Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
- 02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- ракмет!коп малимет алдым!
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Статьи.
Алатаудай Ақшадан асып туған Бөгенбай
Алты Алаштың бас сардары, хас батыры “Алатаудай Ақшадан асып туған” қанжығалы қарт Бөгенбайдың ата қонысы – Ереймен өңірі ерекше қарбалас құшағында. Ерейменде бүгін “қазақтың қамал қорғаны” даңқты Бөгенбайға ескерткіш ашылмақ. Ел газеті – “Егемен Қазақстан” осы оқиғаға орай 31 шілдедегі санында “Аты аңызға айналған баһадүр” атты көлемді танымдық мақала беріп, ел бірлігінің туын асқақтатқан тарихи тұлғаның ата қонысында ескерткіш ашылатындығын барша қазақстандықтарға паш еткен еді. Міне, осы бір айтулы оқиғаның басы-қасында болу үшін атбасын шежірелі Ерейменге бұрып, осыдан он сегіз жыл бұрын батырдың 300 жылдық торқалы тойы аталып өткен кезеңде қалаға кіреберіс төбе басына орнатылған ескерткіш белгінің жанына келіп тәу еттік.
Неше күннен қабағы ашылмай түнеріп тұрған Арқаның аспаны бүгін шайдай ашық. Жайма-шуақ жаздың мамыражай күні әсем өлкенің жанға шипа, дертке дауа тамаша табиғатын құлпыртып тұр. Жусан иісі аңқыған төбе басынан салқын самал есіп, жаныңды жадыратып, көңіліңді тербетеді. Осындай әсер құшағында тұрып, осыдан он жыл бұрын, яғни “Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы жылы” деп жарияланған 1999 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың батыр бабамыздың еліне арнайы келіп, осы төбе басында тұрып тебірене сөйлеген сәтін санамызда жаңғырттық.
“Ардақты ағайын, қадірменді әлеумет! Біз қазір осы бір Ерейментау өңірінде, қанжығалы Бөгенбай батырға арнап қойылған ескерткіш белгінің жанына келіп, батыр бабамыздың аруағына тағзым етіп тұрмыз. Қазақтың ұлан-ғайыр кең даласы батыр бабаларымыздың найзасының ұшымен, білегінің күшімен сақталып қалған. Біз соңғы кезде ел қорғаған батырларымызды, Абылайханның серіктері Бөгенбай батырға, Наурызбай мен Қабанбай батырларға, олардан бір ғасыр бұрын өткен Қарасай батырға ас беріп, халқымызға таныттық. Олардың ерлік өнегесін ұрпаққа ұлағат етіп, жастарымызға таныттық. Оған тәуба деу керек”, деген еді сонда Елбасы.
Иә, қойнауы тұнған тарих, таусылмас шежіре осы Ереймен өңірінде нелер болып, кімдер өтпеді. Кешегі қанжығалы қарт Бөгенбай батырдан бастап оның үзеңгілес серігі болған орақ тілді, от ауызды Үмбетей, жасанған жауға жалғыз аттанған ер Жантай өткен. “Мәмбеттің бес қасқасы” атанған Атан, Ақпан, Бура, Тайлақ, Досай, Сүйіндік – Айдаболдың арыстаны Олжабай сынды “елім” деп еңіреп, “жерім” деп жанын пида қылған батырлар мен жайсаңдар өткен. Оның ішінде атақты Ақша батырдың бел баласы Бөгенбайдың орны бөлек. Тәуке ханның тұсында Ақша қазақ хандығының 80 мың қолын соңына ерткен бас батыры болған. Ақшаның қазақ елінің әскербасы міндетін атқаруы Жәдек хан тұсында басталған. 1680 жылы Тәуке әкесінің тағына келгенде Ақша батыр қазақ қарулы күштерінің қолбасшысы болып қалған. Міне, осы ата-дәстүр оның баласы Бөгенбайға дарыған.
Бөгенбай Ақшаның ұлдан үшінші баласы болып келеді. Әкесі балаларының есімін туған жерінің атына сәйкес қоя береді екен. Ақша батыр хан ордасы – Түркістан қаласында туған тұңғыш ұлын – Қалабай, Билікөлде дүниеге келген ортаншысын Көлбай, Бөген өзені жағасында күзекте отырғанда көрген баласының есімін Бөгенбай атаған. Батырдың анасы – Сандық бәйбішенің төркін жұрты – Қоңырат. Анасы Бөгенбайды сәби кезінен бастап бөтен көзден жасырып ұстаған. Жасында анасы Бөгенбайдың көйлегі мен шалбарын қоса тігіп кигізеді екен. Бұл баласының алысып-жұлысып ойнаған кезде көйлегін шешіп тастамауына жасаған айласы екен. Өйткені, Бөгенбайдың сәби күнінен бастап желкесінен құйымшағына дейін созылған жал тектес түгі болған көрінеді. Мемлекеттік шаруадан қолы босамайтын Ақша батыр екі баласының тәрбиесін нөкері Жанайдарға жүктеген көрінеді. Өсе келе Көлбай Жанайдарға көмекші болып қалады да, Бөгенбайды әкесі Ташкент қаласындағы сарбаздар дайындайтын арнайы мектепке оқуға береді. Сол оқудан ол еліне 23 жасында ғана оралады.
1708 жылы Ресей патшалығының қысымына шыдамаған Дон бойының казак-орыстары Жайық өзенінің жағасын жаулай бастайды. Жайық бойын жайлаған қазақтардың мал-мүлкін тонап, Кіші жүз руларын ата-мекенінен ығыстырмақ болады. Кіші жүздің ру басшылары Түркістандағы Тәуке ханға ат шаптырып, көмек сұрайды. Хан ордасында жедел жорық қолы ұйымдастырылады. Осы қолды басқаруға Тәуке хан Абдолла сұлтанның баласы Әбілқайыр мен Бөгенбайды тағайындайды. Екі батыр бастаған қол казак-орыстарды талқандап, Еділден асырып тастайды. Атақты Үмбетей жырау Бөгенбай батырдың сол жорығын былай суреттейді:
Шалғыны жылқы таптырмас,
Балығы суға жаптырмас.
Балдырғаны білектей,
Бүлдіргені бүйректей,
Бөденесі үйректей.
Шортаны тайдай тулаған,
Маралы қойдай шулаған,
Ұзыны шексіз ені алыс
Еділден өттің Бөгенбай!
ХVІІІ ғасырдың басында қазақ халқының басына тағы да бір қара бұлт үйірілді. Мықты әскери күші бар, соғысқұмар Жоңғар хандығы шығыстан қазақ жеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап, ел берекесін алды. Жоңғар әскерлерінің қазақ жеріне басып кірген ірі басқыншылық соғысы 1710-1711 жылдары болды. Бірлік – тысқары жауға қайрат көрсетіп, қарсы тұратын құрал. Халықтың қуат-күші алауыздықта емес, болашақ биіктерге бастайтын біртұтастықта. Сол себептен де сыртқы жауға тойтарыс беру үшін 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақ жұртының ел басшылары, үш жүздің үш данышпан ақылгөйі Әлібекұлы Төле би, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке билер бас қосты. Қарақұмда өткен құрылтайда бүкіл қазақ қауымы өзімшілдік мүддеден туған өзара дүрдараздықты сырып тастап, азаттық жолындағы сарыала тудың астына топтасты. Құрылтайда қазақ хандығының ортақ қолына бас сардар болып сайланған Бөгенбай батыр қарт әкесі Ақша батырдың қолынан Қазақ мемлекетінің сарыала туын, сардарлық бағананы қабылдап, жалынды сөз сөйлейді. Орыстың әскери тарихшысы В.Н.Витебский өз еңбектерінде былай деп жазады: “ХVІІІ ғасырдың басында қазақтардың арасында алауыздық таластар басталды. Бұл алауыздықты пайдаланып көршілес елдер әсіресе, жоңғарлық қалмақтардан Қалдан Церен бастаған басқыншылар тыным бермеді. Бірақ 1710 жылы Қарақұмда болған жиында қазақтың атақты батыры Бөгенбай халықты қалмаққа қарсы шығуға көндірді. Қазақтардың қолбасшысы болып Бөгенбай бірауыздан сайланды, ал хандық билік Әбілқайырға тапсырылды. Әйгілі батырдың тапқырлығының, шапшаңдығының, ілкімділігінің және айла тапқыштығының арқасында қалмақтар шын мәнісінде тас-талқаны шығып, жеңіліс тапты”.
Қанжығалы Бөгенбайдың бұдан кейінгі ел бірлігі, қазақ жерінің азаттығы жолында 64 жыл аттан түспей айқасқаны хақында, жоңғарларға қарсы 103 рет айқасқа шығып, қайталанбас қайрат-жігер танытқандығы, 1730 жылдың тамыз айында Іле өзенінің төменгі сағасында 40 мыңға жуық қолға жетекшілік жасап, жоңғарларға ойсырата соққы бергені, 1756-1758 жылдары Шығыс Түркістанның Талқы деген жерінде Қытай басқыншыларының бетін қайтарып, Үрімшіден асырып қуғаны және осындай Бөгенбай батырдың қаһармандық ұлы сардар ретіндегі тұлғасын сомдаған талай-талай жорықтары туралы аз айтылып жүрген жоқ. Сондықтан да ұрпақ қазақтың біртуар перзенті Бөгенбай батыр рухына әрдайым қарыздар.
Батыр рухына қарыздар ұрпақ, міне, бүгін тағы да ежелгі Ерейменге атбасын тіреді. Батырға арналған ескерткіш Ерейментау қаласы әкімдігінің сыртындағы қалалық саябаққа қойылған екен. Батыр бабамыздың 300 жылдығы тойланған кезде, бұдан он сегіз жыл бұрын қалаға кіреберіс күре жолдың бойындағы төбе басына арнайы ескерткіш белгі қойылып, болашақта батырға арналған үлкен ескерткіш осы жерге орнатылатындығы айтылған еді. Өкінішке орай, облыстың бүгінгі басшылары өз дегендерін жасап, ескерткішті қала ішіндегі көрнексіздеу жерге, қалалық саябаққа орнатыпты.
Сағат таңертеңгі 10.00-де мерекені жүргізуші салтанатты шараның басталғанын паш етті. Алаңға бүгінгі мерекеге арнайы шақырылған құрметті қонақтар келді. Олардың қатарында белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шота Уәлиханов, қоғам және мемлекет қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Аманжол Халықов, ардагер, ұлтжанды азамат Қасым Тәукенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова, Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Егор Каппель және алыс-жақыннан келген батыр ұрпақтары бар. Етектері жер сызған дүрия көйлек, оқалы камзол киген бір топ қыздың қоршауымен облыс әкімі Альберт Рау және ардагер Аманжол Халықов бас сардар ескерткішінің ақ жамылғысын сыпырып, көк лентаны қиды. Шашақты найза ұстаған ат үстіндегі баһадүр тұлғасы ашық аспанда қалықтаған асқақ әуенмен ілесе, күн нұрына шағылысып айшықтана жарқ етті. Қызыл гранит тас тұғырға орнатылған ескерткіштің биіктігі 11 метр көрінеді. Бұл ескерткішті сәулетші Шота Уәлихановтың басшылығымен, оның шәкірті мүсінші Қазтай Нарысов жасаған екен. Алматыда жасалып, арнайы көлікпен алдырылған сом құйма мүсіннің тас тұғырға қонғанына тәулікке толар-толмас уақыт болыпты.
Батыр бабаның ата қонысындағы айтулы ескерткіштің ашылуына арналған салтанатты жергілікті жас ақын Зухрат Хамзин тегеурінді толғаумен ашты. Ашылу салтанатында ардагерлер Аманжол Халықов, Қасым Тәукенов, сәулетші Шота Уәлиханов және басқалар сөз сөйлеп, қазақтың бас сардары хақындағы толғаулы ойларын ортаға салды. Ереймендік белгілі ақын Сайлау Байбосын батыр бабамызға арнаған екпінді жырын оқыды. Содан кейін жиналған жұрт жергілікті өнерпаздардың күшімен қойылған театрландырылған көріністі тамашалады. Түске тармаса тойшыл қауым Ерейментаудағы “Жігер” стадионына бет алды. Мұнда Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, ақын Сайлау Байбосынның “Ерейментау” атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті. Оны сенатор Светлана Жалмағанбетова ашып, қаламгердің шығармашылығы және бүгінгі тұсауы кесіліп отырған еңбегі хақында жан-жақты айтып берді.
Тақымы қызған қалың қазақ “Жігерде” басталатын ат жарысын асыға күтуде. Міне, ол сәт те келіп жетті. Алдымен 5 шақырымдық қашықтықта жорға жарысы, 16 шақырым қашықтықта ат бәйгесі өткізілді. Мәреге аламан бәйгеге қатысатын сәйгүліктер сап түзеді. Сәлден кейін алаңдағы ат жарысының бас төрешісі, “Ырыс” ЖШС-ның директоры Абай Әлжановтың арнайы белгісінен кейін аламан бәйге басталып кетті. 25 шақырым қашықтыққа жіберілген сәйгүліктер арасынан Көкшетау қаласының сәйгүлігі мәреге бірінші жетті. Сәйгүлік иесіне осы мерекелік шаралардың бас демеушілерінің бірі Ұзақбай Мамин темір тұлпардың кілтін тапсырды. Ал 16 шақырым қашықтықтағы жарыста Солтүстік Қазақстан облысының сәйгүлігі, жорға жарысында Ерейментау ауданы Новодолинка ауылының аттары алдарына қара салмай, бірінші болып жетті. Бұл сәйгүліктердің иелері де темір тұлпар кілттеріне ие болды.
Барлық жарыс мәреге жетіп, той тарқады. Ерейментау қаласының қақ ортасында шашақты найза ұстап, алыс көкжиекті қалт жібермей бақылаған батыр мүсіні тұр. Бұл – туған жерімізді ақ найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған, азаттық аңсаған бабалар рухына деген тағы бір тағзым.
Авторы: Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.
Дереккөз: Егемен Қазақстан газеті
4.08.2009


















