Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
<a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
<a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a>  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы

Мұсаходжаева Айман

Сара  Тыныштығұлова

Асқаров Асанбай Асқарұлы

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Ысмайылов Әубәкір

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Мелдешов Абдулла

Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

Рымбаева Роза

Қаныш Сәтбаев

Статьи.

Қойшығара Салғараұлы: Дәстүр – уақыттың өзі бекітіп берген ұлы заңымыз

Қойшығара Салғараұлы: Дәстүр – уақыттың өзі бекітіп берген ұлы заңымыз

«Біздің қазақ, біздің ата-бабаларымыз не көрмеді…» деген осынау бір жаттанды сөзді ылғи естіп, сөз берілсе өзіміз де «қайран қазағым-ай» деп қалатынымыз бар. Бірақ осы сөзді айта отырып, әрдайым оның мағынасына терең үңіліп, қазағымыз алып қарағай болса, сол қарағайдың әр талын «талдап», тамырына бойлай аламыз ба деген заңды сауал да санамызға сап етіп түсе қалатыны анық. Сонда біз «шаң басқан архивтерге» қарай жүгіріп, тарих беттерінен «тар жол тайғақ кешкен» замандағы халімізді, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шыққан» алтын күндей азаматтарымыздың есімдерін тағы бір еске түсіреміз. Айтылу керек жерде айтып алған соң, сол құндылықты жылы жауып қоя саламыз…
Бірақ сол арқылы аз-аздап болсын ұлтымыздың ұшқынынан жаңылып, ұлтжандылықты «ұлтшылдықпен» шатастырып, ұлттық мүдде, ұлттық сананы «екінші орынға ығыстырып жатқан жоқпыз ба» деп алаңдамайтын да тәріздіміз…Қазір еліміз азат, тәуелділік «алауынан» аман шығып, тәуелсіздік жалауын көтерген, жан-тәнімізбен «Менің елім, менің жерім, жырың болып төгілемін» деп жаһанға жар сала алатын заманның түзуінде басымызды тік көтере алмай, бүгежектеп жасыра жалтақтайтынымыз да жасырын емес. Ал үш ғасырға таяу бодандықтың бұғауында болып, қозғалмайтын қабырғалардың өзіне қорқынышпен қарай, «сыбырлап» сөйлейтін қиын-қыстау кезеңде елін, жерін, тілі мен дінін алғашқы орынға қойып, жан қиюға әзір, тіпті жанын қиған арыстарымыздың «батыр жүректеріне» қайран қалып, бас иіп, үлгі тұтуымыз қажет-ақ. Сондай ұлтжанды, не жазса да «еліме, жұртыма пайдасы тисінші» деп жанталасатын, жүрегі кең, санасы таза, жетпісті желкелеп жүрсе де сол түркі тарихын, қазақ тарихын жазудан «жалықпаған», еңбекқор ағамыз – Қойшығара Салғараұлының жылдар бойы ел тарихынан сіңірген еңбегі орасан зор. Желтоқсан желінің ызғары жүректерді қарып тұрған сол жылдардың өзінде «Тілінен безген, дінінен безген, орысқолды ожар ұлың зор болып… Өз балаңмен өз тіліңде сөйлесе алмай қор болып; айырылып қап ата-баба дәстүрінен, салтынан; жалпаң қақтық жат дәстүрді жақсы болып, жол болып. Жақсың – жаман, жүйрігің – шабан, кері айналды дүние… Нәтиже жоқ, еңбегің еш, төккен терің сор болып. Ойлан қазақ, ойланатын күн туды!» деп елін бірлікке, жастарын білімге шақырған Қойшығара Салғарұлының ұлттық мүддеден айырылып қалмауда айтқан ойлары озық, ойға қонымды. Ұлттық мерекеміз Наурыз қарсаңында ағамыздың «қара шаңырағына» бет алғандағы мақсатымыз да оқырмандарға рухани әңгіме «сыйлап», қазақтың өткені мен бүгіні жайлы тағы бір сыр шерту еді. Әңгімеміздің әлқисасын Қойшығара Салғараұлының соңғы еңбектерінің бірі «Ойлан, қазақ!» кітабынан бастадық…
– Қойшығара, аға! Өткенде сіздің «Ойлан, қазақ!» атты кітабыңыз қолыма түсті. Кітабыңызды оқи отыра, кезінде мектепте оқыған «ауыр» тарихты жеп-жеңіл қабылдап, көп кітаптарда түсініксіз терминдермен берілетін «ұлт, ұлттық мүдде, ұлттық сана» деген ұғымдарға жауап тапқан соң, енді өзіңізге «көлемі кішкентай кітапқа сонша құндылықты қалай сыйдырдыңыз» деген сауал қойғым келіп отыр…
– …Иә, кітапта келтірілген көп терминдер тарихшы ретін-де менің емес, этнографтар мен философтардың міндеті. Әсіресе, кітаптың «Елдік негіздері» деген бөліміндегі сол жоғарыда өзің айтып өткен ұлттық сана, ұлттық мінез деген сияқты атауларға анықтама беретін, халыққа түсіндіретін, ұғындыратын философтар. Бірақ олардың онда шаруасы, жоқ. Орыстар не айтып кетсе, соны қайталаған, кейбіреулері тіпті мағынасын түсінбей аударып, бере салады. Көп терминнің не екенін жай халық білмейді. Осы орайда, дәл осы мәселенің екінші жағынан алып қарасақ, қазіргі таңда мақала жазып отырған авторлардың бір жаман әдеті өздерінің білімділігін көрсетпек болып, әлем ғалымдарынан көп дәйектеме алып, терминдерін көбірек қолданады. Оның мағынасын қарапайым халық түсініп жатқан жоқ, түсінбегендіктен оны оқығысы да келмейтіні анық қой. Мысалы, мен сізбен әңгімелесіп отырсам, сіздің таным-түсінігіңізге сай ойымды жеткізе білуім керек. Сол сияқты қандай да бір еңбек жазып отырған адам, бірінші кезекте өзін емес, оқырмандарды, яғни, өз отандастарын, елін, жерін ойлауы керек. Соны ескергендіктен де кітабымды барынша түсінікті етіп, халық оқып, рухани азық алсын деп, ықшамдап жаздым… Марқұм Ақселеу Сейдімбек досым екеуміз ылғи осы мәселені тал-қылайтын едік. Оның маған қоятын бар «кінәсі» «ғылыми тілде жазбайсың» дейтін. Өзі ғылыми тілде жазатын… Мен ғылым жасайын деп жүрген жоқпын, менікі – жұрттың санасын ояту, «халықтың тегі қайдан шықты, қалай болды?» деген сауалдарды түсінікті етіп қағазға түсіру. Тарихымыздың танылмай жатқан тұстары жетерлік. Бір сұрақтың соңынан тағы бір сұрақ шыға береді. Осы кітап сол сұрақтардың ізімен жазылған. Яғни, «қазақтың тарихы», «қазақ қалай қазақ болды?», «қалай бодандыққа ұшырады?» деген мәселелерді қамтитын «Ертеңі бар ел боламыз десек…» деген алғашқы бөлімінде тарих туралы талқыланса, ал «Елдік негіздері» деген бөлімінде азаттық алғаннан кейінгі халіміз, тәуелсіздік жылдарындағы қиын кезеңдер, олардың шешілу жолдары жазылған.
– Әсіресе, ұлт негіздері ерекше ескерілгендей…
– Дұрыс айтасың. Қазір ұлт зиялысы, зиялы қауым дегенді жиі айтып жүрміз. Мен қазір «ұлт зиялысы» жоқ дер едім. Неге? Баяғыда сол нағыз зиялыларды «құртқаннан» кейін басқа түсінік қалыптаса бастады. Елдің қамын ойлайтын азамат шыққан жоқ. Зиялы дегенді бір ауыз сөзбен айтсақ, ол елдің қамын ойлайтын, өзінің кішкентай ауылы болса, сол ауылдың қамын ойлаған адам – зиялы адам. Ал біз болсақ, қазір оқыған адамның, жоғарғы оқу орнын бітірген қауымның барлығын зиялы, яғни, «интеллегентный» дейміз. Сондықтан да мен ұлт зиялысы дегеніміз – сол өзі шыққан ұлттың бар жақсы қасиетін бойына сіңірген; кісілік парасаты биік; халқының мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қойып, саналы ғұмырын соған қалтқысыз қызмет етуге арнаған; ұлттық дамудың мүддесін көздейтін әлеуметтік мұраттарды алға шығарып, қолдап, қорғап отыратын; осы жолда кездескен қиындыққа қаймықпай қарсы тұрып, қажет болса, мақсатты ісінің жолында күресіп, құрбандыққа бара алатын, рухы биік, ары таза қайраткер адам дер едім…
– Ал ұлттық мүдде… Сіздіңше ұлттық мүдде дегеніміз не?
– Ұлттық мүдде дегеніміз – сол ұлттың құрамындағы халықтардың, (адамдардың) өздеріне тән халықтық рухани-мәдени және материалдық құндылықтарын сақтай отырып, ұлттың ілгері дамуын, өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін негізгі нысаналы ортақ мақсаты. Сондықтан да ұлттық мүдде өмірдің барлық саласында бірінші кезекте тұруға тиіс. Саясатта да, экономикада да, мәдениетте де, таным-талғамда да, қысқасы күнделікті жасалынатын іс-әрекеттің бәріне де мәселенің ұлттық мүдде тұрғысынан шешілуі – елдің тұрақты өркенлеуінің, мемлекеттігінің нығаюының басты кепілі болып табылады. Сол себепті де ұлттық мүддені қорғау – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ қажеттілікке айналады. Бұл ретте ұлттық мүддені уақыт талабына сай белгілі бір нәтижелі мақсаттарға бағыттап отыратын пәрменді тетік – мемлекеттік институттар болуы тиіс. Өкінішке қарай, бізде әзірге бұлай болмай отыр. Бізде бар мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан шешілмей, тек қалайда пайда табу, табыс түсіру тұрғысынан ғана шешіліп келеді. Ал мұның ақыры түптің түбінде орны толмас өкінішке соқтыруы бек мүмкін.
– Сіз «ұлттың негізі – адам, яғни, ұлт адамнан құралады» дейсіз. Қазіргі адамдар арасында шежіре жазып, өз тегінің тарихын құрастырып жүргендер баршылық. Бұл да бір ұлттың тарихына әсер ететіні анық. Осы мәселе туралы не айтар едіңіз?
– Жоқ іздеушінің жалғыз болғаны жақсы ма, әлде көп болғаны жақсы ма…? Әрине, көп болғаны. Бізде ерте заманда өзімізден шыққан тарихшы жоқтың қасы болып, ата-баба тарихы жазылмағаннан кейін, өшкенімізді тірілтеміз десек, қазақтардың әрқайсысы тарихымызды тануға үлес қосып, жазып жатқандығын жоққа шығаруға болмайды, оның барлығы керек. Мысалы, Хайролла Ғабжәлелов деген азамат өз ақшасымен «Алаш» тарихи зерттеу орталығын құрып, барлық қазақ руларының шежіресін жазып жатыр, өз ақшасынан соның 26 кітабын жарыққа шығарды. Өте қажетті істі тындырып отыр. Ал кейбір шежіре шығарушылардың «менің ата-тегім өзгелердікінен ерекше, жоғары, біз ғана мықтымыз» деген мақсатта болуы, бұл – тарихқа өте зиян. Бұл бірлікке зиян, бұл тәуелсіздікке зиян. Жікшілдікке, рулыққа бөліну осыдан барып шығады. Ал егер өзін бір қазақтың баласы ретінде шыққан тегіңді дерек арқылы, көкірегі ояу қарт адамдардың айтқаны арқылы, тарихымызды тануға үлес қосу мақсатымен жазса, ол біздің үлкен тарихымызды жазуға қызмет істейтін болады.
– Дұрыс айтасыз. Әр адам өз тегін біліп, «жеті атасын білмеген жетесізге» айналмауы керек. Бірақ сол атадан қалған дәстүрді де ұмытпай, ұғынып отыруы қажет. Сұхбатымыздың өзегін ертеден келе жатқан ұлтымыздың ұлы мейрамы Нау-рыз төркінінде өрбітсек…
– Биыл Әзірбайжан халқының ұсынысымен БҰҰ-ның қарары қабылданып, Наурыз халықарылық деңгейде тойланатын болды ғой. Иә, бұл – біздің ұлттық мерекеміз. Жалпы мереке халықта екі түрлі болады. Біреуі – кезеңдік, яғни, уақыттың, біреуі – халықтың болмысына еніп кеткен, өзімен бірге жасап жат-қан мерекесі. Мысалы, кешегі Кеңес одағы кезінде біздің тойлайтын ұлы мерекеміз – «Октябрь Революциясының» мерекесі болатын, соны жалаулатып, алаулатып тұрып тойлайтын едік. Бірақ сәт сағаты туды, Кеңес Одағы ыдырады, Компартия жойылды, мереке де жоқ болды. Сол коммунистердің халықтық мерекелерімізді тойлатпай тастағаны да белгілі, соған қарамастан кейбір өңірлер тойлап жатты. Ал ұлттық мерекелеріміз тәуелсіздік алғаннан кейін тамыры қырқылмаған шөптей қайта жанданып, жаңғырып шыға келді. Міне, бұл нағыз халықтық, дәстүрімізге сіңген біздің мерекеміз. Бұл мереке – ұлы мейрам. Бұл – күн мен түннің теңелуі, жаңа жылдың басталуы, қараңғылықты жарықтың жеңетін күні, зұлымдықты әділеттің жеңетін күні.
– Тарихшы ретінде сізден нау-рыз мейрамының тарихы мен дәстүрін сұрамай кетуіміз қисынсыз болар. Наурыздың тарихы талай таласқа да ұшырады, «теңсіздіктің» терең теңізіне де «батып» кете жаздады. Көктеммен елімізге жететін, мұсылман қауымның жаңа жылының тарихын тағы бір «талдап» беріңізші?
– Бұл – сонау көне заманнан келе жатқан мереке. Сол ерте заманда түркі халықтары өздері кие тұтқан тауға барып, осы наурыз күні Көк-Тәңірге, Жер-анаға, ата-баба аруағына құрбандық шалған. Құрбандыққа әдетте жылқы малы, соның ішінде ақ боз түстісі шалынған екен. Кейін түрлі жағдайларға қарай жылқының орнына түліктің басқа түрлерін де қолданған. Мысалы, Шығыс халықтарының кейбірі құрбандыққа тіпті, доңыз да шалған.Осыдан барып кейін осы «доңыз» сөзінен «тунгус» деген халықтың атауы қалыптасқан. Жалпы наурыз мерекесі көне түркі тарихында кәдімгі мемлекеттік той ретінде тойланған. Сол тойға елдің үздіктері: садақтың мергендері, жүйрігі т.б. жарысқа қатысып, жүлде алған. Және де дәл осы күні құда түсіп, қыз айттырған. Жігіттер бір қызды ұнатып жүрсе сол күні қыздың ауласына барып бас киімін іліп кетеді екен. Бас киімін іліп кеткен үйге барып жігіттің ата-анасы құда түсетін. Ал жалпы бұл мерекені түркі халықтары «Жас күн» деп атаған. Ал бүгінгі наурыз атауы бізге парсылардан енген. Бұл да «жаңа күн» дегенді білдіреді. «Нау» – жаңа, «Руз» –күн. Наурыз күні үйді тазалайды, сандықтағы жақсы дүниелердің барлығын шығарып, керегеге іледі. Араздасып жүрген ағайын болса, өкпе-назын ұмытып, жаңа өмір басталады. Қыс қыспағында болған ағайындар біріне-бірі іздеп келіп, көрісіп, табысып жатады. Адам мен адамды татуластыратын, ба-уырмалдылыққа жетелейтін, нағыз халықтық мереке.
– Әңгіменің ауанын бүгінге қарай ойыстырсақ… Әз Наурыз келеді, қарсы аламыз. Ауылды жердегі ағайындар үй аралап, көже ішіп жатады. Әйтсе де тойлану деңгейі қаншалықты деп ойлайсыз. Дәстүрімізді дәстүрлі мерекелерде ғана түгендеп жүрген жоқпыз ба?
– Наурыз біздің жаңа жыл ғой. Бірақ қазіргі жағдайда бұрынғы ескі сарынмен христиандардың жаңа жылын өзіміздің жаңа жылдан гөрі үлкен, халықтық деңгейде тойлап жүрміз… Бұл жаңа жыл, яғни, христиан дініндегі ұлттардың жаңа жылы біздің тәуелсіздігімізге де көлеңкесін түсіріп жүр. 16 желтоқсан қарсаңында қарасаңыз, тә-уелсіздік туралы ұраннан гөрі, «С Новым Годам» деген сөздер қаптап кетеді. Ал тәуелсіздік туралы, оның қадір-қасиеті туралы, рухты көтеретін сөздерді табу қиын. Сол ұғымды наурызға да қатысты айтуға болады. Біздің қаладағы мейрам бұл кезге дейін формальді түрде өтіп келді. Қалың жұртты ұлттық дәстүрімізбен «сусындатып», олардың санасына, қазіргі жастарға ой саларлық деңгейде, тәрбие беретін дәстүрді қалыптастыруға көңіл бөлінбеді. Бірақ биыл басқаша болады деген ойдамын. Биыл халықаралық деңгейде өткелі отыр ғой. Қазіргі жағдайға қарағанда оған дайындық та жақсы секілді. Қалай да халықтық мереке халықтық дәстүрге сай болуы керек. Ал дәстүр дегеніміз – біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік-тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни, бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген Конституциясы емес пе?
– Мағыналы әңгімеңізге мың да бір рахмет! Бүгінгі мерекеде «Ел» арқылы еліңізге қандай тілек айтасыз?
– 260 жыл бодандықта бол-ған елдің құлдық санадан шығып, тарихи сананы қалыптастыру үшін, ұлттық сананы ояту үшін газеттеріңіздің ықпалы болып, әр қазақтың жүрегінен орын табатын болса деймін. Біз біріккенде ғана, біртұтас ұлт бола аламыз, биіктерге бірге шығып, жарқын болашаққа жол аша аламыз. Жастарымыз жалынды болуы үшін, ертеңгі ұрпағымыз ұлылардан қалған ұлы жолды жалғастыру үшін оларды ұлттық тәрбиенің уызына кенелтуіміз керек. Бүгінгі наурыз мейрамы да қиын заманда қалыптасқан дәстүріміздің дара жолындағы ұлы мұрамыз. Ел болып өсіп, өркендейміз десек, бізге көсегемізді көгертер күретамырымыз – халықтық дәстүрімізге адал болып, ХХІ ғасырдың есігінен «қазақы дәстүр, әлемдік білім» деген ұранмен аттап, өркениет төрінен тиесілі орнымызды еншілеуіміз қажет. Қазағымыз тек дәстүрлі мереке күндері ғана емес, әрдайым ұлттықты бірінші орынға қойып, әр Наурыз сайын, әр жыл сайын өркендеп, пәле-жаладан аман болғай…
– Әумин!
Сұхбаттасқан Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Дереккөз: ЕЛ - Ұлттық қоғамдық-саяси, экономикалық апталық
22.03.2010

 

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: