Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Қарасөздер құпиясы неде?
Бір көрмеге қарапайым көрінетін сандарға қатысты тыйым сөздер сырына үңілген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенатор, филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметов ғылыми еңбектерінде «майя космологиясы мен Уақыт заңының мызғымайтын тұғыры, әрі бүкіл галактиканың мәңгі өзгермейтін тұрақты өлшемі – 13-ке» келешекте тыйым салатынын «Майя» халқының пайғамбары» атанған ғұлама ғалым Пакаль Вотанның көзі тірісінде-ақ көрегендікпен айтып кеткенін еске алады.
Американдық ғалым ғұлама математик Хосе Аргуэлльестің «Цолкин» күндіз-бесінің негізінде «біздің заманымыздың ең ұлы жаңалығы – табиғи уақыт моделі – 13:20-ға негізделген Уақыт заңын ашқанын» жазады. Бұдан аңғаратынымыз, бір елдің ұстанымын жалпы адамзатқа күшпен таңудың, ғылымға қиянат жасаудың, түптің түбінде «адамның айтқаны емес, Алланың дегені» болатынын ұғуымыз керек-ті. Бірақ оған сана жете бере ме? Абай кемелдігі осыны меңгейді. Оған мысал ретінде әлгі әңгімені жалғастыра түсейік. Қай істің де бастамасы саналы түрде игілікке бағытталмаса, нәтиже күту мүмкін емес. Сондықтан Алла тағала мен адамзаттың құзырына берілген құдіретті күш мөлшері қандай? Әуелі кімнің кім екенін білмек абзал. Ол үшін не қажет? Абай ілімі – «пенделіктің кәмәлаты жолы» – иман келтіру және ізгі істерді істеу осыны алға тосады. Оған абайтанушы ғалым, философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаровтың ғылыми еңбектерінде «тек қана «Ғақлия» мен «Нақлияны» игеру арқылы ғана қол жеткізуге болатынын» алға тартатыны содан. Ол не? Мәселе осында. «Иман келтірудің (әл-ләзинә амәну) табиғаты ғақлият-тастиқат, ал ізгі істер істеудің (мұсылманша салихият немесе ғамалус-салих) тамыры тәжірибелік философия екендігін аңдау қиынға соқпайды. Жалпы аталмыш аяттың мазмұнын ислам ғұламалары талай қозғап, дін үгітшілері айтудай-ақ айтып келгені аян. Бірақ мәселе, сахара данышпаны Абайдың «Алла тағаланың пендесіне салған жолы міне осы түйінде» деп анық философиялық деңгейде, зор ізденістермен дәлелдеп бергенінде. Құран Кәрімнен Абай ашқан философиялық формуласы дегеніміз, міне, сондықтан».
Абай шығармашылығындағы «нақлия» терминінің мәні – кең мағынасында ғылым заҺири (сыртқы ғылым), ғылым тілінде аксиома екендігі хақ. Ғақлия – ішкі ғылым (ғылым батини). Абай сөзімен айтсақ, «Алланың хикметін сезіну» ілімі, бірі – дүниенің көрінетін, Алла мен пенденің ара қарым-қатынасы, екіншісі – көрінбейтін сырларын, адамшылық жолын (адам мен адамның, адам мен қоғамның қарым-қатынасын) білдіреді. Бұл ілімнің қажеттігін өмірдің өзі мәжбүрлеп отыр. Себебі ғылымдағы шалағайлық қоғамға қатер төндіреді. Оны біз мына деректерден де көреміз. «Уақыттың жасанды моделі – 12/60-қа негізделген (бір жыл – 12 ай, бір тәулігі – 24 сағат, бір сағаты – 60 минутқа жіктелген) жасанды антиуақыт өлшемі пайда болды да төрттік өлшеммен ғана өлшенуге тиісті уақыт енді үштік өлшеммен өлшенетін кеңістікпен алмастырылды. Сөйтіп, «батыстық» материалистік ой-жүйенің тікелей салдары «ғылыми-техникалық ревалюцияның» атасы атанған жасанды ғылым мен үштік өлшемге негізделген матиматикаға ұласты». Абайдың 38-сөзінде: «Уә әл-ләзинә амәну уә ғамалус-салихити» аятын кетіріп, «Аллатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» – деген мәселеге мән береді. Неге? Өйткені Құран адам ақылына шақтап түсірген – Алланың ғылымы, дін – теориясы, тарихат – дін тәжірибесі, соны ұғынса ғана толық ғылым болмақ», – деп ұғындырады.
Міне, ойды «Құранның» математикалық құпиялары» деген ғылыми еңбегінде ғылыми тұрғыдан талдаған ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің профессоры Ғұзыхан Ақпанбек те тереңдете түседі. «Төрт періштенің аты, оның сандық мәнінің арасындағы байланысты қарастырайық. Жебірейіл, Мекайіл, Әзірейіл періштелердің аттары – алты әріптен құралады, ал Ысрафилдің аты – 7 әріптен тұрады. Сан мәндері ретімен – (246, 111, 318, 382). Жиыны – 1057. Үш періште аттарының әріптік жиын саны – (6+6+6 =18). Бұл – 18 мың ғаламның ишарасы, яғни, 6 мың – мәден (минерал, металл), 6 мың – өсімдік (флора), 6 мың – тіршілік (фауна) дүниесіне ие дегенді білдіреді. Шындығында Ысрафил қиямет күнінің періштесі болғанда, үшеуі осы дүниедегі барлық істі бақылаушы ғой». Сондықтан Құранда «Хажыр» сүресі арқылы: «Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз» – деп анық ескертеді. Демек, Абайдың даналық дүние танымын түбегейлі танып-білу – бүгінгі «Абайтану» ғылымы алдындағы өзекті мәселенің бірі. «Ғақлия» һәм «Нақлия» терминдері данышпан Абай ілімінде қандай жүк көтереді, дүниетанымдық ілімді «ғақлия-нақлия» деп жіктеудің қажеттілігі неде? Ондағы мақсат – Абайдың ойшылдық мұрасын екі жүйеде қарастыру, әйгілі «38-ші қарасөзінің» мазмұнын ашып зерттеу-зерделеу методологиясына мән беру, әл-Фарабише айтсақ, «шынды танудың тәсілі мен формасын табуға жеткізу». Ғұзекең еңбегінде: «Жоғарыда аталған үш періште санын «Адам» санына (45-ке) бөлгенде, 15 саны шығады. (675: 45 =15). «Хажыр» (тас) сүресінің Құрандағы рет саны – 15. Ал Адам санының 45 болуы, оның ғұлама Абайдың біліп, 45 қара сөз жазуы, көрегендігі тегін емес. Сол қара сөздердің санының өзі ишара белгі», – екендігін айтады. Алла тағала әуелде адамзатты жаратқанда оған ерекше қабілет, өз тарапынан ыстық ықылас біл-дірді. Оған періштелерге сәждә жасатты, шайтан малғұнға да бас идірмек болды. Меккедегі қара тас – Қағбаны пейіште тұрғанда-ақ сыйға тартты. «Адам»-ның пәк «жүрегіне» Алла тағала «ғақлия мен нақлия» нұрын құйды. Ойлануға тұрарлық тәлім ғой! Ендеше, Абай таңдауы өте дәл! Өйткені Абай – Адам деген сөзге мән беріп, бас иді. Ол адамзат бастауы ғой! Адам болу – Алланың сүйікті құлы бола білу құрметі. Ол үшін білмек керек. Ілімсіздің ақыры не болмақ? Абайдың Құранды терең меңгергендігі сондай, атақты 38 -қарасөзінде: «онан соң, қира әт яғни, сураһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар», – дейді. Демек, ол дәстүрлі дін, білікті дін маманы, саналы білім, ұлттық сана арқылы жан мен тән, о дүние (бақи) мен бұл дүние (пәни) ұғымдарының тұтастығын қамтиды. Өйткені, Ислам діні – «алтын ортаның» – жүрек діні. Ал Құранның тең ортасы (114 сүре : 2 = 57) – «жүрегінің» рет саны – 57, бұл – «Әл-хадид» (темір) сүресінің рет саны. «Фатиха» сүресі – Құранның кілті ретінде, бар дүниенің жаралуы мен Алланың ұлылығына шек келтіртпейтін бұлтартпас дәлел, анық көрсететін айғақ. «Биссмилляһи ар-рахман ар-рахим»-нің соңғы әріпі – «М». Сол сияқты «Фатиха» сүресінің 2, 5, 6 – аяттары да «М» әріпіне аяқталады, ал қалған төрт аяттың соңғы әріпі – «Н». Мұндағы «М, Н» әріптері – төрт-төрттен. Сандық мәндері М-40, Н-50 яғни 40+50=90, жиынтығы – 90 х 4 = 360. Бұл санның (360 – математикада, астрономияда) ерекше тіректік саны екендігі бұрыннан белгілі. Әсіресе, зодиак мүшел есебіндегі – басты сан. Мән (оқылуы – «МН») – «рахымды, мейірімді, жомарт, сый беруші куәгер» деген сөз. Сонда НМ, МН – дегеннің өзі – «жомарттық жасаушы, Сый құрмет көрсетуші, соның бәріне куә бір Алла» – деген мағына береді. Бұл – тегін сәйкестік емес. Мәнн, «Иә, Маннан!» – деп Аллаға сыйынамыз, Алланың осы есімі төрт рет құпияланып кездесіп отыр», – дейді Ғұзекең. Абай дінді тек – «ғибадат күзетшісі» деп үйретеді. Өйткені оған халыққа рухани білім берудегі діннің атқаратын рөлі, маңызы бес саусақтай белгілі. Сондықтан да ол адамзаттың ішкі тазалығы мен иман кәмілдігіне аса зор мән береді. «Ғақлиат-тасдиқатта» тек «хүкім шариғатқа» жүйрік ишандарды «фитнә ғалым» атап тұқыртуы да сондықтан: «Молдалар былай тұрсын, хусусан (әсіресе) бұл заманның ишандарынан бек сақ болыңдар. Олар – фитнә (бүліну) ғалым, бұлардан залалдан басқа ештеңе шықпайды» – дегені схоластикалық түсінік шырмауынан шыға алмай жүрген қазіргі кейбір «дін үгітшілерінің» де, иманның тазалығынан гөрі «сыртын жуып жүрген» тірлігіне дәл келеді. Абай: «Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер» деген.
Демек, Абай Аллаға ғибадат құлшылық жүрекпен болып, санамен жүзеге асырылуын насихаттаған. Басқаша болу мүмкін емес. Біле білген жанға өлшеулі ғұмырда көп қателесуге орын жоқ. Демек, ғылым ұғу, көкейге түю – саналы ғұмыр кешу. Оқығанның ғана көкірек көзі ашылмақ. Ілімді тек Құраннан табамыз. Мұны білімсіз жан қалай айырмақ? Парықсыздықтан арылып, ақиқат мойын ұсыну кемел болашаққа үмітті ұзартады. Абай ілімі – Алланың ақиқат сөзі – Құранның теңдессіз, ешбір мінсіз – Ұлы есеп екендігін, Ұлы күштің ғаламды есеппен жаратуында мән барын, сондықтан адамзатқа берген мүмкіндікті адал ниетіне қарай өз мөлшеріне шақтап игеру керектігін үйретеді. Құран сөзі – шындық, онда ғылыми деректері мол, құпиясы шексіз оны игеру қиын.
Тоғанбай қажы ҚҰЛМАНҰЛЫ
Дереккөз: ЕЛ - Ұлттық қоғамдық-саяси, экономикалық апталық
11.05.2010