Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 02:56Жиренше шешен
<a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
<a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a>  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
02.05.12 15:42Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
ракмет!коп малимет алдым!

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Байтоқанова Алтынай

ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ

Байтоқанова Алтынай

Дәулетбаев Абайділда Сыздықұлы

Өнербай Нұрлан Әлтайұлы

Кенесары Қасымұлы

Нұрпейісова Дина

Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

Мелдешов Абдулла

Яхия Әубәкірұлы Әубәкіров

Қабышұлы Ғаббас

Мұсаходжаева Айман

Утин Мекеш Жұмабекұлы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Статьи.

СМАҒҰЛДЫҢ РУХЫ САРЫАРҚАҒА ОРАЛДЫ Алаш қайраткерінің мәйітінің күлі Астанаға әкелінді

Ол қазақ аспанында жарқ етіп шықты. Бар-жоғы жиырма жасында ұлт жастарының көшбасшысы, 25 жасында білім мен мәдениетті үйлестірген Ағарту министрі болды. Қиын-қыстау уақытта жарқырап көрініп, білімі мен білігінің арқасында қазақ көшін алға сүйреу де оңай шаруа емес еді. Жасындай жарқылдап туған Смағұл Сәдуақасовтың есімі елдің аузына бірден ілікті.

Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдігіне арнады. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елінің ел болып өркендеуіне арнады. Тірлігінде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтінде жүрді, ұлт азаттығы үшін отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдігі үшін ғұмырын сарп етті.

Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлі көп еді. Бірақ Кеңес үкіметінің қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшін елінен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесі 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртелді. Содан бері рухы мықты қайсар азаматтың күлі 78 жыл бойы Мәскеудің Дон қабірстанында топыраққа көмілмей, құмыра ішінде сақталып келген еді.

Арбаға салынған Смағұл мәйітінің соңында қайын атасы Әлихан Бөкейханов пен жары Елизавета Сәдуақасова келе жатты. Әлихан Бөкейхановтың сол кездегі қанселсіз түрін әсте ұмыту мүмкін емес еді. Арбаға сүйеніп келе жатқан ұлт көшбасшысына Сәбит Мұқанов барып көңіл айтқандығы туралы Мәриям апай өз естелігінде осылайша жазып қалдырған екен. Бәлкім сол жолы арыстың сүйегін крематорийде өртеген болар. Арыстай азаматының сүйегі отқа өртеніп жатқанда, Әлихан Бөкейхановтың жүрегі сан тілікке бөлініп жатты-ау... Сол бір зұлматты жылдарда қаныпезерлер қаншама арыстарымыздың басын жұтты десеңізші... Өткен жылдардың қасіреті ұмытылмақ емес, ұмытылмайды да. Арыстарымыз армандаған азаттыққа, аңсаған тәуелсіздікке бүгінгі қазақ баласы қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткізбесек, 78 жыл бойы Дон қабірстанында белгісіз қалған құмырадағы мәйіт күлі елімізге жетер ме, жетпес пе еді, кім білсін?! Сондықтан да тәуелсіздігімізге мың тәубе!

Смағұл Сәдуақасовтың мәйіті күлінің елге оралуына септігін тигізген ұлтжанды азамат, белгілі қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтан осы айтулы оқиғаға қатысты әңгімелеп беруін өтінген едік.

     - Сабыр аға, сізді қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлін алу үшін Мәскеу билігінің арнайы шешім шығаруына кол жеткізді және Астанаға әкелуіне мұрындық болды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл ой сізге қашан келді? Мұның бәрі қалай жүзеге асырылды? 

- 1980 жылдардың аяғы мен 90 жылдар басында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының өткен ғасырдың 20-30 жылдарында орын алған бай-құлақ шаруашылықтарын    тәркілеу, ауылды ұжымдастыру, революциялық қайта құру жөніндегі саяси науқандарды қайта бағалау комиссиясы құрылды. Комиссияның төрағалығына академик, атақты тарихшы Манаш Қозыбаев, орынбасарлығына - профессор Ким, ал хатшысы әрі Комиссияның мүшесі болып мен тағайындалған болатынмын. Ким мырзаның жұмысқа онша құлқы болмағандықтан, бүкіл қара жұмыс, яғни құжаттарды іздеу, құпия мұрағаттарға кіруге рұқсат алу, комиссия мүшелеріне кемек көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық және ағымдағы жұмыстар мен тағы басқалары маған жүктелді.

Сол кезде мен Смағұл Сәдуақасовтың кім екенін және "сәдуақасовшылдық" деген саяси айыптаудың астарында не жатқанын алғаш рет білдім. Оның саяси принциптері, біліктілігі, Сталиннің саясатына қарсы тұрып, Голощекин бастаған республика басшылығына қарсы шыққандағы оның жаужүректігі мені қатты таңғалдырды. Ол жоғары қызметтерде жүрсе де мансаптың құлы болмай, басын бәйгеге тігіп, қазақ халқының мүддесін көпшілік алдында қорғады. Сол кездің өзінде-ақ Қойгелдиев, Омарбеков, Әбілғожин сияқты тарихшы ғалымдарымыз ол туралы, оның қайраткерлігі жөнінде кезіндегі саяси қазақ элитасындағы ерекше құбылыс еді деп айтып отыратын. Кеңес Одағының кезі болғандықтан, комиссия мұны жеке құбылыс ретіңде алып қараған жоқ.

Екінші рет Смағұл Сәдуақасов туралы Сәбит Мұқановтың жары Мәриям апай күйзеле отырып, үлкен тебіреніспен айтып берген болатын. Ол кісі маған жақын туыс, менің нағашы апам болып келеді. Мәриям апай да Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік және қоғамдық қызметі, саяси және азаматтық істері мен ерліктері туралы зор қасірет ретінде әрі аңыз етіп айтып отыратын. Ол кісі С.Сәдуақасовтың саяси куғын-сүргінге ұшырап, сталиндік саясаттың құрбаны болғанына сенімді еді. "Оның өлтірілгенін бәрі де білетін, сезетін, әйтсе де бұл жөнінде ешкім айта алмады", - дейтін Мәриям апай. Тіпті оның сүйегінің қалай өртелгенін де өз көзімен көргенін айтып беріп еді. С.Сәдуақасовтың туыстарының да қуғын-сүргін құрбаны болғанын, оның жоқтаушы ұрпағының да қалмағанына қатты қамығатын апамыз.

Осыдан бір-екі жыл бұрын өзім табанды патриот азамат ретінде қатты құрметтейтін Берік Әбдіғалиев хабарласты. Конституциялық Сотта өзім дайындаған "Желтоқсан" (1986 ж.) ісінің 12 томын Берікке қажет болғасын бергенім бар еді, шамасы ол содан кейін белгілі бір шешімге келген болар. Ол Мәскеудегі Дон зиратында болған кезде С. Сөдуақасов мәйітінің күлін көріп, оны алуға рұқсат алғысы келгенімен, одан еш нөтиже шығара алмағанын, ол үшін көптеген заңдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан кедергілер көп болып шыққанын айтты. Сөзінің соңында ол: "Сізден басқа ешкім де бұл істі қолға ала алмайды әрі үдесінен шыгара алмайды", - дсді, Содан кейін мен С.Сәдуақасов туралы әдебиеттерді жинап, тарихшылармен кеңесе отырып, ол шын мәнінде ұлы тұлға, оның мәйіті туған жерінде жатуға тиіс деген шешімге келдім.

Сондықтан іс-әрекет жоспарын құрып, оны іске асыруға кірістім. 2010 жылғы қараша айында Мәскеуде болғанымда өзімнің достарым мен таныстарым арқылы осы мәселені шешу жолын зерттеп, нақты шенеуніктерге жол таптық. Ал олар көмектесуге уәде берген кезде нағыз бюрократиялық сергелдең басталды. Мәскеудің мэрі Собянинге хат жаздым. Оның орынбасары Юрий Росляк Қызмет көрсету жөне сауда департаментінің директоры Михаил Орловқа тапсырма берді, ол болса өзінің орынбасары Коржнева Лариса Алексеевнаға тапсырма берді. Ол өзінің басшылары берген тапсырманы орындаумен және Смағұлов мәйітінің күлін беру туралы өкім шығарумен тікелей айналысты. Сөйтіп олар шешім шығарғанға дейін мен Астанадан күн сайын хабарласып отырдым.

Коржневаның көмегімен Жерлеу рәсімдерін жүргізу кешенінің басшысы Сергей Романовпен және Дон зиратының директоры Анатолий Трифоновпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынас орнаттым. Олар да өз қызметтеріне адал екендіктерін дәлелдей алды.

   - Ал сіз Смағул Сәдуақасовтың саяси, шығармашылық мұрасы туралы не айтар едіңіз?

   - Бүгінгі таңға дейін Смағұл Сәдуақасовтың саяси және шығармашылық мұрасын зерттеумен және насихаттаумен жекелеген энтузиаст азаматтар ғана айналысып келді. Олар - ғалымдар, журналистер. Солардың ішінде бүгінгі уақытта марқұм болған Батырхан Дәрімбетті жене Нұрым Сансызбаевты атап өтсем. Өйткені олар өздерінің мүмкіндіктеріне орай көп жұмыс атқарды. Жерлестері өз тарапынан қолдарынан келгенін жасады. Сондай-ақ ерекше алғысқа ғалымдар да лайық. Басқаларын ренжітіп алмай, ғалымдардың ішінен профессорлар М.Қойгелдиевті, Т.Омарбековты және Д.Қамзабекұлын атап өткім келеді. Олар тәулік бойы Смағұл Сәдуақасовты құбылыс ретінде, аңыз ретінде сипаттай алады. Олар Смағұлдың қысқа ғана мемлекеттік және қоғамдық қызметі мен ғұмыры ерлік екенін күндіз-түні айтуға және дәлелдеуге дайын екеніне сенімдімін. Осы іс-шараны өткізуге Дихан бауырым зор еңбек сіңірді. Осындай азаматтар көбірек болса, оссе, қазақ мүддесі арта берер еді.

Смағұл Сәдуақасовтың тұлғалық қасиеттерін, оның саяси және шығармашылық мұрасын зерттеу, оның рөлін бағалау соңғы 20 жылда мемлекеттік органдардың жоспарында болмағаны көп нәрсені аңғартады. Бұл - бізде тиісті мемлекеттік патриоттық идеологияның жоқ екендігінің дәлелі. Бұл саяси, коғамдық және рухани өмірдің отарсыздандырылмағанын білдіреді.

Осыған қарамастан, Смағұл Сәдуақасовтың соңғы бір айдың көлемінде саяси және рухани өмірінің мәңгілік кезеңі басталды. Мен Парламенттің депутаттарына өздерінің отырыстарында білдірген қолдауларына алғыс айтқым келеді. Мысалы белгілі депутат Зейнолла Алшымбаев: "Неге халқымыздың ұлы ұлдары мен қыздары туралы ел үшін, халық үшін жанын, өмірін қиғанын жасқанбай айтпаймыз? Америкада қайтыс болған әрбір жас сарбазды еліне арнайы ұшақпен алып келіп, оны бүкіл ел болып батыр ретінде қарсы алады", - деп ашынып сөйледі. Әрине Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі-рухы, туған жеріне қайтып келгеннен кейін оның екінші өмірі берік негізге ие болады.

Жас мөлшері, білімі мен таланты жағынан Смағұл Сәдуақасовты ұлтымыз-дың тағы бір ғұламасы Шоқан Уәлихановпен жиі салыстырады. Бірақ Смағұл Сәдуақасовтың басты ерекшелігі - бұл оның саяси шешімдері мен саяси бағадан қателеспегендігі. Оның жүз жылға жуық уақыт бұрын жасаған түйіндері, сол уақытта объективті және дұрыс болса, бүгін де олар өзекті болып табылады. Ол саясатта да адасқан жоқ. Республика басшыларының бірі және жоғары мемлекеттік лауазымдарда бола отырын, ол жайбарақат өмірдің қызығына салынған жоқ, пендешілікке барған жоқ. Мұның, әсіресе  жас жігітке оңай емес екенін бүгінгі біздің қауым жақсы түсінеді деп ойлаймын.

Ол Қазақстанға большевиктердің саясатын терең және жан-жақты талдай келе, Қазақстанды дамытудың өзіндік Тұжырымдамасы мен Бағдарламасын әзірлеп, ұсынды. Казрайком Бюросының мүшесі бола отырып, ол Голощекин бастаған Қазақстан басшылығының саяси курсының ("Кіші Қазан" идеясының) қасіретке алып келетінін біріншілердің бірі болып көре білді, дұрыс бағалай білді. Ал, бұл курс Сталиннің өзімен бекітілген болатын. Ол заманда большевиктердің саяси басшылығына, әсіресе Қазақстанда жүйелі түрде қарсы шығу - бұл құбылыс болатын, бұл ерлік болатын! Смағұл Сәдуақасовтың ұлылығы мен ерекшелігі осында.

Соңғы айтайын дегенім. Біздер мен сіздерді саяси және адамгершілік сын сағаты күтіп тұр. Біз Смағұл Сәдуақасовтың мәйітін Қазақстанға алып келдік. Енді туған жерінде салтанатты түрде, биік дережеде жерлей аламыз ба?! Бұл бізге ғана сын емес, бұл - біздің мемлекетіміз үшін сын сәті, нақты айтсақ, біздің мемлекеттік идеологиямызға сын.

Біздің талабымызға байланысты тиісті ресми процедураларды жылдамдатып, қысқа уакыт ішінде өз шешімін шығарып берген мәскеуліктерге үлкен алғысымды айтамын.

Ендігі барлық саяси, моралды жауапкершілік біздің еліміздің билік органдарына, зиялы қауым мен БАҚ өкілдеріне жүктеледі.

Г.Бектасова

Дереккөз Халықаралық саяси апталық «Түркістан» газеті 27.01.2011 ж. №4

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: