Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Астана – елдiгiмiздiң айнасы

Ақмола өңiрi – қазақтың киелi жерлерiнiң бiрi. Қай заманда да өзен-көлдiң жағасында мекендер болатыны анық. Есiлдi жағалай ел қонған. Ұлан-ғайыр даламыздың бiр шетiнен екiншi жағына қатынаған керуендер Есiл өзенiнiң осы Ақмола тұсынан өтетiн болған. Оны ел-жұрт Қараөткел деп атаған екен. Тарихта «Қараөткел базары», «Қараөткел қымызы» деген сөз тiркестерi содан қалған. Базар деген тек сауда-саттық орны болмаған. Заманында Қараөткел базары жиын-тойдың, ойын-сауықтың да орталығы болған. Әйгiлi Балуан Шолақтар небiр мықтылармен белдескен екен. Өзiнiң сүйiктiсi Ғалияны осы базардан кездестiрген көрiнедi. Қиыла қымыз ұсынған Ғалияға Балуан Шолақ ғашық болып, атақты «Ғалия» әнiн шығарған. Қоғам және мемлекет қайраткерi, ақын Сәкен Сейфуллин де Ақмола қаласында тұрып, жұмыс iстеген. 1930 жылдары темiржол тартылып, поезд қатынасы iске қосылған қала Сарыарқа өңiрiнде ауыл шаруашылығы мен индустрияның дамуына айрықша үлес қосты. Ал 1960 жылдары Тың өлкесiнiң орталығы болған соң, облысқа да, қалаға да КСРО-ның әр аймағынан тың игерушiлер көшiп келдi. Астықты өңiр қарқынды дамыды. Алайда, сол кездегi солақай саясаттың әсерiнен ұлттық салт-дәстүрiмiз, тiлiмiз «жетiм баланың» күйiн кештi. Қалада бiр-ақ қазақ мектебi болды. Тiкелей Мәскеуге бағынған Тың өлкесi тек бiр-ақ тiлде сөйлеп, коммунизмге тезiрек жетуге асықты. Ұлттық кадрлар лауазымды қызметтерге тағайындалмады. 1961 жылы қала атауы Целиноград болып өзгертiлдi. Тек тәуелсiздiк таңы атқан соң, осы қалада тұратын ұлт зиялыларының тоқтаусыз жүргiзген күрестерiнiң арқасында 1990 жылдардың басында Ақмола қаласы болып, өз атауын қайтып алды. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев халықтың көкейiндегi ойын бiрден ұғынып, өзiнiң де көптен берi ойланып-толғанып жүргенiн, ел орталығын ауыстыру үшiн зерттеу жұмыстары жүзеге асырылғанын айтты. 1994 жылы 6 шiлде күнi Жоғарғы Кеңестiң депутаттары алдында астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшiру туралы өзiнiң тарихи шешiмiн жария еттi! Президенттiң бастамасы талай адамды таңғалдырды. Елбасы астаналарға қойылар 32 түрлi талап тұрғысынан пайымдап-зерделеуден кейiн, Есiл өзенiнiң бойында, тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақмола қаласына таңдау жасалғанын жеткiздi. Ол кезде Елбасының бұл бастамасы жылдам жүзеге асатынына сенген адамдар да аз болды. Бiрақ Нұрсұлтан Әбiшұлы астананы Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрып, тиiстi мемлекеттiк органдарға бiрден тапсырма бердi. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентiнiң Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертiлдi. Қазақстан Республикасының астанасы ретiнде ресми тұсаукесерi 1998 жылғы 10 маусымда өткiзiлдi. Сол жылдан бастап Астана әлемдегi саяси маңызды оқиғалар өтетiн орталыққа айнала бастады. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен Астанаға «Бейбiтшiлiк қаласы» деген жоғары атақ берiлдi. Елiмiзде Астана қаласының көркеюiмен бiрге облыс, аудан орталықтары да, жеке қалалар да жаңартылды. Елордадан басталған жаңару дәстүрi жалғасын тапты. Астананың өркендеуiне мемлекетiмiздiң саяси-экономикалық өрлеуi ықпал еттi. Шетелден келген мәртебелi меймандар да, өз азаматтарымыз да Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың бас сәулетшiсi деп айтып жүр. Шынымен де, Елбасы Астананың бас жоспарын үнемi назарда ұстап, қай жерде қандай ғимараттар салынуға тиiстi екенiн қала басшылығына ескертiп отырады. Бiр жолы қара түстi әйнекпен көмкерiлген зәулiм ғимараттарды салмау керектiгiн айтып, жобадан алып тастағанын да жақсы бiлемiз. Қоғам да, мемлекет те, қала да қарқынды даму үстiнде. Сондықтан Кисе Курокаваның жоспарын Елбасымыздың тапсырмасы бойынша Қазақстан сәулетшiлерi одан әрi жетiлдiрдi. Бас жоспарға бiрқатар өзгерiстер мен тың жаңалықтар ендi. Нұрсұлтан Әбiшұлы өз сөзiнде Астана келбетi – ұлт келбетi екенiн, Астанамыз қай жағынан қарағанда да кiсi қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналып келе жатқанын айтты. Астана қаласын әлеуметтiк-экономикалық жағынан дамытудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған «Астананың гүлденуi – Қазақстанның гүлденуi» мемлекеттiк бағдарламасы толықтай жүзеге асырылды. 2001 жылы 29 маусымда Мемлекет басшысы «Астана – жаңа қала» еркiн экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Астана қаласын көркейтуде, әсiресе, Есiл өзенiнiң сол жағалауындағы әкiмшiлiк ғимараттарының құрылыстарын қарқынды жүргiзуде бұл Жарлықтың рөлi айрықша болды. Сарыарқа төсiнде орналасқан Елордамыздың қыста боранды, жазда желi көп болатыны көптен берi айтылып келе жатқан едi. Осы мәселенi Елбасы түбегейлi шешудi қолға алды. Және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «Жасыл аймақ» мемлекеттiк кәсiпорны құрылды. Астана қаласының аумағына жасыл желек егiлдi. Күнi кеше отырғызылған жас талдар қазiр қалың орманға айналды. Өткен жылы жергiлiктi климатқа бейiмделген аң-құстар жiберiлдi. Жасыл орманды аралап көрген Елбасы: «Мен Астана төңiрегiндегi жасанды орманды жыл сайын аралаймын. Аралаған сайын көңiлiм қуанышқа толады. Бiз келер ұрпаққа жасыл орманға оранған әдемi ел қалдыруымыз керек. Тәуелсiздiгiмiздi орнаттық, мемлекеттi нығайтып жатырмыз. Қазақстанды әлемге таныттық. Ендi өзiмiзге, халыққа жайлы, таза ауасы денсаулыққа шипасын тигiзетiн Қазақстан жасауымыз керек»,- дедi. Астана әлемдiк үнқатысу орталығы рөлiн атқарып келедi. Үш рет, атап айтқанда, 2003, 2006, 2009 жылдары әлемдiк дiндер көшбасшыларының съезi болып өттi. Ал 2010 жылы ТМД елдерi iшiнен Қазақстанның бiрiншi болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi – сәттi атқарылған ауқымды iстердiң бiрi. Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның жаңа ғасырдағы Саммитi мемлекет басшыларының дүниежүзiндегi маңызды кездесуi ретiнде тарихта қалды. Елордамызда 56 мемлекеттiң басшысы, көптеген халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктердiң жетекшiлерi, танымал саясаткерлер бас қосып, ғаламдық проблемаларды талқыға салды. Астана Саммитiнде жылдар бойы ЕҚЫҰ шеңберiнде қордаланған проблемалар мен қарама-қайшылықтарға жан-жақты талдау жасалды. Осы Саммитте ЕҚЫҰ-ның бiрiншi өлшемi аясында әлем қауiпсiздiгiне баса назар аударылды. Елорда төрiнде өткен ЕҚЫҰ Саммитiнде Астана Декларациясы бiрауыздан қабылданды. Астана Саммитi тек қана Қазақстан тарихында емес, әлемдiк шежiреде мәңгiлiкке жазылып қалғаны анық. 2011 жылғы 27-28 сәуiрде Астана қаласында Әзiрбайжан Республикасы Милли Меджлисi, Қазақстан Республикасы Парламентi, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешi, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжiлiсi делегацияларының қатысуымен Түркi тiлдес елдер Парламенттiк Ассамблеясының II пленарлық отырысы өттi. Соның қорытындысында Астана Декларациясы бiрауыздан қабылданды. Биыл Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық жасады. Қазақстан осы мiндеттi атқару барысында Ислам әлемi мен Батыс арасындағы үнқатысуды жақындастыруға басты назар аударды. 28-30 маусым күндерi Астанада өткен аталған ИЫҰ-ның Сыртқы iстер министрлерiнiң 38-шi кеңесiнде Қазақстан елiнiң бастамасы бойынша Ислам Конференциясы Ұйымының атауы өзгертiлiп, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы деген атауға ие болды. Сонымен қатар осы ұйымның жаңа белгiсi (логотипi) қабылданды. Астанада бұлардан басқа да халықаралық кеңестер, семинарлар мен конференциялар жиi өтiп жүр. Сөйтiп, барша қазақтың арманы орындалып, Қазақстанның тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешiмiмен Сарыарқа төсiне қонған, ХХI ғасырға жаңа атаумен енген Астана дүниежүзiндегi сәулеттi қалалардың бiрiне айналып келедi. «Еуразия жүрегiнде» атты кiтабында ҚР Президентi Н.Назарбаев: «Қазақстан – еуразиялық мемлекет, оның жаңа астанасы алып Еуразия құрлығының географиялық орталықтарының бiрi. Тәуелсiз Қазақстанның астанасы етiп Ақмоланы таңдауда маңызы кем болмаған айқындаушы факторлардың бiрi – бұл қала келе-келе осы орасан зор құрлықтың қуатты байланыстырушы орталығына айналатындығы едi. Жаңа ғасырда даму үстiндегi еуразиялық кеңiстiктiң экономикалық, технологиялық, ақпараттық ағыны бiздiң жаңа астана арқылы өтетiн болады» деген ой-толғамын жазыпты. Шынымен де Астана – Еуразияның жүрегi, Қазақстанның еңселi елордасы. Елордамыздың бүгiнi мен ғажайып болашағы жолында еселi еңбек сiңiрiп, абыройлы қызметiмен халықтың алғысына бөленiп жүрген азаматтарымыз аз емес. Өздерiнiң еңбектегi жетiстiктерi арқылы Қазақстанның барлық тұрғыны да Астананың және мемлекетiмiздiң өркендеуiне үлес қосуда. Астана мен үшiн айрықша ыстық қала. Өзiм Ақмола облысы, Астрахан ауданының Жарсуат ауылында дүниеге келдiм. 1984 жылдан берi бұрынғы Ақмола, қазiргi Астана қаласында тұрамын. 1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын (қазiргi Сәкен Сейфуллин атындағы Агроуниверситет) «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бiтiрдiм. Яғни, қызығы мол студенттiк шағым осы қалада өттi. Достарды да, өмiрлiк жарымды да осы қалада таптым. Балаларым да осы қалада дүниеге келдi. Бiраз жыл Астанада еңбек етiп, қалалық мәслихатқа екi мәрте депутат болып сайландым. Көп жыл құрылыс компаниясына басшылық жасадым, сол кезде қаланың инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, сапалы автокөлiк жолдарын және сәулеттi ғимараттарды салу арқылы елордамыздың көркеюiне үлесiмдi қостым. 2007 жылы IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiне «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясының тiзiмi бойынша депутат болып сайландым. Биыл елiмiздiң тәуелсiздiк алғанына 20 жыл толады. Тарих үшiн бұл бiр сәттiк оқиға секiлдi. Осы қысқа мерзiмде мемлекетiмiз орасан зор жетiстiктерге жетiп, әлем елдерi алдында үлкен беделге ие болды. Қазақ елiнiң қарышты дамуы, осындай белестердi бағындаруы – Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы, сұңғыла саясаткер екендiгi. Елдiң де, Елбасымыздың да игi бастамалары әлемдiк қоғамдастықта қолдауға ие болды. Астана – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей бастамасымен бой көтерген жаңа ғасырдың сәулеттi қаласы! Әлем назарындағы Астанамыз алдағы уақытта бұдан да көркейе түсетiнiне кәмiл сенемiн. Бүгiнде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтiк-мәдени мәселелер бойынша түрлi кездесулер өтетiн Еуразия кеңiстiгiнiң орталығы. Бұл қала келешекте де маңызды басқосулардың, iрi халықаралық шаралардың өтетiн орталығы бола беретiнiне ешқандай күмәнiм жоқ.
Дереккөз: Астана ақшамы газеті, 18.10.2011 ж. №119 саны




















