Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Тоқтар Әубәкіров

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Байтоқанова Алтынай

Байтоқанова Алтынай

Римова Бекен

Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Римова Бекен

Бөкей хан

Сара  Тыныштығұлова

Оңғарсынова Фариза

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Статьи.

Қаныбек Сарыбаев «Әселханның әсем таңбасы»

Бұрын “екі ауыз өлең айта алмайтын қазақ жоқ” - десе бөркіміз қазандай болатын. Енді “Екі ауыз өлең жаза алмайтын қазақ жоқ” - деп терімізге сыймаймыз. Әзер ұйқастырылған әбі –тәбі прозалық шалажансар тіркестерді поэзия санаймыз, газетке, кітапқа жариялаудан, басқа тілдерге аударудан да қысылып қымтырылмаймыз. Сөзіне қарап адам алмаймыз, адамына қарап сөз аламыз... Бұдан асқан имансыздық, рухани көтеремдік бар ма екен?! Әй, қайдам-ау? Желікпелі даңғаза мен жеңіл талғам заманының ең үлкен қасіреті де – осы.

Табиғи талант, шын дарындар әмісе ішінара. Жасанды жолбикелер мың – сан. Шырмауықтай жабысқақ жасандылық жазбашамызды жаулып бітіп, ауызшамызға да құлаш жая бастады. Айтыстағы жаттампаздық соның мысалы. Жазбашамызды тоқыратқан жабылар енді ұлттық ұлылығымызға айналған ауызша пэзиямыздың да құтын қашырып, берекесін ала ма деген қаупіміз де жоқ емес.

Ұлттық поэзиямыздың екі саласында да еркін көсілген сирек таланттарымыздың бірі - Әселхан Қалыбекова қарындасымыз. Айтыс өнерінің қазақ жерінде қайта жандануында Көпбай Омаров ағамыздың, Әселхан мен Тәушеніміздің, Әбдікәрім Манапов пен Мұхтар Құраловымыздың сіңірген қызметтері көп. Тіпті қыруар!

Жазбаша жастай жаттығып, ауызша жылдам игеріп әкеткен Әселхан шығармашылығынан бір кісідей хабардармын. Тағдырымның арқауы Шәуідірмен жалғасқанықтан ба, қайда жүрсем де аудан газетімен қол үзсем де, көз үзген емеспін. Әселханды әуелгі өлеңдерінен бастап білетінім рас. Облыс, Республика басылымдары арқылы таныстығым өз алдына. Өзімен 1982 жылғы облыстық ақындар айтысында бетпе-бет жүздестім. Бір ауданның нанын жеп, суын ішіп дегендей, намысын жыртып жүргенімізге де міне алтыншы жыл.

1984 жылы күзде “Аққу” мәдениет сарайында өткен Әселхан Қалыбекованың алғашқы шығармашылық кешін жүргізген едім. Күні кеше Жамбыл атындағы республикалық сыйлықты алу салтанатында да негізгі тізгіні мен ұстадым. Ендеше Әселханның былтыр “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Қызылқұм қызғалдағы” аталатын тұңғыш жинағына да лебіз айтуды ағалық парыз білдім.

Оқтарын қағып жасынның,
Бұлттарын әрі асырдым.
Рухын сүйді жер – ана.
Жарыққа ғашық ақынның
Жартысына жалғанның
Желбауын тақтым шатырдың.
Жолбарыс жүрек, нар төзім,
Сарбазындай ақылдың.
Көмейімнен ән саулап
Бауырымнан дән саулап,
Қырандай көкке атылдым, -
деген образ бен отқа толы, өзінен -өзі төгіліп тұрған өлең жолдарымен ашылған кітап ақырына дейін оңай оқылады, төте тіркестері мен тосын теңдеулері түгелдей жұмсақ қабылданады. Ауыз әдебиетінің асыл өрнектерімен араласып туған айшықты жырлар соншалықты санамызға сіңімді. Бұл өлең жазылмаған, сол күйінде шумақталып қағазға төгіле салған тірі дүние сияқты. Таза табиға, нағыз қазақы мінез Әселхан шығармаларының баршасына тән.

Шуынан өзгелердің дара қалып,
Қам тірлік, күйкі ойдан тазаланып,
Тұғырдан жемге асыққан қырандай боп,
Кейде осы отырамын мазаланып

“Өлеңім”. Сондағы:

Бейіммін мұңсыздардан, мұңдыларға,

немесе:

Тағдырым жасай берсін іштарлығын,
Бітпейді өзің барда құштарлығым.
Қайғысыз көр кеуделеу пенделіктен.
Ақынның артық көрсем мысқыл мұңын, -
деп ақтарылған жан сырына кәміл иланасыз. Өлеңнің соңғы шумағына қол соқпай қала алмайсыз:

Көнермін қиынына, тезіне мың,
Мені де қалап келген өзің едің,
Сен барда бақыттырақ екенімді
Ып - ыстық жүрегіммен сезінемін.
Мені де қалап келген өзің едің!

Қалай тауып айтылған? Күшеншектердің аузына жалғанда түспейтін киелі сөз ғой! Асып – тасып төгіліп жататын ақындар ғана айтуға лайық, оларға өлеңнің өзі де қалап келетіні де рас қой!

Әселхан – дамылсыз ізденіс, шапшаң өсу үстіндегі әрекетшіл ақын. Ақындық миссиясына асқан жауапкершілікпен қарайды. Ешкімді қайталамайды, ешкімге ұқсамайды. Тілдік арсеналы мол, тұтылмаған сөздерге әуес, айтылмаған тұжырымдарға құмар. Мен Әселханды осындай қасиеттері үшін сыйлаймын.

Кітаптың бірінші бөліміне он жеті өлең топтастырылып, екінші бөліміне төрт айтыс енген. Жамбыл атындағы сыйлықтың жалғыз лауреаты Әселханның айтыскерлік артықшылықтарына халқымыз қанық. Сайыс сайын қомақты мәселелерді қопара көтереді. Мұның бәрі көгілдір экраннан беріліп, магнит таспаларына жазылып алынғанына қарамастан, Дүйсенбай Жұмасейітовпен қақтығысынан бір мысал келтіруді артық көрмедік:

Өмірде жақсы болып тұрса бәрі,
Көңілді неге жиі мұң шалады?
Ілияс, Сәкендерді кім ұстапты,
Кешегі Абайыңды кім сабады?!
Күншілдік деген – ауруы бұл қазақтың
Мәңгілік жазылмайтыен қылтамағы.
Отырмыз жаңа күнге үміт артып,
Бір дауыл жүрегімде бұрқанады.

Әселханның әлгі “күншілдік деген ауру бұл қазақтың, мәңгілік жазылмайтын қылтамағы” - деген философиялық ащы жолдарын Түркістандағы “ Майдамтал” совхозының директоры Мырзан Ханділлаев екеуміз бір таң әңгімемізге арқау етіп едік. Қаншалықты қорытынды жасап жүргенін әркімнің өзі біледі...

Мен мақаламды Әселханның алғашқы шығармашылық кешінде оқылған өлеңімнің соңғы шумағымен аяқтасам деймін:

Көзісің арқалы ақын Ергөбектің,
Еленіп, ел таныған жерге жеттің.
Ендігі бар тілегім аман болшы,
Бәйгеден дәйім озып кел демекпін!

“Қызылқұм” газеті,
1990 жыл

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: