасиетті Шыңғыстауды атомның тажалы тұншықтырып жатқанда, сол жердің төліне: романыңда өмірдің көлеңкесі көп екен, бүгінгі социалды шындық, жарқын болашақ қайда? — деп құйрығына қалжуыр байлап жібергені қайда? Сол қалжуырын қаңғырлатып, ағамыздың Алматы мен Қарауылдың арасында неше жыл сандалғаны қайда?.. Шүкір, қолжазба қабылданды дегенде «Арычная» дейтұғын көшенің ар жағында, қалың қойтастың арасында Рысханның пәтерге жалдап отырған мәтүшікенің шошқа қорасында жарты шөлмек, аталамен той жасағанымыз есімде. Рысхан екеуміздің әдеби процеске алғаш қосқан «үлесіміз» осылай басталған еді...
...«Арычная» көшесі Абай даңғылы атанады деп кім ойлапты! Тас мүсіні болса да Алматыға Абай келеді деп кім ойлапты! Кешегі шошқа қораның орнында Президент Сарайы тұрады деп кім ойлапты!.. Абай жүрген жерде оның ұрпақтары неге жүрмесін. Бүгінгі бүкіл қазақ Абайдың ұрпағы емес пе! Аллаға шүкір, Тобықтының, Абайды туып бергені қандай жақсы болған, әйтпесе, бүкіл қазақ Абайсыз қалғандай екен-ау...
Сол Абайды туған қазақты, аруағын Абай көтерген қазақты жоғалтып алып жүрмейміз бе деген үрей көңілден әлі кеткен жоқ. Жат жұрт жөткірініп қалса, селк етіп жүрегін ұстайтын запы көңілдің әдеті ме, тәуелсіздік алдық деп қуанғанмен аяқты алшаң басатын мезгіл әлі де жеткен жоқ сияқты керінеді де турады. 1919 жылдың ақпанында «Қазақ халқына» деген үндеуінде ВЦИК мүшесі М. Фрунзе: «История всегда приходила к Вам злой мачехой и палачом» — деп жазып еді. Басалар жендеттің қанды шеңгелінің қолқада қалған жарасы әлі де үңірейіп тур-ау...
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» дегенде Абай бар болғаны қырық жаста екен. Қырық жаста қартайғаны қалай? Ақынның халқынан жасырғаны жоқ еді, мінін де, мінезін де тарамыстай тарқатып, тіршілік болмысын жіліктеп бергенде, қазағына жеткізе алмағаны тек арманы ғана болса керек. Абайдың арманына бір ғасырдың өзі бой теңестіруге жарамай отырғанда, «тамағы тойса» бар дүниені ұмытыл, қарақұсынан қанжар төніп тұрса да «жатуға» дайын тұратын салбөксенің өресі қайдан жетсін де. Абайдың уайымы да, қайғысы да осы емес пе екен? «Атым адам болған соң, қайтып надан болайын, халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» — деп еді, ақынды қажытқан халқы болғанда, қартайтқан кім?.. Сол қырық жасында: «көк тұман алдындағы келер заман» дегені қайда? Сол заман алдымен Абайдың өзіне не істеді? Ысқақтан қалған жалғыз тұяқтың Ташкенге қашып барып зорға аман қалғанын айтпағанда, алпыс түтінді бір әулеттің бүкіл генафондысын тып-тыйпыл қырып салған кім?.. Қандай жазығы үшін? Нендей мақсатпен?..
...Неплюев пен Тәуекелевтің (Тевкелев) қазақ жерін жаулап алу жөнінде Анна Иоаннаға ұсынған программасында: көшпенділерге алдымен көршілерін айдап салып, әлсіреген соң бекіністермен, әскермен тұншықтыру керек, онан соң сословиесіне қарамай Ресейдің басыбайлы шаруасының күнімен ұстаймыз, оған көнбесе халық ретінде жойып жібергеннен басқа амал жоқ деген. Мұнан қалған шаруаны бұратана елдің дінін бұзып, тілін кескен миссионерлердің «құдіретіне» жүктегенін де білеміз. Қазақ даласы қазақтың қанына бөгіп жатқанда құрттаған өлексенің иісінен жеркенген генерал Колпаковский патша ағзамға :мынау қырғыңды тоқтатпасақ, қолқаны қапқан күңірсіктен қақалып өлетін болдық деп хат жазған екен. Осының өзін жанашырлық деп уққан патша ағзам Ташкендегі генерал фон Кауфманға: «Пора понять либералу Колпаковскому, что мы идем туда не ради цивилизации туземцев, а ради земли русской!» — деп жауап қайтарыпты.
Ата-бабасының жерінен қуылып, Еділ мен Жайықтан, Есіл мен Ертістен ат суарғаны үшін атылып кеткен жеті атамыздың көмусіз қалған сүйегін даулап отырғанымыз жоқ. Халқымды шоқындырмаймын деген Кеңгірбайды сақалын күзеп, арба соңына ноқталап байлап, сонау Шыңғыстаудан Семейге жалаңаяқ айдаған казактарға ардақтымызды қорлағаны үшін айып төле деп отырғанымыз және жоқ. Халқымызды үш ғасыр бойы діңкелеткен ұлы нәубет —басқыншылықтың мың, миллион қиянатының бірінен бір сақалды сауғаға беріп, ел болып жүріп Кеңгірбайдың қара басын құтқарып алған екенбіз. Халқын қасіреттен құтқардық па?..
1731 жылы бір грамота, 1740 жылы екіншісін, 1881 жылы үшіншісін тапсырып тұрып, қазақ бізге қосылып ел болады деп езуінен күле кекетіп, жарылқап тастағандай алемге жар салған колонизатор бізге жасаған «жақсылығының» бодауына бір қазақты қақ бөліп, Шығыс Түркістанды көрші елге кесіп бергенде тырп еттік пе?
Үнімізді шығарған жоқ.
Кешікпей сол «жарылқаушы» мекенінен көшпеген Ұлы Жүздің еркек атаулысын киізге орал тірідей отқа лақтырғанда, ұрғашысын өртке қамап, қашып шыққандарына оқты қимай, мылтықтың құндағымен мылжалағаңда, бесіктегі сәбидің сирағынан суырып, басын тасқа ұрып, құрсақтағы баланы жарық дүниені керсетпей анасының ішін жарып, жатырыңда жоқ қылғанда тырп еттік пе?
Үнімізді шығарған жоқ.
Осыншама озбырлықтың төркіні неде?
Егер тарих әлемдік соттың ұлы мәжілісін шақыра қалса, басы Бірінші Петрден бастап тізімдеп, жауапқа жүгіндіруге болар еді. Шыңғыстау мен Алтай өңіріне Ертіс пен Бұқтырманы бойлай екі дүркі экследиция жібергенде патша ағзам Жерұйықты (Страна Беловодье) ғана іздеткен жоқ, көздегені Үндістан, арманы Үнді Мұхиты еді. Арман жолындағы алынбас қамал — қазақ елі болды. Тұрақты армиясы болмаса да, жау тисе тұтас халық болып атқа қонатын фронтсыз көшпелілермен соғысудың қиындығын ескеріп, Бірінші Петр Үнді Мұхитына жетудің жоспарын болашақтың үмітіне қалдырып еді. Соның сәті он сегізінші ғасырдың алғашқы жартысына, Фрунзеше айтқанда, «тарих қазақ халқына тағы да өгей шеше, баскесер жендет болып келген» сәтіне дөп түсті де, Ресей мен Цин империясының қолына адам ойлап таппайтын алдаудың авантюралық саясатын ұстата салды. Қазақ даласын екі бүйірден сығып жатқан екі алпауыттың 1731 жылғы мамырдың 23-інде жасасқан келісімінде мың түрлі астар бар еді. Ресей империясы сол кезде дәуірлеп тұрған Жоңғар хандығын қазаққа айдап салып, қазақ қырылған соң жоңғарларды қытайдың қылышымен құртамын деді. Цин империясы қауіп төндіріп отырған жоңғарлардың бетін қазаққа бұрып, қырғын аяқталғанда Жоңғарды, Орта Жүз бен Ұлы Жүзді басып аламын деді. Ресей қол ұшын беремін деп қазақты, одақ боламын деп қытайды алдағысы келді. Қытай жоңғарды құртсаң жұрағатпын деп қазақты, шығыстан қолыңды қақпайтын көңілдеспін деп Ресейді алдағысы келді. Екеуі де Абылайды алдадым деді, екеуінің де құлқыны қазақтың қазанында тоқайласып, бірі қазақтың қараорманы арқылы шығысқа, бірі Орта Азияға сұғынамын деді. Бірақ, екеуі де ішікі сырларын бір бірінен жасырды, екеуі жиылып Абылайдан жасырдым деді. Мұның немен тынғаны әлемге әйгілі. 1881 жылы Жаркентте Ресей империясы қазаққа үшінші грамотаны тапсырып жатқанда Цин империясы жіп тартып, Шығыс Түркістанды кесіп алды да, қарзақ жерінің бір пұшпағын қармап қала берді, Ресей Үндістаннан, Үнді Мұхитынан күдерін біржола үзді. Тек бір сұмдықты бүкіл әлем сезбей қалды. Күні бүгінге дейін әдіп астында жатқан сол саясат не еді?..
...Қазақстаннан екінші Үндістан жасау саясаты дәл осы кезде туған. Мәңгілікке жасалған бұл программа бойынша қазақ ел болудан қалып, жарты Европаны тегін асырайтын тек қана шикізат көзіне айналуға керекті. Ол үшін алдымен құртылуға тиіс қазақты ел қылып отырған бүкіл игі-жақсылардың ұрықшарқы он сегізінші ғасырдан бастап есепке алынды. Обалы қане, ұлы империя бұл жоспарын артығымен орындады. Құдайға шүкір, жарты Европаны тегін асырап, күні кешеге дейін біз де өз міндетімізді қалтқысыз атқардық. Бірақ... «француздар жеңетіндігін танытты, орыстар жеңілмейтіндігін танытты» — деп Наполеон айтпақшы, екі ғасыр соғысып (1695—1795, 1781—1881 жылдар), қазақ елі алынбас қамал екенін дәлелдеп те шықты, титықтап та бітті.
Өткенге салауат дей алатынымыз бар, бәріне салауат дей берсек, халқымыздың шын тарихын хатқа қалай түсірмекпіз? Тарихы бардың жеңісі де, жеңілісі де бар, ұтысы да, ұтылысы да бар. Бұл да бөксемен басып отыруға болмайтын, түбі айтылуға тиіс ақиқат. Абайды қажытқан, қартайтқан, өлтірген де осы ақиқат!..
Армян ақыны Сильвия Капутикян Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты «Правда» газетінде: «Империя не толыко присаивала чужие территории, но еще прилисывала себе чужие истории и чужие культуры», — деп жазды. Жетпіс жыл бойы өз тарихымызды бөтеннің аузынан естіп, бет-жүзімізді бөтеннің жасаған қисық айнасынан көргенімізге тәубе дедік. Өз тарихшыларымызға писарьлік қана қызмет беріп, «біз жасадық», «біз жасап жатырмыз» деп діңкілдеген диктаттың айтқанын мойындаған куәгердей, соавтор дейтұғын кімнің қанжығасына байласаң да қона кететін жанторсық қылды. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дейді қазақ. Қазақтың алдына келіп кім кешірім сұрапты? Әлі де сұрағысы келіп отырғаны шамалы.
«...отношения, создавшиеся между пришлым европейским населением и коренными народами, в результате пятидесяти с лишним летней импе-риалистической политики российского самодержавия за два с половиной года Советокой власти, находившейся в руках черезвычайно тонкой прослойки русских рабочих, сильно зараженных колонизаторокой психологией, не только не из-менились к лучшему, но еще более обострились благодаря своеобразным «коммунистическим» действиям, рассматриваемым порабощенным коренным населением, как продолжение действий агентов старой царской власти и по существу являющимся таковыми». В. И. Ленин. «Замечания на проекте решения ЦК о задачах РКП(б) в Туркестане». 13 июня 1920 г.
Боданды елге жасаған патшалы Ресейдің , елу жылдық қиянатынан Совет өкіметі екі жарым - ақ жылда асыт түссе, жетпіс жылда не істеді екен?
Демек, Лениннің кезінде де колонизаторлық саясаттың әліппесі ешқандай өзгермепті, «бөліп ал да билей бер» дейтұғын ұранның үні өшудің орнына өрши түскен, Лениннің өзі де коммунистерден патша өкіметі агентінің ентаңбасын танып отырған жоқ па. Садизмнің символы болған охранка мен жандармерияның қызметімен дүние жүзінде ешбір ұжым таласа алған емес.
Бұл тек жиырмасыншы жылы ғана. Жиырмасыншы жылы не болып еді?... Бір ғана Түркістан өлкесінде 1918 жыл мен 1920 жылдың қаңтарына дейін екі миллион кешпелі аштан қырылды. Ақ мешіт пен Ташкент аралығында жусап жатқан өлікті көміп үлгере алмай, теміржол бойының оры мен жырасына арбалап төгіп, бетін зорға жапқан жоқпыз ба. Дәл сол жылы Түркістан компартиясының бесінші конференциясында баяндама жасаған Тұрар байқұс жалғыз өзі шыр қағып, халқының қасіретін айтқанда, орталықтан келген компартияның аристократтары Ленин бөлген азғантай қаржыны өздері бөліп жеп: аштық жайлы аузыңды ашпа, көшпенді жұрттың цивилизвцияға ергені қалады, қырылғаны — «естественный отсев» деп шіреніп еді ғой. Отызыншы жылдары аштан қырылған екі жарым миллионның жаназасын алпыс жыл өткен соң шығардық. Жиырмасыншы жылдардың құрбаны күні бүгінге дейін жоқтаусыз қалды. Айқайладың деп Рысқұловтың аузына қорғасын құйып өлтірдік.
Кәмпескеге қарсы деп, кәліктіпке қарсы деп Созақта бір түнде бір ауылда бес жүз қазақты қырып салғанымыз қайда? Бұл бір ауылдың құрбаны. Бір Созақта қанша ауыл? Бар қазақта қанша ауыл? Мұндай «көтерілістер» әр облыста, әр ауданда болды десіп еді, болды десіп қарудың күшімен «басып» еді. «Бандылар» мен «қарақшыларды» қырып салып, қалғандарын «бай тұқымы», «құлақсың» деп итжеккен айдап, онан қалған Қаратау мен Сырдың қазақтарын Көктастың, Домның, Риддердің қорғасын руднигі мен карьерлеріне, шахталарына айдап, керісінше, Алтай мен Шыңғыстың қазақтарын сахараның құмына қамап зорға тауысқанымыз қайда? Қазан төңкерісі болып жатқанда, азамат соғысы жүріп жатқанда, Совет өкіметі орнап жатқанда қарсы тұрып, шошаң етіп қолына мылтық ұстамаған, басып өткен ақтардан бір қырылып, куып жеткен қызылдардан екі қырылып қанжоса болған қарусыз момын ел отызыншы жылдары нағып желіге қалды екен? Ән-кэ-вэ-дэ, Кэ-гэ-бэ: бүкіл қазақ қылыш жалаңдатып ат үстіңде жүрген деп сендірді. Ұяттан Совет империясының бетіне қарай алмай, жетпіс жыл бойы сүйекке таңба, беделге нұқсан болып, ақыры «казахский национализм» дегенді қасқа маңдайымызға жапсырып беріп еді. «Атың шықпаса жер өрте» дейтұғын, бұл атақ та «фашистік нацизм» дегеннен кем түскен жоқ.
Құдайға шүкір, бір ғана Созақ «көтерілісі» емес, жер-жердегі бүліктің бәрі де ВЧК-ның жоспарлы түрде ұйымдастырған арандатуы екені бүгін әшкереленіп отыр. «Банды» дегені елге басалқа болған игі-жақсылар, «қарақшы» дегені солардың ақылы мен аузына қараған артыңдағы қарашасы болып шықты. «Бандыларға» басшы болып, Шәкәрім мен Мәдилердің жүргенін айтсақ, қалғандарын тізіп жатудың қажеті жоқ шығар. Сол сияқты екі жарым миллионды жұтқан отызыншы жылдардың жұтын кім әкелді деп те дәлелдемей-ақ қоялық, Л. Толстойдың: «бір халықты қыру үшін кәсібінен айыру жетіп жатыр» дегені бар. Большевиктер ұлы жазушының «Воскресениесін» оқыды ма, оқымады ма, кім білсін... Бұған қосарымыз, бір халықты тып-типыл қырып жіберу үшін алдымен оның медениетін жою керек.
Халықты ұлы ететін де, оның ұлылығын әлемге танытатын да сол халықтын мәдениеті. Мәдениетіне мән бермеген ұлт құрдымға бет алған жұрт. Қазақтың дара перзенті Абайдың ұлылығы неде дегенді кәзір де жұптап айта аламыз ба? Көбіміз оны Абайдың ақындығынан іздейміз: рас, жарты-ақ ғасыр өмір сүрген Абай поэзияға сан ғасыр жасай алмаған жаңалық әкелді, реформатар ретінде бүкіл Шығыста оның теңдесі жоқ, бірақ, бәрі бір, Абай бір ғана поэзияға сыймайды. Енді біріміз оның нақыл сөздеріндегі ғибратнамасынан іздемміз: рас, бір халықтың мінез-құлқына, тірлік-қарекетіне, психологиясына анализ жасай отырып, осы қазақ қайтсе халық, қай мінезінен құтылса, қай мінезінен құтылса ел болады дегенді айтып кетті, бірақ, бәрі бір, құр әншейін ділмар ақылшыға Абайдың үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Енді бір қалғанымыз оның философтығынан іздейміз: сондағы жетістіргеніміз — қазақты «пролетерлық революцияға шақыра алмады» деп, «материализмге жете алмай қалған идеалист-ағартушы» деп қорлағанымыз былай тұрсын, тіпті, «феодализмнің реакцияшыл идеологі» деп, оның бүкіл творчествосын тарихтың күресініне лақтырып тастамақ болғанымыз қайда?.. «Мыңмен жалғыз алыстым» деп қапа шеккен қайран Абай, «көк тұман алдындағы келер заман» деп сәуегейлік жасауына қарағанда өлген соң да онымен алысатын, аруағын тепкілейтін «данышпандардың» табылатынын білген сияқты. Бодан елдің жылт еткен үмітін тұншықтырып өшіріп, бұлқынған «тентегін» сақалынан алып сүйреген колокизатордың ұлыдержавалық шовинизміне өкпелейміз-ау, жиырма жылда коммунизм орнатып беремін деп алпыс түтінді бір әулеттің генафондысын жалмағанын былай қойғанда, Абайдың отаны Шыңғыстың сары жайлауын көшкен елдің сары жұртынан бетер мәңгілікке тоздырған атом бомбасының алапатын қай геноцидке жатқызар екенбіз? Полигон Семейді тегін таңдап па?... Абайдың жарты-ақ ғасыр өмір сүргеніне артындағы елі өкінді, күні бүгінге дейін өкінеміз. Бірақ, «сурет жоқ, сипат та жоқ көзің талған көк тұманға» жетпей өліп кеткені мұндай сәтті болар ма, әйтпесе, жетпіс жыл өткен соң Шәкерім мен Байтұрсыновтардың қатарынан, көмусіз қалғандардың тізімінен іздеп жүрмесімізге кім кепілдік беріпті?..
Абайдың ұлылығын халқынан бұрын дұшпаны таныған.
Абай тұтас бір халықтың мәдениеті.Абайдың ұлылығы да осында.
...Пушкинге дейін де орыс тілі болған. Бірақ, орыс тілінде орыс жұрты ғана сөйледі де, басқа әлем орыстың тілі бар-ау деп елеген де жоқ. Сан түрлі диалектіге бөлініп, теріс пен түстік бірін-бірі түсінбей тілмәшке зеру бола бастағанда Ломоносов шықты да, ортақ тіл жасаймын деп лингвистикалық ғылыми құжаттар жазды, ақындардың егініне түсіп, поэзияда бағын да сынап көрді. Сол еңбектер қайда? Кімге сіңді? Сол өлеңдер қайда? Ломоносов поэзиясын үлгі тұтып, соның ізін қуған бірде-бір ақынның жоқтығын айтпағанда, ең құрыса оқып жүрген пенде бар ма? Жоқ. Дүниеге Пушкин келді де, бәрін өшіріп тастады. Пушкиннің ұлылығы оның ақындығында ғана емес, орыс тілінің, орыс әдебиетінің мәдениетін жасауында. Роман тілін, оның ішінде француз тілінің бүкіл жүйесін негізге ала отырып, орыс тілінің мәдениетін Европаның деңгейіне жеткізді. Орыс халқы Пушкинге қарыздар болса, Пушкин француздарға қарыздар. Ал, қазақтың Абайы Алладан басқа ешкімге қарыздар емес!
Бергісі қазақ, арғысы түркі әдебиетін Абайға жүкті қылған он тоғызыншы ғасырға рахмет! Егер Абай өзіне дейінгі ұлы перзенттерді мінесе,оларды менсінбегені емес, сыпыра жыраудың шекпені, он бір буынның күпісі ауыл үйдің айранына болмаса, жаңа ғасырдың сыйпатына беделі жүрмей, Абайдың иығына сыймай қалғандығында еді. Қара өлең мен сыдыртпа сарынды терменің өлшемін Абай болмаса да, Абайдай бір дананың бұзуы хақ еді. «Шортанбай Дулат пенен Бухар Жырауды» Абай жамандады деп, жарты ғасыр бастан жақты айырғандай халқының жырып, анафемаға шығарған коммунистік үкімге керегі қазақ поэзиясының Абай жасаған құдіреті емес, Абайға дейінгі ақыны бар, ақылы бар, бүкіл рухани кеніміздің коммунистік идеологияға, колонизаторлық саясатқа жаттығы болатын. Әйтпесе, Абай ешкімді өшіріп те, көшіріп те тастаған жоқ, сол Шортанбай, сол Дулат, сол Бұхардан қазақтың теңдесі жоқ әдеби тілін жасап, бүкіл әлемнің мәдениетімен таластырды да, академик Радловтың аузына: қазақ тілі түркі тілінің алтын қоры, француз тілінің Европа мәдениетіне қандай әсері болса, қазақ тілінің бүкіл түркі мәдениетіие құдіретті ықпалы сондай, — деген сөз салды.
Сан жылғы талас-тертыстан соң ғалымдарымыз: қазақтың әдеби тілінің негізін қалаған Абай, өзегі Арқа региоиы деген тоқтамға келген еді, кейіннен кішкентай-кішкентай ломоносовчиктер шіңкілдеп шыға келді де: аттан! жершілдік! қазақ тілін Арқаның қотанына қамап, бұғалықтап жатыр! — деп байбалам салып, Абайдың бешпентін тартып кимекке ұмтылды. Етекте тезек теріп жүргені есінде жоқ, аспандағы қазақ тілінің монархы — Абайды құлатқысы келгенін қайтерсің!... Ежелден жат жұртақа тілмаш болып, жақынның бар қасиет, бар асылын теріс түсіндіріп келе жатқан жарамсақтар сүйегіне сіңіп кеткен әдетінен қайдан арылсын. Түбі, тіл туралы даудың қоламтасын қоздатқан да осы кішкектай «чиктер». Әйтпесе, жер қазақтікі, елі қазақ, мемлекет қазақтікі, сонда оның тілі кімдікі болуы керек? Княгинин айтқандай, бұл дауға, дауысқа түсетін мәселе ме еді?... Мемлекет қазақтікі, тілі орыстікі болса дүниенің жүзі артын ашып күлер еді-ау. Ал, қазақтың маңдайына тек жылауды ғана жазып па?!.
Тілді жоғалту— Абайды жоғалту, Абайды жоғалту — қазақты жоғалту. Басқыншылық саясаттың баяғы мақсаты да, кеше ғана құлаған империяның мұраты да осы еді, тіл төңірегіндегі дау, буынсыз жерден пышақ ұру — соның жалғасы екенін орыс, қазақ білмей отырды деймісің?..
Біліп отыр. Біліп отырып-ақ: біріміз іштегі итше ұлып жатқан колонизаторлық психологияны ырылдатып қойып отырмыз, біріміз — үш ғасыр бойғы бодандықтың бейшара мүсәпірлігінен құтыла алмай, тағы да шапалаққа жағымызды тосып отырмыз. Біріміз іштегі итті өлтірмей, екіншіміз ес жиып бір сілкінбей, бұл даудың бітімі бола қояр ма екен?..
Бітім жолы табылар. Бірақ, ымырашылдыққа жол қалған жоқ. Десек те, империяның құлауы мұң екен, кейбір саясатшыл азаматтарымыз шенеуніктердің тағына отырып алған соң халқын да ұмытып, кешегі ұлтжандығы да, пагтриотизмі де су сепкеңдей сап болып, түтіні де шықпай қалды. Оның есесіне атадан қалған мұраны, ана сүтімен келген қасиетімізге дейін кесіп-кесіп, келген жұртқа сыбаға бөліп беруге әзір. Сөйте тұра тағы да Абайшыл.
Бүгінде беріміз де Абайшыл болып алдық. Абай танудағы Мұхаңның шайнап бергенін жұта алмай жүріп, өтірік те болса өзін зиялы қауымға қосқысы келетін қотиындар да Абайдың аузын жалдап, сөресіне қыстырған ұлы ақынның әптиектей ғана екі кітапшасымен сыпайы жұртқа сес көрсеткісі келеді. Бұған да шүкір! Намазды теріс оқыған шала мұсылманға да мүсіркегеннен басқа жаза жоқ. Қандай бір ситуация, қандай бір оқиғаға тап келме, алдыңнан Абай тосып тұратыны рас. Өйткені, ақындықтан да, ақылдан да алдына жан салмаған Абайдың баспаған оты жоқ. Бірақ, ұсақ-түйектен Абайды іздей берудің қажеті қанша? Біз осыдан бір ғасыр бұрын ұлттық идеологиямыздың сұлбасын жасап кеткен Абайды, философ, қоғам қайратікері Абайды неге іздемейміз? Оның бүкіл творчествосын тек поэзия, ақыл мен нақыл деп қана ұқпай, ұлтымыздың моральдік кодексінің әр сөресі, параграфы деп қабылдасақ, Абайға артық болып кетеді деп қорқамыз ба? Түптеп келгенде, бұл қазақ қоғамының кезінде іске аспаған әлеуметтік реформасының нобайы Абайдың халқына жеткізе алмаған арманы емес пе еді.
Ұлттық идеологиясы жоқ тәуелсіз ел — теңіздегі ескексіз қайық секілді, жел қай жаққа тұрса, солай айдап кете бермек: қайраңға соғылып қирай ма, жоқ алде бір жағадан шыға ма, шықса қай жағадан шығады»?
Тәуелсіз ел болдық деп неше қатпар заң, сан тәсілімді кодекстерді қабылдап жатырмыз, тұңғыш конституцияға да қолымыз жеткен сияқты. Осының бәрі тәуелсіз елдің тұңғышы ма?.. Маған Европадан, тіпті кешегі тоталитарлық заманнан прокатқа алған көшірме сияқты көрінеді де тұрады. Мейлі, көшірме болсын-ақ, ол да жораға жүрер, бірақ, қазақтың ұлттық психологиясына, сан ғасыр қалылтасқан салт-сасына, тіршілік-болмысына, өзімен, өзгемен қарым-қатынасының әдебіне, әдетіне сыя ма, сіңе ме? Зорлап кигізген тар шекпен де, мол шекпен де адамның сыйқын да, сымбатын да бұзады. Бойға сіңбеген бөтен қасиеттің кейін қасірет болмасына кім кепіл? «Осы біздің қазақтың жаттың бір тәуірін көрсе «жарықтық» деп жалбырай қалып, мақтай қалып, өз елінде содан артық адам болса да танымайтындығы қалай?» — деп Абай айтпақшы, алтын ерге мініп отырып бөтеннің ыңыршағына қызығатынымыз не? Арыдан санасақ, түрмесіз қазақты түгендеп ұстаған Тәуке ханның «жеті жарғысынан», бергіден санасақ, қилы заманның қылышынан халқымызды қалай сақтап қаламыз деп қайғы жеп, тал қармаған Абай тағылымынан бүгінгі заң, бүгінгі кодекстерге бір нұсқа кірді ме? Жоқ. Сөйте тұрып бәріміз де Абай болғымыз келеді.
Өтірік те болса Абайшыл болғанның айыбы жоқ шығар, өтірік Абай болғысы келгендердің ең құрыса аруақтан қорыққандары жөн еді. Орынсыз көсемсіп, халыққа, халықтың қасиетті дәстүріне орынсыз тіл тигізген әсіре міншілдер де Абай болдым дер ме екен?..
«...Ертіс, Алтай төрінен Қаратай елінен келген Ережеп шақырылыпты», («Абай жолы», үшінші кітап, 370 бет). Қарамола шербешнайына қатысқан Ережеп — Қаратай еліне отыз жыл болыс болған біздің атамыз. Баласы Әбдікәрім — Мемлекеттік Думаның мүшесі, Шәкәріммен, Тұрағұлмен, Әлихан Бөкейхановпен дәмдес, сырлас бола жүріп қарадан бойы озған зиялының бірі еді. Абайға еліктеп, елдің талапты деген жастарын төрт баласына қосып Санкт-Петербург университетінде, Мәскеудің сауда-коммерциялық институтында, Ғалия медресесінде оқытып білім әперген, ауылдан орыс-түзем мектебін ашып, мұғалімдікке Семейге жер ауып келген саяси тұтқындарды губернаторға қолхат беріп сұрап алыпты.Әлиханның тапсыруымен сол кезде өкпе ауруына шалдыққан Сұлтанмахмұтты елге апарып, тосаппен емдеп, боз биенің сүтіне шомылдырған. Ақындығымен де өр Алтайда әжептәуір аты шыққан сол Әбдікәрім:— Болмасаң да ұқсап бақ деген Абай сөзі дуалы ауыз, есті құлаққа арналған, бәріміз бірдей Абай болмаспыз, Абайды қорламай тұрғанда өлеңді осымен доғаралық! — дел қаламды мүлдем тастап,Санкт-Петербургтің орман шаруашылығы академиясын жартылай түгесіп қалған кезінде біржола ел қамына кірісіпті.
«Қырда туып, түзде өсіп, қала көрмей,
Саяси ғылым бар деп баға бермей,
Баспын деп бір тайпа елге мәз болғанмен,
Азабын бір тартарсың жүрсең өлмей!» — дегенді Әбдікәрім өзінің болашақ тағдырын болжап айтқандай екен. Жиырма бес жыл Қаратай жұртының зорлауымен болыстықтан түспей, елім деп қара басын тауға да, тасқа да ұрған есіл ер коммунистік режимнің құрығынан құтыла алмай, ұрпағымен сипан-таза құрып кетті. Абайды да аямаған қу тағдыр Әбдікәрімді шопақ құрлы көрсін бе. Әңгіме мұнда да емес, «танымадық, жарымадық, жақсыға бір іргелі», — деп тағы да Абай айтпақшы, бүгінде: тоқтаңдар, бәрің бірдей Абай емессіңдер! — деп айғай салар ешкім жоқ сияқты.
Поэзияның көгіне Мұқағали шыққалы Абайдың беделі түсіл қалды, ақын ретінде Мұқағали Абайдан мықты екен ғой деген әңгімені әдеби процесті бес саусағындай жіктеп беретін белгілі қаламгердің аузынан да естіп қалдық. Әркім талғамына қарай Мұқағалиды қай биікке кетерем десе де айып емес. Бірақ, әр ақынға жарасар өз биігі бар емес пе. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын»,—деп Мұқағалидың өзі айтқаны қайда. Жүректің қылын шертетін Мұқағалидың камерлық лирикасын Абаймен жарыстырған әділетке сыяр ма екен? Мұның өзі скрипка квартетін симфония оркестрімен таластырған болып жүрмей ме? Абай боламын деп емес, Абайша жазамын деген Шәкәрімнің өзі де Абай бөркінің ауырлығынан әнтек басып тұрған жоқ па?...
Өткенді сіңірмей өсу жоқ. Тепкішектің етегі болмаса тебесіне қалай шығарсың? Мен поэзияңа зәру емеспін, поэзия маған зәру деп көкірек қаққан кейбір ағайындарымыздың басы айналып, құлап кетпесі үшін етекке де, төбеге де бір қарап алғандары жөн еді. Өзгенің телпегін тарсынады екенбіз, ендеше, алдымен өз бөркімізді үкілеп киіп алалық та. Өнердің озығы оның мәдениетінен танылса керек. Мәдениеті мешел әдебиет —тап-таурын. Біз қазір сол таптаурында тұсалып отырмыз ба деп қорқамын.Сондықтан өзгеге емес, өзіміздің өткенімізге бір қайырылып бой түзейтін уақыт жеткен сияқты. Әр халықтың өзіндік рухани өсуі бар емес пе. Ежелден түрмесі жоқ қазақты жиырмасыншы ғасырда бөтеннің темір торлы демократиясымен қарық қылдық деп те мақтанғанбыз. Демек, қазақтың маңдайына біткен қасиеттің бәрі бірдей жаман болмаса керек. Қазақтың басқаға да қарызға берер үлгісі бар. Ендеше, күмілжи бермей, Абайға қайтып оралып, алдымен Абайымызды танығанымыз жөн болар.
Абайға жету үшін қақсал тарихқа осыншама экскурс жасаудың қанша қажеті бар деген заңды сұрақ та тұр-ау. Тарихтан да, бүгіннен де құныкер іздеп отырған мен жоқ. Абайға жету үшін Абайды тудырған алдыңғы дәуірге, Абай кешкен заман мен уақытқа, Абайдың өзіне жүгінуге тура келді. Ешкімнен енші алмасақ та сан ғасыр бойы бодаусыз салық төлеп келдік қой. Жат жұрт қарызымызды қайтара қоймас. Егеменді ел болдық деп отырмыз. Ендеше, бұл қазақ Абайға да қарызын қайтарсын да.
Бүгінгі басты проблема — қазақты, қазақтың елдігін сақтап қалу. Ол үшін алдымен Абайдың тірілгені керек. Абайдың аруағын аунатып, атын әлемге танытқан Мұхаң еді, ал рухани тірілту процесі әлі біткен жоқ, енді басталатын сияқты. Ұлы перзентіміздің шынар биігі мен тамыр тереңінде өлшем жоқ. Абайтану ғылымын ендігі жерде марксизм-ленинизм методологиясымен жұптау ақылға сыймайтын әбестік. Тоталитарлық заман қыспағынан Мұхаңның айта алмай кеткен, &a


















